Қазақстан Республикасының Ұлттық Либерал Партиясы

Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасының Ұлттық Либералдық Партиясының мақсаттары мен міндеттерінің тезистерін ұсынамыз.

«Саяси партиялар туралы» Заңда қарастырылған (Ұйымдастыру комитетінің сайлауы, Жарғы қабылданатын құрылтайын шақыру, атауы және Бағдарламасы бекітілген) барлық рәсімдерді орындағаннан кейін, партияны мемлекеттік тіркеу рәсіміне көшеміз.

Мына тұжырымдама біздің партия бағдарламасының ең маңызды тұстарымен таныстыруға және оның негізгі мақсаттары мен міндеттерін түсіндіруге арналған.Біздің мақсатымыз – бірыңғай азаматтық ұлт құру – жалпыға ортақ тілге, тарихқа, құндылықтарға негізделген ортақ мүдделерге қолжеткізу аясында елдің барлық азаматтарын біріктіру.

Осыдан, ел басқарудағы басты қағида – халқымыз мен мемлекетіміздің игілігіне қызмет ету.Біз, Қазақстанды - президенттік республика болуы тиіс деп есептейміз, Президент азаматтардың жалпыға бірдей сайлау құқығы арқылы сайланады және де бір уақытта мемлекет басшысы да, үкімет басшысы да болып табылады (премьер-министрдің лауазымы күшін жояды).

Президент 5 жылға сайлануы тиіс.Бір тұлғаның президент болып ешқандай жағдайда, бір мәртеден артық немесе қайтадан сайлану құқығы болмауы тиіс, және ол шарт елдің Конституциясында бекітілуі міндетті.Президенттің өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін оның әкімшілігі мен министрлер кабинеті онымен бірге қызметінен кетеді.

Парламент қазіргі кездегідей екі палаталы болып қалады, оның жоғарғы палатасы Сенат болып табылады.Сенат Жоғарғы Сот төрешілерін және оның Төрағасын тағайындайды, Президент ұсынған облыс әкімдерін бекітеді.Сенат ел Президентіне импичмент жариялауға құқылы.

Есеп комитеті Қазақстан Республикасының Сенатына бағынады.Параламенттің төменгі палатасы - Мәжіліс заң жобаларын Сенаттың бекітуіне ұсынады, мемлекеттік органдардың бюджеттері мен бағдарламаларын мақұлдайды, жеке министрлерге немесе тұтастай алғанда үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруге құқылы, сондай-ақ Сенат алдында Президенттің импичменті жайлы мәселені көтеруге құқылы.

Зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға ие бола алмайды және бұл ереже мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметкерлердің барлық санаттарына, соның ішінде ел Президентіне және барлық деңгейдегі депутаттарға қолданылады.

Партия Қазақстан Республикасының Конституциясына барлық деңгейдегі сайлауды бұрмалау, мемлекеттік қызметшілердің, сайлау комиссиялары мүшелерінің сайлау барысында сайлау нәтижелеріне әсер ету, дауыстарды бұрмалау, сайлаушылардың таңдау құқығын бұзатын және басқа да заңсыз әрекеттер жасауы, мемлекеттіліктің және Қазақстан халқының алдындағы аса ауыр қылмыс болып табылатындығы және мүлкін тәркілеу арқылы өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы ережелерді енгізуді жоспарлап отыр.

Алдағы онжылдық біздің мемлекетіміз үшін аса күрделі де тағдырлы болмақ.Әлемдік даму заңдарымен анықталатын түбегейлі өзгерістер күтілуде.

Бізді элиталардың алмасуы, саяси истеблишментке және іскер ортаға жаңаша құндылықтар мен дүниетанымды ұстанатын адамдардың кіруі тиіс.Ескірген экономикалық жүйе кесірінен біздің экономика дағдарыстан көз ашпай келеді.

Шикізатты сатудан толық тәуелділікті жоя алатын табыстың жаңа көздері жоқ.

Қазақстанның экономикалық өсу әлеуетінің шектеулі болуы ЕАЭО-ның қолайсыз жағдайлары мен сауда бөгеттерімен, Қазақстанның шикізат экспортына зор тәуелділігі және әлемдік саудаға интеграциясының төмен деңгейімен сонымен қатар Қытай мен Үндістан сияқты ірі нарықтарға жақындығының артықшылықтарын мүлдем елемеуізбен түсіндіріледі.

Қазақстанның жаһандық шикізаттық емес саудаға интеграциялану мүмкіндігіне қол жеткізу қарқынды түрде жеке секторды дамытусыз мүмкін емес.Біз, қазақ халқының дәстүрлі, мыңдаған жыл бойы салт қылып келген мал бағу саласын жандандыруға күш салуды ұсынамыз.

Мал шаруашылығын жан-жақты дамыту қазақтардың ұлттық рухын жандандырады, ұлттық болмысты нығайтып, ұлтымыз үшін мақтаныш сезімін иемденуге ықпал етеді.Аталған бағытта күш-жігерімізді жұмсай отырып, біз ғаламдық экономика мен еңбек бөлісінде бәсекеге қабілетті боламыз.

Толық цикл өз ресурстарымызбен қамтамасыз етіледі.Біздің өнімдеріміздің тұтыну нарықтары Қытай мен Үндістан болады, ол мемлекеттерге шығу дәліздері жеткілікті.

Мал шаруашылығы, өнеркәсіп ретінде, жемшөп, тыңайтқыштар өндіруден бастап, мал өнімдерін өңдеу - ет, сүт, былғары және жүн өндіруге дейінгі көптеген салаларды қамтуы тиіс.Мал шаруашылығын дамыту және оның өнімдерін өңдеу өңірлерді өркендетуге, ауылдарда және аудан орталықтарында жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі.

Бұл қалалардағы халықтың тығыздығын төмендету және бүкіл ел бойынша біркелкі қоныстану мәселесін шешеді.Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін біз Қазақстанның Ұлттық-Либералдық партиясын құрып отырмыз.

Біз келесідей мәселелер бойынша ұлттық сипаттағы саясат жүргізуді көздейміз:

- әртүрлі экономикалық, саяси және әскери топтарға мүше болуды қоса алғанда, сыртқы және ішкі саясат мәселелері бойынша ұлттық мүдделерді сақтау;

- айқын және ықтимал тәуекелдер, қауіп-қатер, елдің экономикалық және ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтіретін жағдайларда, интеграциялық және әскери-саяси халықаралық ұйымдарда мүшелікті қайта қарау және олардан шығу;

- Біз, ЕАЭО және Кеден Одағынан шығуға ниеттіміз, ал халықаралық саудада, Әлемдік Сауда Ұйымының ережелерін ұстануымыз абзал;

- Қазақстан Республикасына шетелден этникалық қазақтардың қоныс аударуын қолдау, олар үшін азаматтықты ресімдеу, әлеуметтік және кәсіби бейімделу үшін ең қолайлы жағдай құру мақсатында мемлекеттің жаңа көші-қон саясатын әзірлеу қажет;

- қысқа мерзімде, 5 жыл ішінде, мемлекеттік білім беру толықтай мемлекеттік тілге көшу керек, оларға мектепке дейінгі, орта және жоғары оқу орындары жатады;

- Конституциядағы 7-баптың, 2-тармағын мемлекеттік тілдің толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында қандай да бір ескертпелерді, түсіндірмелерді және шектеулерді алып тастау;

Біздің партия, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жоғары бағалайды және оларды саяси, әлеуметтік және экономикалық тәртіптің құқықтық негізі деп есептейді.

Біз:

Саяси либерализмді, яғни демократияны, митингтер, жиналыстар, партиялар мен қозғалыстардың еркіндігін барынша жақтаймыз, егер олар егемендікке және аумақтық тұтастығымызға нұқсан келтірмесе, сөз бостандығына қарсы қауіп төндірмесе және авторитаризмді қолдамаса.

Біз:

Экономикалық либерализмді қолдаймыз, яғни жеке меншіктікті, оның тұтастығын, сондай-ақ оның мемлекет тарапынан реттелуіне қарсымыз.

Біз:

Мәдени либерализмді қолдаймыз, яғни, жеке басының еркіндігі, ар-ождан және дін бостандығы, шығармашылық еркіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.

Біз:

Әлеуметтік либерализмді қолдаймыз, яғни барша азаматтар тең болу керек. Қазақстан азаматтары тұрғылықты жеріне қарамастан, әлеуметтік жеңілдіктерге тең құқылы болу керек.

Біз:

Экологиялық либерализмді, яғни салауатты тіршілік ортасы болғанын қалаймыз. Біз зымырандық сынақтар алаңдарын, соның ішінде ғарыш айлақтарын жабуға, сондай-ақ экологиялық заңнаманы қатайтуға ниеттіміз.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Қазақстан азаматтарын:

- Ұлттық Либералдық партия құру жобасын қолдауға

- Біздің қатарымызға қосылуға

- Партияның Жарғысын және Бағдарламасын әзірлеуге қатысуға

- Партия органдарына мүшелерді ұсынуға

- Филиалдар желісін құруға жәрдемдесуге

- Партияның осы кезеңдегі қызметін қаржыландыруға шақырамыз және осылайша партиянын тіркеу рәсімінен өтуіне көмектесуге үндейміз.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Либерал Партиясы

Тіркеуден өткен соң біз сіздермен еліміздің саяси өміріне белсенді араласамыз:

азаматтарымыздың өмірін жақсартуға және Отанымыздың өркендеуіне мұрындық болатын шешімдерге ықпал ету үшін барлық деңгейлердегі сайлауға қатысып жеңуге болады.

Біз басқа біреу біздің өмірімізді жақсартады деп үміттене алмаймыз.

Өз тағдырымызды өзіміз ғана шешуіміз қажет. Ол үшін бірлесіп әрекет жасайық.

Біздің бағдарламамызбен келісетін болсаңыз, құрылып жатқан партиямыздың қатарына қосылуға шақырамыз!

Өтінішті мына мекен жайға жолдасаңыз болады: Алматы қ, Назарбаев 240, Серікулы Дәуреннің атына.

Өтініштің үлгісі парақшамызда бар: https://www.facebook.com/QRULP/  


Менімен әлеуметтік желілерде бірге болыңыз:

https://twitter.com/NHLOJKbpQBGHOec - Twitter парақшам

https://www.instagram.com/shuyldaqshadyrman/  - Instagram парақшам

https://www.facebook.com/profile.php?id=100050346787344  - Facebook парақшам

https://www.youtube.com/user/Mukhtar2011 - Youtube каналым

https://vk.com/mukhtar_shadyrman - ВК парақшам

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace