Балаларды тәрбиелеу кезінде жасауға болмайтын қателіктер

Балаңызды тәрбиелеу кезінде келесі қателіктерді жіберіп алмауға тырысыңыз!

Бала тәрбиесіне байланысты бір психолог былай деген:

Қез келген жағдайда балаңызға қолыңызды созыңыз, ол сіздің махаббатыңызды сезінсін! Біраз уақыт өткен соң, ол сізге мүлде қолын беруді қояды!

Біз балаларымыз үшін жасаған кез келген нарсе өзімізге екі есе болып оралады.

Егер бала сенімнің ортасында өссе, ол басқаларға да сенуді үйренеді, егер баланы жақсы көріп, үнемі қолдау көрсетсе, ол өзі мұқият, әрі қамқор болып өседі.

Бірақ үлкендер ашуланшақтықтың немесе немқұрайлықтың әсерінен кішкентай баланың жан дүниесінде не болатынын ойламай, қателіктер жібереді...


Біз балаларымызды келесідей сөздер айтып қатты ренжітеміз (Мысал түрінде берілген):

Түсінбейміз!

Мен 13 жасымда ғашық болдым. Ол бала өте жақсы оқитын - өзіне сенімді және аздап қалжынбас еді. Ол менің арманымдағы адам сияқты көрінді. Алайда, менің идеалым маған мүлде мән бермеді, сол үшін мен көп жылайтынмын. Анам мені жұбатуға тырысып: «Бұның не! Бұл сезім - өтпелі. Бір жылдан кейін барлығы ұмытыладыі!" -дейтін. Мен бұл сезімнің аяқталғанын қаламадым. 

Содан кейін мен дәл осы жағдайды «Сіз ешқашан армандаған жоқсыз» фильмінде көрдім:

- Апа, мен Катяны жақсы көремін!

- Ой, күлкімді келірмеші. Сенде осындай миллион Катя болады! ..

- Неліктен, сіздер, ата-аналар, біз үшін бәрін алдын-ала шешіп қоясыздар?


Қолдау көрсетпейміз

Кішкентай Карузо мектептен көзі жасқа толып жүгіріп келді: «Апа! «Ән сабағынан беретін мұғалім менің дауысым - құбырдан шығатын жел дауысы сияқты!» деді. "Бұның не, ұлым! Ешкімді тыңдама. Сен әлемдегі ең керемет бұлбұлдай ән саласың. Мен мұны өте жақсы білемін және саған сенемін!».  Бұл дана әйел болмаса, әлем ешқашан керемет тенор дауысты ести алмас еді. Үнемі балаларыңызға «Сенің қолыңнан келеді! Сен жеңіске жете аласың!» деген сөздерді айтыңыз,  бұл балаларға үлкен сенімділік сыйлайды.


Басқа балалармен салыстырамыз

«Қарашы, Анель қандай таза және ұқыпты қыз. Сен содан үлгі ал! ” Таныс сөздер ме? Мен бір нәрсені түсіне алмаймын: аналар осы сөздерді айту арқылы не нәрсеге қол жеткізгісі келеді? Бұл сөздер Анельға деген жеккөрушілік сезімінен басқа эмоцияларды оятпайды...

Басқа балалармен салыстырамыз


Мазақ қыламыз

Кішкентай сіңілім екеуміз дүкенге бардық. Сіңілім 3 жаста болатын, беті жасыл дақтармен боялған: желшешекпен ауырып жүрді. Не істерлерін білмей отырған сатушы әйелдер біз жаққа  бұрылып: «Ой, бізге қандай сұлу қыз келген!  Қарасаң көз тоймайды!". Сол кезде менің санамда бір ғана сұрақ тұрды: "Жақын қай жерде қару бар екен?".


Сөздерімізбен, іс-әрекетімізбен ренжітеміз

8-сыныпта мен өзімді толығымен ересек және тәуелсіз қыз деп санайтынмын. Бірде біз әкеммен геометриядан үй тапсырмасын орындап отырдық, ал менің шаршағаным сонша, миым ақпаратты қабылдаудан бас тартты. Сосын, әкем мені шапалақпен ұрып жіберді! Әкемнің шапалағы мүлдем ауырған жоқ, бірақ, жаныма қатты батты, әкеме ренжідім. Мен онымен ұзақ сөйлеспедім. Мен не үшін  қатты ренжігенімді әкем түсінбеді...

Сөздерімізбен, іс-әрекетімізбен ренжітеміз


Айқайлап,қатты ашуланамыз

Есімде, ауруханада жатқанда менің көршім баласының жылағанынан шаршап, оны ұстап алып, сілкілеп, аййқайлай бастады: «Саған тағы не керек?». Мен не болып жатқанын түсінбеген нәрестенің қорқыныш толы үлкен көздерін ешқашан ұмытпаймын. Анасы кейін өз ісінен ұялған сияқты...


Көзге ілмейміз

Сеніңіз, бұл ең дұрыс емес іс-әрекет. Жапон ғалымы бүкіл әлемге өсімдіктермен жасаған тәжірибесін көрсетті. Үш құтыға  үш бірдей тұқым отырғызылды. Күн сайын таңертең бірінші құтының жанынан өткенде, ғалым өскінмен амандасып, оған жылы сөздер айтатын. Екіншісінің жанынан өткенде, айқайлап, өсімдікке жағымсыз сөздер айтатын. Ал үшінші бұтақты жай ғана елемеді: қарамай жанынан өтіп кететін.

Көзге ілмейміз

Бір айдан кейін өскіндермен не болғанын болжау қиын емес. Бірінші құтыдағы бұта жайқалып өсіп, бүкіл бөлмеген әсемдік сыйлады. Екіншісі толығымен солып қалды. Ал үшінші - шіріп кетті. Балалар да жасыл өскіндерге ұқсайды: ата-аналар да өз еңбектеріне сай нәтижеге ие болады!

Енді монитордан көзіңізді алып, балаңызды елестетіңіз. Міне, ол өзінің кішкентай жұмсақ жұдырықтарын қысып, тісі шыға қоймаған қалпы сізге езу тарта жымияды. Жауап ретінде, сіздің кеудеңізде үлкен және нәзік нәрсе пайда болады. Бұл бала сізді сөзсіз жақсы көреді: кез-келген көңіл-күйде, кез-келген сыйлықпен, сіз оның анасы немесе әкесі болғандықтан! Бұл күлкі үшін сіз әлемдегі барлық нәрсені бересіз! Мұны мүмкіндігінше жиі есте сақтаңыз және балаларыңызды жақсы көріңіз!

Балаларды тәрбиелеу кезінде жасауға болмайтын қателіктер

Балалар ойлап тапқан керемет өнертабыстар >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес