Weibo цензорлары жеткілікті деңгейде цензура жасай алып жатқан жоқ...

Weibo цензорлары жеткілікті деңгейде цензура жасай алып жатқан жоқ... деп санайды Қытай Коммунистік Партиясының өкілдері

Күні кеше Weibo қытайлық интернет сервисіне 470 000 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынды

***

Себебі: "Заңсыз ақпарат, мемлекеттік заңдар мен нормаларды сақтамайтын ақпарат, киберқауіпсіздікті сақтамайтын ақпарат және жасөспірімдерді аздыратын ақпараттарды бірнеше дүркін таратқаны үшін"

 

***


Weibo сервисі 2021 жылдың 11 айында жалпы сомасы 2.2 млн АҚШ долларын құрайтын, 44 айыппұлға ілікті.

Weibo өкілдері болса "сынды шынайы қабылдайтынын" айтуда...

***

Сол секілді Douban сайты да екі апта бұрын 236 000 АҚШ долларына айыппұл алған болатын.

Себебі ұқсас

Weibo цензорлары жеткілікті деңгейде цензура жасай алып жатқан жоқ...

***

Қытайда IT компаниялардың басшылығын "сынап - түзеу" үшін компартия талқысына салу қалыпты үрдіс

Weibo мен Douban сервистерін қатаң сынға алып, жазалау арқылы, қытай компартиясы кез-келгенді "қолынан ұстап сотқа апаратынын" көрсетіп отыр.

***

Контетті блоктайтын себеп қытайда жетіп артылады:

- компартияны сынап, мінеу

- "көгілдір", феминизм... тақырыптар

- қытай мораліне сай келмейтін, "азғырушы" тақырыптар

- әлеуметтік толқу шығып кетуі мүмкін кез-келген тақырып

- k-pop фанаттарын да блоктап тастайды "жұлдызға жарамсақтанбау"

деген сылтаумен және басқа да кеңейіп келе жатқан тақырыптар.

***

Айта кетерлік жәйт, тыйым салынған сөздер мен сөз тіркестерінің саны қытайлық интернетте күн санап артып келеді

Weibo желісінде 200 цензор отырған екен. Сервис тұтынушыларының 500 млн шамалап қалғанына орай, цензорлар саны еселеп артады деп күтуде қытайлық компартия.

Цензордың санын арттырып, тыйым салынған сөздер тізімін компартия күн санап арттырып жатқанына қарамастан, цензорлардың жалақысы компаниялардың өз мойнына түседі.

Ал шағын компаниялар үшін бұл үлкен салмақ

***

Weibo -ның соңғы жазасы неге байланысты болды екен?

Эксперттердің айтуынша, ол #MeToo хэштегінің айналасында туындады

теннисші қыз Пэн Шуай бұрынғы вице-премьер Чжэн Гаоли

Жыныстық зомбылық көрген қытайлық теннисші қыз Пэн Шуай бұрынғы вице-премьер Чжэн Гаолиді айыптаған болатын.

Пост бар болғаны 30 минутта жойылып, Пэн Шуайдың аккаунты бұғатталған.

Дегенмен, желідегі скриншоттар дегенін жасады...

 

 

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace