АШЫҚ ХАТ!
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Кешегі Халыққа арнаған Жолдауыңызда " Жер шетелдіктерге сатылмайды" деп, "вор в законе" секілді тағыда ауызша айттыңыз. Тағыда дейтін себебім, сіз заңдық күші жоқ құр сөзді бір жылда төртінші рет 2019 жылы 2 қыркүйекте, 2020 жылдың 22 мамырында және 10 шілдесінде және 01.09. 2020 жылы айтып отырсыз.
Сіз олай ауызша айта салатын, артыңызда қылмыстық топтар бар, қылмыстық әлемдегі тәжделген (коронованный) "вор в законе" емессіз, артыңызда халқыңыз бар құқықтық мемлекет- Қазақстан Республикасының Президентісіз.
Ал Президенттің мәртебесі мен өкілеттігі мен құзыреті Конституцияда тайға таңба басылғандай жазылған.
ҚР Конституциясының 44-бабында: "Президент- мемлекет басшысы және ең жоғары лауазымды тұлға" делінген.
Ал, 45-бабында: "ҚР Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар ЖАРЛЫҚТАР мен ӨКІМДЕР шығарады" делінген. Ата заңда "президенттің сөзінің заңдық күші бар" деген бап жоқ.
ЗАҢДЫҚ КҮШІ ЖОҚ СӨЗІҢІЗГЕ ЕМЕС, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КҮШІ БАР ЖЕР КОДЕКСІНЕ СҮЙЕНЕМІЗ!
Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Халыққа арнаған Жолдауыңызда "Жер шетелдіктерге сатылмайды" деген ауызша сөзіңіздің конситуциялық, заңдық күші жоқ.
Сол себепті, сіз
Ел Президенті ретінде Конституцияға сәйкес, "жеріміз шетелдіктерге сатылмайды және жалға берілмейді" деп Жарлық шығарғанша, "вор в законе" секілді ауызша айтқан заңдық күші жоқ құр сөзіңізге сенбейміз және алданбаймыз!
1. Қолданыстағы 2003 жылы қабылданған "Жер кодексінде жер шетелдіктерге сатылады" деген бап жоқ және "шетелге сатылмасын" деген тыйым жоқ.
2. Конституциялық, заңдық күші бар Жер кодексінің 24-бабында: "Жеріміз шетелдіктерге 25 жылға жалға беріледі" деп нақты, анық, дәл жазылған.
3. Жерімізді шетелдіктерге 25 жыл ұзақ мерзімге жалға беру сатқанмен бірдей. Сату немесе 25 жылға жалға берудің еш айырмашылығы жоқ.
ӘКІМ-МИНИСТРЛЕР МОРАТОРИЙ БІТКЕСІН ЖЕРІМІЗДІ ҚЫТАЙЛАРҒА ЖАЛҒА БЕРІП, ҚАЗАҚ ЖЕРСІЗ БОСЫП КЕТЕДІ
Әкім-министрлер, соттар сіздің құр сөзіңізге емес, конституциялық заңдық күші бар ресми құжаттарға сүйенеді.
Сіз ауызша айтты деп заңдық күші жоқ бос сөзіңізге сене берсек, жемқор, ақшаға құныққан әкім-басшыларыңыз мораторий бітісімен-ақ жерімізді қытайларға 25 жылға жалға беріп, қазағым жерсіз, елсіз сығандар, курдтар секілді қаңғып, босып кетеміз.
ЖЕР-ХАЛЫҚ МЕНШІГІ, ҰЛТТЫҚ ҚАЗЫНАМЫЗ
Қасым-Жомарт Кемелұлы, Конституция мен заңдарға сүйене келтірген сөздерімді халықтың сөзі деп қабыл алыңыз.
Өйткені, Жер менің немесе сіздің жеріңіз емес, халықтың, қазақтың жері, ұлттық қазына!
Сізден Президент ретінде,
1. Жер кодексін қайта қарап, ұлт мүддесіне қайшы: "Жеріміз шетелдіктерге 25 жылға жалға беріледі" деп анық жазылған 24-бапты өзгертуіңізді.
2. "Жеріміз шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдіктермен некеде отырғандарға сатылмайды және жалға берілмейді" деген сөзді (құқықтық норманы) енгізуді халық болып талап етеміз!
Талғат Қатауов Тұрсынғалиұлы-тәуелсіз кәсіподақтар ұйымы төрағасы, Жер жанашыры. Орал қаласы. Тел.87086297116
Әлеуметтік желіде бірге болайық:
https://twitter.com/NHLOJKbpQBGHOec Twitter парақшам
https://www.instagram.com/shuyldaqshadyrman/ - Instagram парақшам
https://www.facebook.com/profile.php?id=100050346787344 - Facebook парақшам
https://www.youtube.com/user/Mukhtar2011 - Youtube каналым
https://vk.com/mukhtar_shadyrman - ВК парақшам
https://www.instagram.com/shuyldaqshadyrman/ - Instagram парақшам
https://www.facebook.com/profile.php?id=100050346787344 - Facebook парақшам
https://www.youtube.com/user/Mukhtar2011 - Youtube каналым
https://vk.com/mukhtar_shadyrman - ВК парақшам