Атырап өртеніп, зұлымдық отына,

Шартарап түскендей шайтанның торына.

Еріксіз, қалаусыз адымдап барады,

Ойлауға сана жоқ, мұрша да дамылға.

 

Таскерең құлаққа естілмес ешбір үн,

Тас жүрек көңілді жібітпес зарлы мұң.

Жан шошыр бейнені көзімен көргенмен,

Сенбейді, себебі жанарда қара түн.

 

Өлімнің иісі қолқаны қабады.

Қүзғынша сұмдардың үміті жанады.

Ақтық дем біткенше жарықты қимаған,

Құрбандар келмеске аттанып барады.

 

Ақшаға құныққан аранын ашады,

Қанау, жеу, бүгінгі заманның талабы.

Әділдік іздеме, себебі жер шары,

Ібіліс жолында дөңгелеп барады.

 

Айнұр Бектасқызы. 12.07.2020ж.

Пайдаланушы бағалауы: 5 / 5

Жұлдызша белсендіЖұлдызша белсендіЖұлдызша белсендіЖұлдызша белсендіЖұлдызша белсенді
 
Share on Myspace