Түркістан облысы, Созақ ауданы,

И.Кеңесбаев атындағы жом,

ағылшын тілі пәні мұғалімі

Умирова Жанар Турежановна

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді» деп айтқандай [1], еліміздің білімді де, өнегелі, патриот ұрпағын тәрбиелеу үшін, тамыры тереңге кеткен тәрбие мен білімді мектеп табалдырығын аттағаннан бастап қолға алу қажет.

Ал, бұл өз кезегінде мұғалімдердің алдына қойылған үлкен міндет болып табылады. Себебі, баланың сабақта алған сапалы оқуы қабілетінің дамып, белсенділігінің артуына, алға жылжып, жауапкершілікпен өздігінен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Сондықтан да, Lesson Study үдерісін жүргізе отырып, әрбір сабақтың кезеңдерін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен стратегияларын, тапсырмалар мен ресурстарды, бағалау түрлері мен кері байланыстарды жүйелі түрде бірге жоспарлап, жүзеге асырса, сабақпен қоса білімнің де қалыптасу сапасы арта түседі.

Өйткені, Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл [2, 2-б]. 

Сыныпта оқыту бойынша анықталған ортақ проблемасы бар жас мамандар болсын, тәжірибелі ұстаздар болсын, біріге отырып зерттеу тобын құрып, сабақтарды бірлесе отырып талдап, талқылау арқылы оқу мен оқытуға қатысты іс-әрекеттерді саралау барысында сабақты бірге жоспарлайды.

Жоспарланған сабақты бақылау барысында сабақты жақсарту, әрі оқушыларды оқуға тарту мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Lesson Study-дің тағы бір демократиялық ерекшелігі, мұғалімнің жинақтаған білімімен ауқымды педагог қауыммен бөлісуі болып табылады [3, 58-б].

Бұл үдерісті жүргізу арқылы зерттеу тобының әр мүшесі бірлесе отырып жоспарлауда өзара пікір алмасу арқылы өзіне кері байланыс жасау арқылы жоспарлаудың қыр-сырын танып, кәсіби тұрғыдағы тәжірибесін жетілдіре түседі.

Мен бақылауыма алған 4 сыныптағы Қ. есімді оқушыға қалғандарына қарағанда пәндік білімді қабылдаудағы туындаған қиындықтарын байқап жүрдім.

Осы сыныпқа сабақ беретін мұғалімдермен кәсіби әңгіме-сұхбат жүргізе келе, мектебімізде үзіліссіз жұмыс жүргізіп жатқан Lesson Study зерттеу үдерісінің тренерлерінің бағыттауымен әріптестермен топтасып, зерттеу жұмысын бастадық.

Сабақтарды зерттеуге байланысты оқушы жайлы деректерді, жоспарлауға стратегияларды, оқу мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, кері байланыс пен рефлексия түрлерін, тапсырмаларды жинақтадық.

Әріптестермен бірге талдап, саралауда оқушылардың белсенділіктерін арттыратындай оқытудың белсенді әдістерін, қабілеттерін, логикалық және сыни ойлауларын дамыту мақсатында саралап оқыту мен диалогтік оқытудың элементтерін, алға жылжуларын анықтауда құрылымдық кері байланысты, бағалау критерийлері бойынша бағалау түрлерін жоспарладық.

С.Қ. 4-ші сынып оқушысы. Негізінен бұл оқушы – С деңгейлі оқушы. Lesson Study бойынша осы оқушыны зерттеп, жан-жақты зерделеп, сабаққа деген білім деңгейін саралап көрдім.

Атап өтетін болсам, Қ. сабақтарына еніп, ынта-жігерін, сабаққа деген қызығушылығын, әр пәнге деген қабілетін зерделеп бақылап көрдім.

Оның мінезі ашық, бірақ дегенмен өз достарының ортасында кей кезде өз ойын толық жеткізе алмайды екен.

 

Қ. есімді оқушы

 

Қ. есімді оқушы орыс тілі сабағында қысылып отырды. Сабақ барысында ауызша тапсырмалармен мұғалім көп жұмыс жасау керек еді, оқушыны жиі мадақтап отыру керек еді. Міне осы мәселелерді шешу мақсатында бірнеше пәнге кіріп бақылап көрдім.

Аталған мәселені шешу үшін мұғалім тапсырманы сабақ барысында оқушыға өмірмен байланыстыра білуді үйретуі қажет.

Қ. есімді оқушы қазақ тілі сабағында тұйықталып қалды, бірақ мұғалім оқушыны жан-жақты топтық жұмыстарға баули отырып, жеке жұмыстар беріп отырды.

Келесі бір кірген орыс тілі сабағында мұғалім Қ. есімді оқушыны жиі мадақтап, белгілі нәтижеге бағыттап жаңа сабақты меңгерте алды.

Осы бақылау бойынша бірнеше қорытынды жасауға болады. Атап айтар болсам, Lesson Study бойынша мен зерттеу нысанына алған оқушымды алға қарай жетелеп өз мақсатына жеткізуді негізгі мақсат етіп қойдым. Оқушының белсенділігін оята білу, сабаққа деген көніл-күйін көтеру, қабілетті болуына жағдай жасау қажеттігін түсіндім.

 

Қ.есімді оқушы орыс тілі пәні кезінде

 

«Lesson Study» тобымен анықтаған мәселелер өз шешімін тапты деп ойлаймын. Өйткені Қ. есімді оқушының бойындағы негізгі проблема, орыс тілі пәнінде орысша айтылған пәндік ақпараттарды қазақшаға аудару арқылы қазақша ойлап, орысша жеткізуінде қиындықтар туындауы барысында уақытты көп жоғалтып, содан сырт көзге «көмек қажет ететін оқушы» болып көрінеді екен.

Әріптестермен бірге анықтаған ортақ мәселе бойынша, сабақтарды бақылау барысында «нысаналы» оқушының оқуын жақсартуға бағытталған оқытудың белсенді әдістері мен формалары, деңгейлеп-саралап оқыту, кері байланыстардың берілуі арқылы дескрипторлар бойынша деңгейлік тапсырмалар орындау, мұғалім тарапынан қолдау көрсету, стратегиялар, топтағы басқа оқушылардың да оқуының жақсарғанын көрсетті.

«Елді түзету ісін – бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деп, қазақтың ақыны, педагог, әрі ағартушы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, болашақтың кілтін ұстайтын білімді ұрпақты тәрбиелеу әрбір мұғалімнің міндеті болып табылады.

Ал, ол істің нәтижелі жүзеге асырылуы үшін, сапалы білімнің белесіне жету мақсатында мұғалімдер өзара бірлесіп, сабақты сапалы түрде жоспарлау арқылы шыңдала түседі деп ойлаймын. Себебі, осы зерттеу сабақтарында «бірлесе көтерген жүгіміздің жеңіл» болатынына көзім жетті.

Яғни, анықталған проблеманың шешімін табуда практикалық сабақтарымызды зерттеу кезеңдерінде бірлесе талдап, талқылау нәтижесіндегі жұмысымыздың жемісті болуының да бірден-бір себебі, ол – Lesson Study зерттеу үдерісі барысында әріптестермен бірігіп отырып, тиімді оқу іс-әрекеттерін жоспарлап, ұйымдастыруда болды.

Болашақта педагогикалық тәжірибемізді жетілдіру мақсатында бұл бірлескен зерттеу жұмысымыз өз жалғасын табады деген ойдамын.

 

 Қолданылған әдебиеттер:

  1. kz/news, Елбасының Жастарға арнап айтқан 1000 сөзі, 06.09.2012 жыл.
  2. Пит Дадли, Lesson Study: Нұсқаулық.
  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық, II (орта) деңгей, бірінші басылым, 2012ж.

 

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес