Жаңа LX 600 алты цилиндрлі болмақ

Lexus LX 600 жол талғамайтын машинасы алты цилиндрлі болмақшы.

Автор: Леонид Попов, ДРАЙВ


Қазіргі уақытта LX моделінің үш буыны бар, және де бұрыннан бері толықтай ауысуға талпынып жүр, себебі көліктің тұсауы 2007 жылдың сәуір айында кесілген болаты, ал сол уақыттан бері үш рет жаңартудан өтті

Келесі Lexus LX жүк талғамайтын көлігінің бензинді нұсқасы 570-тің орнына LX 600 индексін алады. Кез-келген жағдайда, осылай АҚШ пен басқа да елдерге тапсырылған сауда белгісі сілтеме жасайды. Міндетті түрде автомобильдің индексінің өсуіне байланысты көлікке қуат та қосулары тиіс, бірақ та турбо-зарядтар мен приводты компрессоры бар V8-ді күте алмаймыз. Атмосфералы сегіздікті сақтап қалады деп айтпаймыз да.

Ресми емес ақпараттарға сүйенсек, келесі LX, оның жақыны Toyota Land Cruiser секілді тек қана V6 моторларымен шығуы мүмкін. Есесіне бірнеше түрі болады: V6 дизель, V6 турбо-зарядты және бензинді V6 гибридті приводпен. Дизельді V6-мен әлі белгісіз – Тойотада қазіргі кезде ондай мотор жоқ. Ал бензинді нұсқалары жайлы болжамдар сәл түсініктірек. Он сатылы «автоматты» LS 500 седанындағы секілді, 3.4 V35A-FTS (421 а.к., 600 Н.м) твинтурбо-алтылығы базалық агрегат болуы мүмкін.

Жаңа LX 600 алты цилиндрлі болмақ

Қазіргі «эль-икстің» мотор ассортиментінің аймақтар арасында айырмашылықтары бар, және де шығу жылына да қатысты. Барлығы – V8. Олар бензинді 4.7 2UZ-FE (274 а.к., 410 Н.м), 4.6 1UR-FE (317 а.к., 460 Н.м), 5.7 3UR-FE (367 а.к.с 530 Н.м немесе 376 а.к.с 534 Н.м немесе 388 а.к.с 546 Н.м), 3UR-FE компрессормен (456 а.к., 706 Н.м), және де дизель 4.5 1VD-FTV (272 а.с., 650 Н.м)

Бензинді-электрикалық LS 500h мен Crown седандарындағы секілді 359 комбинацияланған күші бар, Multi Stage Hybrid гибридті жүйесі орнатылуы мүмкін. Бірақ та, ол жерде 3.5 8GT-FXS атмосфернигі жұмыс жасайды. Ал басқа да ақпараттарға қарасақ, жапондықтар V35A-FTS-ті негізге ала отырып осыған ұқсас жүйе құрастыруы мүмкін. Жақын арада кейбір деректер белгілі болуы тиіс. «Эль-икс» көрсетілімі Тойота Land Cruiser J300-дікі секілді, ең жақсы сәтте 2020-шы жылдың соңына таман болады, 2021-ші жылы болуы да мүмкін. Иә, мотордың айдан анық даунсайзингіне қарамастан бауырларымыз рамалық конструкцияны сақтап қалмақшы. Егер де бұл біреуді тыныштандырса.

Мақала оригиналы >>>

Әйелдерге арналған көлік >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес