- Ата, осы сіз ғой феодализм кезінде де, енді, міне, капитализм де өмір сүріп келесіз. Шыныңды айтыңызшы, қай заманда өмір сүрген жақсы екен?

- Е, несін айтасың балам, бай болсаң - феодализмде, кедей болсаң - социализмде, ұры болсаң - капитализмде өмір сүрген жақсы депті атасы.

 

  Дәрігер науқасқа:

— Сіздің құрттаған тістеріңізді емдеу үшін, мына алтын тісіңізді жұлу керек.

— Неге?

— Енді, емнің ақшасын кім төлейді?

 

Бір кісі дәріханаға келіп былай деп сұрайды:

- Сізде Ацетилсалицил қышқылы бар ма?

- Аспирин ба? Иә, бар.

- Иә, иә, аспирин беріңізші. Атын ұмытып қала берем.

 

Бір күні мұғалім сыныптағы оқушыларына жақсы адам болу, адамдарға жақсылық жасау туралы айтып, тәрбие сағатын өткізеді. Ертеңіне бір оқушысы қолын көтеріп:

- Апай, мен кеше көзі көрмейтін кісіні жолдан өткізіп жібердім,- дейді. Мұғалім:

- Бәрекелді, жарайсың Мақсат!- деп мақтайды. Оның артынша тағы бір оқушысы қолын көтереді де:

- Апай мен кеше Мақсатқа әлгі соқыр кісіні жолдан өткізуге көмектестім, -дейді. Апай:

- Неге, Мақсат өзі өткізе алмас па еді?

- Жоқ, ол кісі жолдан өткісі келмеді, біз оны мәжбүрлеп өткіздік,- деген екен.

 

Аулада ойнап жүрген балалар бір-біріне әкелерінің өте жылдам екенін айтып мақтанып отырады. Біреуі: «Менің әкем садақ атса, нысанаға ұшқан жебеден бұрын жетіп барады» дейді. Екінші бала: «Сол да сөз боп па? Менің әкем тапанша атып, оқтан бұрын нысанаға жете алады» дейді. Сонда үшіншісі: «Ал менің әкем жұмыс уақыты 5-те біткенімен сағат 3-те үйде отырады»,- деген екен.

 

Жұмысшы бастығына келіп: «Шұғыл түрде менің жалақымды көтеріңіз. Әйтпесе менің соңымнан қалмай жүрген фирмалар бар, мені таппай қалуыңыз мүмкін» дейді. Бастығы «Ол қандай фирмалар?» - деп сұрағанда, жұмысшы қалтасынан пәтер шығындарының квитанциясын шығарып: «Электр энергиясы фирмасы, газ фирмасы, су фирмасы, қоқыс шығару фирмасы т.б.» деген екен.

 

Үш науқас

Бір күні ауруханаға жұмыс сапасын, адамдардың ауруынан айығуының қандай деңгейде екенін көру үшін арнайы тексеру үшін мамандар жіберіледі.Тексеріс кезінде науқастарға жауапты адам жол көрсетіп, бір бөлмеге кіреді. Бұл бөлмеде үш псих отырады.

-Міне, біздің ауруынан айығып келе жатқан науқастарымыз.

-Ал,енді бұны,қарап көрейік,қазір...- деп, отырған үш адамға бұрылады.Үшеуі де жан-жағына жалтақтап қарай береді. Біріншісіне сұрақ қойғалы жатып, сұрағын іштей ойланып: «Көбейтуден қойсам ба екен? Жо-жоқ, ең оңайы қосудан сұрақ қойып көрейін»,- деп:

-Екіге екіні қосқанда неше болады? - дейді. Сонда бірінші науқас:

-Он мың болады - дейді тістерін ақсита көрсетіп. Тексеруші:

-Аа, солай ма, әйтеуір, цифр айттың ғой. Ал енді сені көрейік. Екіге екіні қосқанда неше болады? - деп сұрағын қайталайды.

-Ол да сөз боп па, қазір, ы-ы-ы-ы...О,таптым!- «Сәрсенбі» шығады деп жауап береді.

-Иә, сіздерің емдеуде қандай дәрежеде екені және науқастардың халі де нашар екені көрініп тұр, оны айтпаса да белгілі! - деп сөзін қадап-қадап айтты. Жауапты адам:

-Енді, қолымыздан келгенше барлық амалын жасап жатырмыз.

-Жарайды, енді үшінші науқасымызды көрейік - деп оған да сұрағын қайталайды.

-Төрт шығады!- деп, бірден жауап береді. Бәрі таңырқай қарап, одан үміт күткендей, ауруынан айығып келе жатқанына көзі жеткендей қуанып кетеді.

-Оны сен қалай таптың?- дей бергенде, науқас теңселіп отырып:

-Енді дұрыс емес пе? Он мыңға сәрсенбі қосқанда төрт шықпай ма? - депті тексерушінің бетіне жымия қарап!

 

Автобусқа отырған бір оқушы кондуктордан екі билет сатып алады. Кондуктор одан: «Балақай неге екі билет алдың?» деп сұрайды. Оқушы: «Біреуін жоғалтып алсам, екіншісін көрсетемін» - деп жауап береді. Кондуктор: «Ал екіншісін жоғалтып алсаң ше?» дегенінде бала: «Онда менде "проездной" бар» деп қалтасынан бір айға арналған жол жүру билетін көрсеткен екен.

 

Астанадан Алматыға қатынайтын ұшақта бір кісі жанында отырған әйелге көп білетіндігін паш ете отырады. Көп білетіндігін көрсетем деп, мақтанудың ырқына кіріп кеткендігі соншалық, бірде жанындағы әйелге ойын ойнауды ұсынады. «Сізге сұрақ қоямын, жауабын таппасаңыз маған 500 теңге бересіз, содан кейін сіз сұрақ қоясыз мен жауабын таппасам сізге 5000 теңге беремін» дейді. Әлгі әйел келіседі. «Ай мен жер арасындағы қашықтық қанша км?» дейді. Әйел үндеместен әмиянынан 500 теңге шығарып береді. Енді сұрақ қою кезегі әйелге келеді. «Тауға 3 аяқпен өрмелеп шығып, 4 аяқпен жерге түсетін не?» дейді. Әлгі кісі ары ойланып, бері ойланып, таба алмайды. Әмиянынан 5000 теңге шығарып береді. Әйел ақшаны әмиянына салып жатқанда әлгі кісі «жаңағы сұрақтың жауабы не?» дейді. Әйел тағы да үндеместен әлгі кісіге 500 теңге беріпті.

 

Суық шай

Қожанасыр бір күні шайханаға келіп «суық шай бар ма?» дейді. Шайханашы таңырқап қарап «жоқ» дейді. Қожекең екінші күні тағы келіп «суық шай бар ма?» деп сұрайды. Шайханашы «жоқ әрине, бізде үнемі шай ысып тұрады» дейді. Үшінші күні шайханашы Қожекеңнің келетінін ойлап, оған арнайы шай суытып қояды. Қожекең келіп «суық шай бар ма?» дегенінде, шайханашы «бар, сізге арнайы дайындап қойдым» дейді. Сонда Қожекең «Онда ысытып әкел, шай ішейік» деген екен.

 

Бір ауылда бір шал бәрін мазақтап, бәрімен қалжыңдасады екен. Бір күні сол шалдың Ақтөс деген иті өліп қалады. Ауылдағы жігіттер жиналып:

- Біз де барып қалжыңдайық. Иті өлгеніне көңіл айтып барайық - дейді.

Жігіттер жиналып барса, шал есік алдында отыр екен.

- Ата, итіңіздің арты жақсы болсын! - деп жігіттер шалды құшақтап көңіл айтыпты. Сонда шал:

- Әй, кемпір, шай қой, Ақтөстің достары келді! - депті.

 

Профессор студенттеріне бір рентген кескінін көрсетіп: «Бұл науқас ақсаңдап жүреді. Өйткені кескінде көріп тұрғандарыңдай сол аяғы, оң аяғынан қысқа. Сендер мұндай жағдайда не істер едіңдер?» дейді. Біраз уақыт ешкімнен үн шықпайды. Сосын студенттердің бірі рұқсат сұрап былай дейді: «Шынын айтсам, мұндай жағдайда мен де ақсаңдап жүрер едім».

 

Бұрында бiр ұйғыр бiр жұмыс орнына барып сұраған ғой: "Бұл жерде ұйғырлар жұмыс iстей ма?" деп, бастығы:

- Иә, - дептi.

Сонымен бiрнеше жерге барып дәл осылай сұрапты, бәрi: "Иә, жұмыс iстейдi" дептi. Соңында бiр жұмыс орынына барып сұраған ғой: "Бұл жерде ұйғырлар жұмыс iстей ма?" деп, сөйтсе: "Жоқ!" дептi.

Жiгiт сол жерге жұмысқа тұрыпты.

Бiрiншi күнi жұмыс iстемей отыра берiптi.

Екiншi күнi де жұмыс iстемей отыра бергенде бастығы келiп:

- Сен неге жұмыс iстемейсiң? - десе

- Басында мен сендерден сұрадым "ұйғырлар жұмыс iстей ма?" деп, сендер "жоқ" дедiңдер, - дептi.

 

Таң қаларлық заттар >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace