Әділбай Тобыш, әнші, ақын, асаба, күйші, сазгер, шежіреші:
"Ауыл әкіміне ауылдағы мешітті балалардың қолөнер орталығына айналдырайын, рұқсат бер" дедім.
"Оқушыларға қазақы салт-дәстүр, қыздарға арналған келіншегім жүн түтуді, үйретеді, сабау, иіру, тоқудың барлығын үйретіп, өнерлі етіп шығарамыз"
Тұщымды ой екен.
***
Әділбай Тобыштың айтқандарынан:
"Осы Құран кітапта Піл сүресінде Қағбаны қиратуға келе жатқан Абраһа деген патшаның әскерін, тау қарлығашы әбәбилдер таспен атқылап, желінген топандай етіп, қырып салған екен.
Кешегі ашаршылық жылдарында, қазақтың малын айдап әкетіп, 4,5 - 5 млн. қазақ аштан қырылғанда, орыс отаршылары қазақтың қыз-келіншектерін зорлап жатқанда, сол әбәбил қайда қалды екен?"
Бірде Рәтбек қажымен бір құдайы тамақта бірге болдық. Әңгімеден әңгіме шығып, қожалардың артықшылығы, ақсүйектігі деген тақырып өрбіді. Сонда былай деп салдым: "Қожеке, қожа қазаққа не үйретті? Тәңірді Алла деп айтуды үйретті. Ал қазақ қожаға не үйретті? Немере қарындасыңды қатын қылма деп үйретті" дедім.
Рәтбек қажы орнынан тұрып қолымды алып тұрып былай деді. "Муаммар Каддафимен достығым бар еді. Осы сөзіңді ертерек естігенімде, алдыңғы барғанымда Каддафиге осы сөзді айтар едім" деп разы болды.
***
Ағасы арсыз інінің күні құрсын..
Інісі қорқақ ағаның тағасы қайдан тұрсын...
***
Өзім білем, өзі біледі,
құртып келеді қазақты
Осыныңнан ұрпақ көрер азапты...
***
Қанағатсыз, болашаққа қамсыз адам
***
Рудың жаманы жоқ
Ішінде барлығының наданы көп...
Баланың өзін туып, мінезін туа алмаған
Әке-шешенің амалы жоқ...
Бір ана құдай беріп оны тапқан,
Берілмей пенделікке біреуі ұққан
Тоғызы біреуіне қарсы шыққан...
***
Көркем мінез таныту үшін,
Мұсылман болу шарт емес.
Қазақтың, даланы үш заңы жеткілікті:
- Ұят болады
- Обал болады
- Жаман болады
***
Анаңның ақ сүтінің құрметі мен нағашыңның қадірі бірдей болсын!
***
Арба тартқан есектің халін, қой баққан есек қайдан білсін?
***
Иттің иесінен айырмашылығы, көршісіне үрмейді.
Өмір үйкеліспен басталады, күйзеліспен аяқталады
***
Дүние жеті келіп, желек еккен
Хаям да бір-екі ауыз айтып өткен,
Абайды мың оқи бер өзгермейсің
124 мың пайғамбар жылап кеткен
***
Қазақ жері бүлінбесін,
Үш жүзім бөлінбесін
***
Жер ана, әйел дана
***
О, аспан, төсіңе күн көтерілсе,
Бауырыңнан жұлдыз қашқан,
Адамның өмірі солай шығар...
Бірде тасқан, бірде тосқан
Ал күн кетсе
Бауырыңы жұлдыз шашқан
***
Әйел бақыты бала табу
Қалған бақыттың есі болса,
Әйелді өзі тапсын!
Әйелдің есі болса,
Келген бақытты ұстап қалсын!
***
Өзінің сөзін, өзгенің өзін аяқасты қылған заман-ай...
***
***
Әділбай Тобыш жайында айтылғандар:
Санаңды жаңғыртамын десең,
Жаныңды жасартамын десең
Әділбайдың әні мен күйін тыңда...
Исрайл Сапарбай
***