Еуропадағы ең «мықты» Деттифосс сарқырамасы

Исландиядағы әлемге әйгілі Деттифосс сарқырамасы Йёкульсау-ау-Фьёдлум өзенінде орналасқан. Сарқыраманың өзі шетелдік туристер арасында танымал Йёкульсаурглювур саябағының аумағында орналасқан.

Бұл «табиғи құбыжық» әдемі Селфосс сарқырамасынан 1 км төмен және Хафрагильфосс сарқырамасынан 2 км биіктікте орналасқан. Деттифосстың ені шамамен - 100 метр, оның биіктігі - 44 м (Ниагарадан небары 9 м төмен).


Сарқыраманың әсемдігі соншалық, ол кино туындыларда бірнеше рет табиғаттың жаратылысқа дейінгі туындысы ретінде көрсетілді. Ең соңғы рет «Прометей» ғылыми-фантастикалық фильмінің түсірілімдері өтті. Деттифосс сарқырамасының адамға қандай керемет сезім сыйлайтынын айтып жеткізу мүмкін емес. Сіз керемет сиқырлы судың әсемдігі мен құдыретіне сүйсініп тұрған кішкентай құмырсқа сияқтысыз. Әлемдегі барлық адам өз көзімен көруге тұрарлық жер.

Жер шарындағы қорқынышты мекендер >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace