Әлемдегі ең қорқынышты 5 мекен

Әлемдегі ең қорқынышты 5 мекен.

Егер күнделікті өмірде сізге ерекше әсерлер жетіспей жүрсе, жер шарының ең қорқынышты жерлеріне саяхатқа барыңыз.Олардың әрқайсысы ежелгі аңыздармен және танымал нанымдар-сенімдермен байланысты, сол жайлы ойлардың өзі сізді қорқынышты сезінуге мәжбүр етеді. 

1.Мексикадағы жұмбақ қуыршақтар аралы.

Мексикадағы жұмбақ қуыршақтар аралы.

Саяхатшы Латын Америкасынан уақытты қызықты өткізуге арналған көптеген жерлерді таба алады, бірақ, олардың арасында барлық қызық оқиғаны іздеушілерді өзіне тартатын бір мекен бар. Бұл - иесіз қалған қуыршақтар аралы. Жергілікті тұрғындар жұмбақ мекен туралы қорқынышты оқиғаларды айтады, бірақ, ол жерде ұзақ уақыт болуды ұнатпайды.

Мексикадағы жұмбақ қуыршақтар аралы.

Осы аралға жақын жерде тұратын ақсақалдардың айтуына қарағанда, қуыршақтар аралда Джулиан Баррер деген кезбенің арқасында пайда болған. Ол қуыршақтарды қоқыс жәшіктерінен жинап, содан кейін осында әкеліп, бұталар мен ағаштарға іліп қояды екен. Әр қуыршақтың қандай-да бір кемшіліктері бар және олар адам бойын бір қорқынышты сезімге бөлейді. Аралда шамамен 1000 қорқынышты қуыршақтар бар.

2.Португалиядағы сүйектер шіркеуі

 Португалиядағы сүйектер шіркеуі

Кішкентай Евора қаласы қабырғалары адам сүйектерінен жасалынған кішкентай шіркеуі арқылы бүкіл әлемге әйгілі болды. Бұл бүкіл Португалиядағы ең таңғаларлық және ең қорқынышты жер.

Португалиядағы сүйектер шіркеуі

Сүйектер әртүрлі замандарда осы шіркеуде өмір сүрген монахтарға тиесілі. Шіркеудің төбесінде келесідей жазба сақталған : «Өлген күн туған күннен жақсы».

3.Жапониядағы суицид орманы.

Жапониядағы суицид орманы

Адамдар өз өмірлерімен қоштасатын ең танымал жерлердің бірі. Жергілікті тұрғындар осы мұңды орманды қорқынышты елестер мен жындар мекендейді деп санайды. Олар адамның жан дүниесіне еніп, өзін-өзі өлтіруге мәжбүр етеді.

Жапониядағы суицид орманы

Бұл орманда адам миына әсер ететін ерекше аймақ бар деп есептеледі. Сиқырланған орманның кіреберісінде белгі бар. Ондағы жазуда: «Сіздің өміріңіз - ата-анаңыздың сізге берген баға жетпес сыйы. Отбасыңыз жайлы ойлаңыз» деп жазылса, ал төменде сенім телефонының нөмірі жазылған.

4.АҚШ-тағы Сейнтрейлия қаласы.

АҚШ-тағы Сейнтрейлия қаласы

Шамамен жарты ғасыр бұрын, халқы 1000-нан асатын қалада жер астындағы өрт басталды (ол жергілікті шахтада әрі де жанып жатыр). Адамдар заттарын жинап, бұл сәтсіз жерлерді тастап кетті. Жалпы халықтың тек 1% -ы туған жерлерінде қалды. «Silent Hill» фильмі дәл осы жерде түсірілген.

АҚШ-тағы Сейнтрейлия қаласы

8 сурет Көптеген туристер осында келуге және қараусыз қалған көшелерді көруге құлшыныс танытады, әр бұрышын аралап көріп, қорқынышты және белгісіз нәрсені кездестіруді армандайды.

5.Италиядағы оба аралы.

Италиядағы оба аралы

Әдемі Повелла аралы Италияның солтүстігінде орналасқан және бір қарағанда ешқандай жағымсыз әсер қалдырмайды. Алайда, бірінші пікір сізді адастыруы мүмкін.

Оба дерті өршіп тұрған кезде, науқастар аралға жер аударылып, осында өлуге қалдырылған. Тарихшылардың есептеуі бойынша 200 мыңға жуық адам өз өлімін жер шарындағы «жұмақ мекенінен» тапты. Бұл жердің қорқынышты энергиясы фашистертер психиатриялық ауруханада емделушілерге адам ақыла қонбайтын эксперименттер жасай бастаған кезде одан сайын күшейе түсті.

Италиядағы оба аралы

Түркия табиғатының кереметтері >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace