АҚШ әділет министрлігі:
Пандемияға байланысты үйлеріне жіберілген қамақтағылар, түрмеге қайтпаса да болады
***
Roshen компаниясымен байланысты компаниялар украин антимонопльды қызметінің тыйымдарына
байланысты, сотқа шағымданбақ. Оған себеп Порошенконы қудалау мақсатында деп саналған
10,5 млн АҚШ доллары көлеміндегі айыппұл болатын
***
АҚШ-та COVID-19 қарсы екпе алғандар саны 204 млн адамға жетті
***
Франциядағы науқастардың 20% омикрон штаммы табылып жатыр
***
Германия канцлері Олаф Шольц омикрон толқынының басқаларға қарағанда қауіптірек болатындығын, тіпті
алдыңғы екі доза екпені алғандардың қорғана алмай қалатындығын айтып отыр
***
Израиль омикрон штаммына қарсы 4-ші доза вакцинаны енгізуді бастады
***
Қытайлық онлайн шоппинг ханшайымы Хуан Вей, желідегі аты Вия -ға қарсы Қытай салық органдарының шағымы бар болып шықты.
Қытай мемлекеттік кіріс органының есептеуінше Вия 210 млн АҚШ долларының шамасында салық төлеуден жалтарған
Енді шығынды өтемесе, іс қылмысқа қарсы күрес органдарына өтіп кетпек...
***
Малайзияда селдің жаңа қарқыны күтілуде. Алдыңғы селден құтқару ісінің тиімсіз болғанын премьер-министрі мойындап отыр.
Айта кетерлігі, Малайзияда қатты жаңбырды себебінен 60 000 тарта адам баспанасыз қалған болатын
***
Жапонияда 2019 жылдан бері, алғаш рет өлім жазасы іске асты.
Олардың қатарында 65 жастағы Yasutaka Fujishiro - 2004 жылы 7 кісіні өлтіргені анықталған
54 жастағы Tomoaki Takanezawa және 44 Mitsunori Onogawa ойынханадағы 2 қызметкерді
өлтіргендер
***