Әлі ресми түрде көрсетілмеген жаңа Mercedes S-класстың фотолары.
Автор: Леонид Попов , ДРАЙВ
Оптикадан марканың соңғы CLS модельдерінің оптикасымен ұқсастық көре аламыз. Бірақ айырмашылықтар ұқсастықтардан қарағанда көбірек
Желіге жаңа буында Mercedes S-классының бірнеше фотолары жарияланды. W223 индексі бар модель 99%-ға көзге көрінді. Бірінші рет машинаның алды-артын да, салонын да көре аламыз. S-класстың интерьері 2019 жылдың VISION EQS концептінің салонымен өте ұқсас болып келеді. Ал ол болса өз кезегінде Mercedes EQS атты үлкен электрикалық лифтбекке айналуы тиіс. Ол нарыққа 2021 жылы шығады
Жасырылып келе жатқан көлік фараларын көрдік, олар «эска» үшін біртүрлі болып шықты. Квадратты-тіктөртбұрышты стиль интерьерді алдыңғы модельдің жанында ерекшелейді
Портретті орентациялы орталық дисплей мен алты-спицалы рульдік шеңбер, рестайлингті E-класста көрінгендей, марканың басқа модельдеріне жақындап бара жатқанын көрсетеді. Кәдімгі «эсканың» құпиясын немістер жылдың соңына дейін ашулары керек. Одан біраз уақыт өте келек Mercedes-Maybach суббрендінің нұсқасы да пайда болады. MRA II модульді платформасы S-классты жаңа гибридті жүйелер арқылы «жасылрақ» етуге көмектесетіні белгілі. Бірақ, ресми емес ақпарат көздері машинада ауқымды V12 топ моторының сақталып қалуы мүмкіндігі жайлы айтады. Тағы да, ресми емес ақпараттарға сүйенсек, S-класс купе мен кабриолет нұсқаларынан айырылады