Сізді таңқалдыратын әлемдегі керемет жолдар.
Күнделікті сапарларымыздың ұзақ уақытын шексіз кептелістерде өткіземіз. Біз жүретін жолдар автокөлік жарнамаларында көрсетілетін жолдарға мүлде ұқсамайды. Бірақ мұндай жолдар бар. Сізді таңқалдыратын ерекше жолдардың тізімін ұсынамыз.
1.Ұлы мұхит жолы, Австралия.
243 шақырымдық бұл жолда бәрі бар: керемет пейзаж, жолдың кең бөліктері және сіз, тіпті, кенгуруды да көре аласыз.
2.Аляска трассасы, Канада - Аляска.
Егер сізді бұралаң тау жолдары мен тау аюлары жайлы ой ерекше сезімге бөлесі, бұл жолдар дәл сізге арналған!
3.Романтикалық жол, Германия.
Осы жолдармен жүріп, сіз ертегіге енген сияқты күй кешесіз. Бұл ерекше әдемі жолдар сізді ортағасырлық қалалар мен гүлді шалғындар арқылы алып өтеді.
4.Атлантикалық жол, Норегия.
Сіз осы жолмен саяхаттаған кезде жолда кездесетін Сторсесандет көпірі туралы естіген шығарсыз?
5.North Coast 500, Шотландия.
Бұл жол - керемет құлыптар, жартасты жағажайлар мен атмосфералық қирандылар бар шотландтық өмірдің ғажайып бөлігі.
6.Айналмалы жол, Исландия.
Бұл - Исландия арқылы басқа әлемнің пейзаждарын тамашалауға мүмкіндік беретін, керемет әсер сыйлайтын ұмытылмас саяхат болады. Жанартаулар, фьордтар және геотермальды бұлақтарды сіз өз қалаңыздан көре алмайсыз.
7.Гросглоккнер биік таулы жолдары.
Бұл жүйке жүйесі нашар адамдарға арналмаған жол, өйткені жол теңіз деңгейінен 2 504 метр биіктікте өтеді. Жолдың ең жоғарғы жағында сіз көгілдір және ашық аспанда ұшып жүрген бүркіттерді көре аласыз аласыз.
8.Trans-Andean Highway, Чили – Аргентина.
Екі керемет мемлекет 363 км жолмен байланысқан.
9.Blue Ridge Parkway, Вирджиния - Солтүстік Каролина.
Осы жолдар көлікпен жүре бергенді жақсы көретін жандар үшін үлкен көз қуаныш. Бұл бағытта STOP белгілері немесе бағдаршамдар мүлде жоқ. Тауларға жайылған көк тұманға тамсанып, жүре берсеңіз болады.