Әлемдегі керемет сәулет өнерлерін көріу үшін осы мақалаға кіріңіз.
Әлемдегі кез-келген қала ерекше қызығушылық тудыратын сәулет өнерінің туындыларымен мақтана алады және келушілер арасында естен кетпес ерекше сезімдер тудыруы мүмкін. Оларды сәулетшінің қайталанбас идеясы, уақыттың әсері немесе тіпті, құрылысшының қателігі танымал ете алады, мұндай үйлер ұзақ уақыт есте сақталады, ашық хаттарда таратылады, Интернеттегі ондаған және жүздеген бейнелерде көрініс табады. Ал олардың кейбіреулері бүкіл әлемге танымал болады және жаңадан шыққан сәулетшілерге жаңашыл ойлау мен шығармашылық данышпанның мысалдары ретінде көрінеді. Әлемдегі ең танымал он ғимаратпен танысыңыз!
1.Сиэтл орталық қоғамдық кітапханасы
Сиэттлдегі кітапхана 1891 жылы пайда болды, алайда, кітап қорының кеңеюіне және қаражаттың жетіспеуіне байланысты үнемі бір ғимараттан екінші ғимаратқа көшуге тура келді. Ақыры, ол 2004 жылы ғана осы керемет футуристік ғимарат ашылған кезде, жаңа қоныс тапты. Сыртқы көрінісі өте қорқынышты көрінгеніне қарамастан, кітапхана іші жарық пен жайлылыққа толы. Ғимаратқа өте көп кітап қоры кіргізілді.
2.Испан кітапханасы
Үш ғимарат пен саябақтан тұратын бұл кешен Колумбияда орналасқан. Испан кітапханасы деп аталады, себебі, оның құрылысын Испания үкіметі қаржыландырды, ал король Хуан Карлос I және оның әйелі ашылуына қатысты. Кешеннің монументалды қара түсі жанартау жартастары мен ежелгі құпиялар жайлы ой тудырады.
3.Бразилиядағы қазіргі өнер мұражайы
Өткен ғасырдың мықты сәулетшілерінің бірі Оскар Ниемейердің туындысы,мұражай ғимараты ұшатын табақ пен вазаның формаларына ұқсайды. Жыл сайын мұнда көптеген туристер келеді, бірақ, көбісі ішке кірмейді, ерекше ғимарат алдындағы фотосессиямен ғана шектеледі.
4.Marqués de Riscal қонақ үйі
Элсиего ауылындағы испан шөлінде орналасқан бұл фантазмагорлық ғимарат басқа дәуірден біздің заманға келгендей көрінеді! Құрылымның формалары мен ол боялған түстер гаммасы қонаққа шарапты еске түсіреді, және бекер емес - Эльчиего бүгінде шарап туризмінің ең ірі орталықтарының бірі болып табылады! Бұл сусынға арналған жидектер мұнда ғасырдан астам уақыт бойы өсірілген.
5.Hang Nga қонақ үйі
Бұл қонақ үйге бір қарағанда, ол өзі осындай болып жер астынан өскен, ал адамдар оны қонақтар қабылдауға аздап қана бейімдеген сияқты әсер туғызады. Ал шындығында, ғимарат толығымен вьетнамдық сәулетші Данг Вьет Нганың қолынан шыққан. Жергілікті тұрғындар бұл ғимараттты аса ұната бермейді, сондықтан қонақ үй тұрғындарының басым көпшілігі туристер болып табылады. Қонақ үй туристер арасында танымалдылыққа ие және олардан екінші, бейресми атау алды: Crazy House.
6.Нидерланды текше үйлері
Бұл қалыпты өмірге жарамсыз болып көрінетін ғимараттарды Нидерландыдағы Хельмонд және Роттердам қалаларынан көруге болады. Сәулетші Питер Бломның бұл ерекше жобасы қала ортасында орналасқан «тас орман» сиқты. Жоғарыдан қарағанда, бұл тұрғын үйлер өмір сүруге өте қолайлы.
7.Қисық үй
Бірде бір тік бұрышы жоқ бұл ерекше құрылыс нысаны Польшадағы Сопот қаласында орналасқан. Әлемдегі ең ерекше ғимараттардың тізімінде бірінші жыл қатарынан көш басында болды. Бұл құрылысты салған сәулетшілердің негізгі міндеті - мүмкіндігінше көп келушілерді тарту керек еді. Бұл міндетті олар жүз пайызға жүзеге асырды!
8.Немістің теріс үйі
Қазір мұндай ғимараттар сәнге айналуда және танымалдылыққа ие, өйткені, ешкім кенеттен төңкерілген әлемге апаратын қысқа сапардан бас тартпайды. Алайда, Германияның Трассенхайде қаласында орналасқан бұл үй, сәулет өнерінің ең радикалды үлгісі болып табылады. Оны жасаушылар өздерінің алдына ешқандай маңызды мақсат қоймағанын айтады. Бұл "аттракцион", әрине, сізге ұмытылмас әсер сыйлайды, бірақ, бұл жерге аш қарынға барған дұрыс, өйткені, үйді салған жұмысшылардың өздері, әр үш сағат сайын үнемі жүрек айнуынан ауысып жұмыс істеген.
9.Бұрылған үй
Бір қарағанда сүйкімді болып көрінетін бұл ғимарат АҚШ-тың Индианаполис қаласының өнер орталығында орналасқан. Үй, әрине, өмірге арналмаған, бірақ, сәндік ғимарат болса да, бәрібір таңқаларлық әсер қалыптастырады! Балқарағай бұл ғимараттың құрылысы үшін негізгі материал болды және бұл үйдің тасы мен шегесіне дейін сізге ертегі әлемін еске салады.
10.Туннель үй
Бізге қарапайым және таныс дүниелер де сиқырлы нәрсеге айналуы мүмкін екендігінің айқын дәлелі. Қарапайым ғимараттың негізінде жасалған бұл үй әсерлі сәулет өнерінің туындысына айналды. Пойызға арналған туннель? Қара тесік? Дауыл жүрегі? Бұл құрылыстан әркім өзіне жақын бір нәрсені көреді. Міне, адам қиялының күші, қарапайым үйден ерекше құрылыс жасап шығарды. Бірақ, өкінішке орай, қазір ол жойылған.
Осыған қарап, шыныдан, бетоннан, тастан, болаттан және ағаштан керемет өнер туындыларын жасауға болатынын түсінесін, тек сәулетшінің қиялы болса болғаны. Осы топтаманы достарыңызбен бөлісіңіз, оларға шығармашылық ойдың ұшу мүмкіндіктерін сезінуге көмектесіңіз!