Иесі үлкен тауарды алып кетпеген. 10 жыл өткен соң қойма қызметкерлері қорапты ашу керек деп шешті...
Бүгін біз ұмытылған, иелеріне өкінішке орай жете алмаған сәлем-сауқаттар тақырыбын талқылаймыз. Бірақ бұл оқиға ерекше, себебі бұл жерде сөз жай қаламсап немесе дәптер жайында емес. Біздің ұмытшақ мотоцикл жайында ұмытып кеткен. Бұл мотоциклді сонымен кім алғанын білгіңіз келеді ме?
10 жыл иесін күтті
Біздін оқиға төлем онлайн жасалғанына қарамастан, иесі алып кетпеген ірі экспресс-жолдама жайлы. Бір қызығы, мұндай тапсырыстарды негізінде үйге дейін жеткізеді.
Қалайша ол жылжымайтын мүлік басқару кеңсесінің қоймасында уақытша сақталуға қалды? Ешкім ол мотоциклге келген жоқ, ешкім оны іздеген емес. Не дегенмен, қызметкерлер адал ниетті адамдар болып шықты, қорап бақандай 10 жыл бойы ашылмай тұрды.
Қораптың ішінде не бар?
Фотода көріп тұрғаныңыздай, қораптың ішінде жап-жаңа Ducati мотоциклі бар. Осы 10 жыл сақтау мерзімінде оның орауы бір рет те ашылмаған. 10 жыл ішінде ешкім жылжымайтын мүлік басқару кеңсесіне өз тапсырысын іздеп келмегендіктен, жергілікті сот бұл Ducati мотоциклінің иесін іздеуге өтініш берді.
10 жыл бойы ашылмаған ағаш қораптың сыртында көгеріп кеткен аймақтар іздері бар, ал Ducati шиналары қызыл матаның астынан көрініп тұр.
Басқару персоналы қорапты ашқан кезде жұртшылық таңғалды. 10 жыл бойы «ұйқыда» болған Ducati мотоциклі қайтадан жарық көрді. Оттай қызыл түс, әдемі формалар – кешегі күннің классикасы.
Ал енді мұқият қарастырайық: прибор панелі рульдік тұтқалар бұзылмаған. Мотоцикл корпусында тот басып кеткен жерлер мүлдем табылмаған.
Бұл Ducati мотоциклі 10 жыл бұрын 996R моделіне жатқызылған. Сонымен қатар, қызықтыратын бір факт бар: соңында, сот 10 жыл бойы ешкімге қажет болмаған, 200 000 доллардан артық тұратын Ducati мотоциклін осы кеңседе ұзақ жылдар бойы жұмыс жасаған әйелге меншіктеді. Бұл сот шешімінің себебі, осы 10 жылдың ішінде ол әйел мотоциклді сақтау мен басқару құқығын іске асырды.