БАӘ нарығында сирек механикалы Land Cruiser 200 шықты

БАӘ нарығына өте сирек кездесетін, «механикалық» Land Cruiser 200 шықты

Автор: Давид Шенгелия, ДРАЙВ

Базалық Land Cruiser 200 Heritage Edition тек қана бес орынды болады, АБС, екі қауіпсіздік көпшігі, кондиционер, 245/75 R17 шиналы доңғалақтар және алдыңғы, артқы тұрақ сонарларымен қамтылады. Жанармай багы 138 литрді құрайды

Ресейде Toyota Land Cruiser 200 - көпшілікке байлықтың белгісі. Сондықтан ол нарықта тек ана сегізцилиндрлі нұсқалары бай жабдықтамамен – былғары салон, төртзоналы климат-контрольімен,  алдыңғы орындықтарды жылыту мен салқындату функцияларымен, светодиодты фаралармен, жарық пен жаңбыр датчигімен және де тағы басқа цивилизация ыңғайларымен қамтылады. Бірақ Land Cruiser 200 салыстырмалы түрде қарапайым жұмысқа арналған көлік ретінде де бола алады. Мысалы, «двухсотка» Heritage Edition нұсқасында. Осындай машиналар Біріккен Арабия Әмірліктеріндегі тұтынушыларға ұсынылған. Барлық елге – 20 дана!

 

БАӘ нарығында сирек механикалы Land Cruiser 200 шықты

Фотода – V8 орнатылған машинаның салоны. Негізінде ондай Крузерлердің сегіз отыратын орыны бар, климат-контроль, 10-дюйм экраны бар мультимедиялық жүйе, навигация мен артқы көрініс камерасы, әйнек люк пен салонға кілтсіз қатынас. Бірақ орындықтын қаптамасы, арзан нұсқасындағы секілді матадан жасалған

 

БАӘ нарығында сирек механикалы Land Cruiser 200 шықты

Heritage Edition орындалымының ерекшелігі оның интерьерында – бас төсемесіндегі ерекше тігіс, сериялық номер жазылған тақтайша және алдын-ала орнатылған шиналық насосы. Ақырғысы тек қана V8 қозғалтқышы орнатылғандарда ғана қойылыды

Heritage Edition-ның ретро орындалуы өз заманындағы танымал, кең қолданыста болған Toyota Land Cruiser 70 көрінісін есске салуы керек. Эксклюзивті «двухсотка»-ның кузовында «семидесятка»-да болған секілді стикерлар. Галогенді фаралар мен штампталған 17-дюймді доңғалақтар сізге қалай? Ал салонында жай маталы орындықпен қатар ресейлік сатып алушыны трансмиссия рычагы таңқалдыру керек. Бұл жерде ол механикалық бес-сатылы (өкінішке орай фирмалық фотолар жоқ). Және багаждың ішінде екі жаққа ашылатын есіктердің артында (біреуінде қосалұы доңғалақ орнатылады) штатты шинаны үрлеуге арналған компрессор орнатылған.

 

БАӘ нарығында сирек механикалы Land Cruiser 200 шықты

V8 орнатылған машинада светодиодты фара және 17 дюймді құйылған доңғалақ. Фирмалық ескі таратпа қағаздың сканына ұқсас фотоларға назар аударыңыздаршы. Осылай алдын-ала Toyota компаниясымен ойластырылған болатын, тіпті осы жерде де Heritage Edition нұсқасының стильін сақтап қалды

Heritage Edition БАӘ нарығында екі күш агрегаттарымен қолжетімді. Базалық нұсқасы V6 4.0 1GR-FE (275 а.к. және 385 Н.м), және жаңағы «механикамен» қамтылады. Ол үшін 169 000 дирхам сұрайды (3,44 млн рубль). Ал V8 4.6 1UR-FE (309 а.к., 439 Н.м), алты-диапазонды «автоматпен» және қымбатырақ жабдықтамамен 224 900 дирхам (4,58 млн) тұрады. Салыстыру үшін, кәдімгі Land Cruiser 200 жол талғамайтын көліктері, аналогты моторымен Heritage Edition ретро-машиналардан қымбат тұрады – 215 900 және 239 900 дирхам (4,39 және 4,87 млн рубль). Сонымен қатар V8 5.7 (367 күш пен 530 ньютон-метр) агрегаты орналасқан нұсқасы бар – 259 900 дирхамнан (5,28 млн) басталады.

Мақала оригиналы >>>

Lexus LC жаңартудан соң одан әрі жайлы болмақ >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес