Адамның кесірінен азайған жануарлар.
Болашақта арыстандарды, пілдерді, бегемоттарды тек зоопарке пен диснейлік мультфильмдерден ғана көре алатын боламыз. Бұл тұжырымды Living Planet Бүкіләлемдік жабайы табиғат фонды өзінің баяндамасында жариялады, ол жерде жабайы жануарлар популяциясы 1970 жылдан бері 52%-ке төмендеді.
Баяндаманы Global Footprint Network фонды және Лондон зоологиялық қауымы көмектерімен, 3038 жануарлар, құстар мен балықтардың 1970-2010 жылдар аралығындағы сандарын негізге ала отырып жасаған.
Айтарлықтай, адам саны осы уақытта екі есе артқан (3,7 миллиардтан 7 миллиардқа дейін). Жабайы жануарлар популяциясы тропикалық және орташа жазықтарда қысқарады, бірақ ең үлкен азаю – 63% 1970 жылмен салыстырғанда – тропиктарда байқалынған. Жануарлардың ең үлкен аймақтық азаюы Орталық пен Оңтүстік Америкада байқалған: ол 83%-ды құрайды. Цивилизацияның әсерін ең көп сезген жабайы табиғат өкілдерінің топтамасын ұсынамыз.
1. Африкалық арыстан
Гана Моле ұлттық паркінде арыстандардың саны соңғы 40 жылда 90%-ға төмендеді. Себебі, жергілікті тұрғындар мен жануарлар арасындағы дауды шешу үшін адамдар арыстандарды өлтіреді деген тұжырым бар
2. Орман пілі
Орман пілдерінің саны 2002-2011 жылдар аралығында 60%-дан аса төмендіп кетті, негізінен, піл сүйегін аңдыған браконьерлердің кесірінен. Орманды шабудың және адамдардың жерді меншіктеуінің кесірінен қазір бұл пілдер өздерінің тарихи мекенінің 7% территориясында өмір сүреді
3. Бенгальдік жолбарыс
Популяция соңғы жүз жылдың ішінде толығымен жойылуға таяп барады: 1910 жылы жабайы табиғатта жолбарыстар саны шамамен 100 мың бас, ал 2010 – бар болғаны 3200-дей. Бұл тез азаюдың себебі олардың мекендейтін жерлерінің бұзылуы мен браконьерлер
4. Дельфин
Кейбір жерлерде дельфиндер аң аулау нысаны болды, мысалы Қара теңіз бен Перу жағалары. Негізі әлемнің көп аймақтарында дельфиндерді әдейі өлтірмейді, олар жиі балық аулау торларына немесе кемелердің винттарына түседі. 1960-шы жылдары олардың Жерорта теңізіндегі популяциясы кенеттен төмендей бастады, оның себебі қазіргі күнге дейін белгісіз болып келеді. Ал Ион теңізінде дельфиндер саны 1996-2007 жылдарда 150-ден 15-ке дейін азайды
5. Қара мен ақ носорогтар
Қара мен ақ носорогтар популяциясы орташа есеппен айтқанда 1980-2006 жылдар аралығында 63%-ға төмендеді. Бұл жануарларға ең үлкен қауіп төндіретін – олардың мүйіздеріне деген сұраныс. Браконьерлік көбінесе Оңтүстік Африкада тараған. Мүйізі үшін өлтірілген жануардың саны 2007 жылғы 13-тен 2013 жылы 1000-нан астамға дейін артты
6. Терісті тасбақа
Ең үлкен қазіргі теңіз тасбақалары Атлант және Тынық мұхиттарында қарқынды түрде азайып жатыр. Мысалы, Коста-Рикадағы Лас-Баулас Ұлттық теңіздік саябағында олардың саны 1989 және 2002 жылдар аралығында 95%-ға азайды. Негізінде бұл тасбақалардың балық аулау барысында ұсталынған кезінде өлуіне байланысты
7. Итбалық
Вирус пен табиғи эпидемиядан бөлек, итбалықтар сонымен қатар фермерлер мен балықшылардың қолынан қаза табады. Және де оларды өлтіру Мори-Ферт пен Солтүстік теңізде орын алған
8. Гиппопотам
2006 жылғы деректерге қарасақ, бұл жануарлардың Африкадағы саны 125-150 мыңдай болды. Оларға аңшылық ең басты қауіп болып табылады. Мысалы, Конгодағы Вирунг ұлттық саябағында соның кесірінен бегемоттардың саны 1970 жылдағы 29 000-нан 2003 жылы 1515-ке дейін азайды
9. Жазық сұр жыланы
Соңғы онжылдықта Европада 11 жыланның популяциясы кенеттен қысқарды, ал олардың ішінен 8-і 1990-2009 жылдарда 50%-дан да төмендеді. Нақты себебі белгісіз, бірақ, олардың табиғи орталарының бұзылуы мен аңшылықтың кесерінен болуы да ғажап емес
10. Кезбе альбатрос
Кезбе альбатростардың тез азаюы олардың балық аулау торларлына түсуіне байланысты. Осылай, Атлант мұхитының оңтүстігінде орналасқан Берд аралындағы популяция 1972-ден 2010-ға дейін 50%-ға азайды