Мадагаскар теңіз агенттігі осы елдің солтүстік-шығыс теңіз аумағында
қайықтың батып кетуі салдарынан, кем дегенде 83 адамның суға батып қаза тапқанын, 50 адам құтқарылып, 5 із-түссіз жоғалғандар қатарына кіргенін мәлімдеді
Агенттік өкілі осынша адамды бортына алған "Francia" қайығының адам тасымалдауға рұқсатнаманың болмағанын айтты.
Reuters мәліметі бойынша:
"Қайық лық толы болғандықтан, моторға су кіріп кеткен" - деп Мадагаскардың теңіз операциялары жөніндегі директоры Мами Рандрианавони мәлімдеген
Сәрсенбі күні іздеу жұмыстары тоқтатылған болатын, дауыл мен жаңбырдың себебінен
Құтқару ісімен әлек боп жүрген тікұшақтың бірі дауыл мен ауа-райының қолайсыздығы себебінен суға құлап кеткен
Тікұшақ бортында болған Мадагаскар Ұлттық Жандармериясының генералы Серж Гелле 12 сағат бойы жағаға жүзіп, аман-есен құтқарылды
Қасындағы екі адамның бірі аман есен табылып, екіншісі із-түссіз кетіп отыр
Осы жерде заңды сұрақ туындайды: "Қазақстанның қанша генералы 12 сағат бойы суда жүзе алады?"
Ол ең болмағанда 3 шақырымдық нормативті орындай ала ма?
Генерал Серж Гелленің айтуы бойынша, тікұшақ "қатты желден" теңізге құлап кеткен