Стивен Пол Джобс 1955 жылдың 24 ақпанында Калифорния штатында орналасқан Маунтин Вью қалашығында дүниеге келді.

Оның балалығы мен жеткіншек шағы сол жерде, Пол мен Клара Джобстың өгейі отбасында өтті. Оларға тәрбиеге туған анасы тапсырған болатын.

1972 жылы орта мектепті бітірген Стив Джобс Орегон штаты, Портленд қаласындағы Рид колледжіне түсте. Бірінші семестрдан кейін өз ниетімен оқудан шықты, бірақ достарының бөлмесінде өмір сүруді жалғастырды. Сол кезде ол каллиграфия курстарына түсті, кейін осы қадамы MacOS жүйесін масштабтауға болатын қаріптермен жабдықтауға ой туғызды. Содан кейін Стив Атарида жұмысқа тұрды.

Бес жылдан кейін Стивен Джобс пен Стивен Возняк «Apple» компаниясының қалаушылары атанды. Жасалған заттардың көбінің авторы Стивен Возняк, ал Джобс маркетолог ретінде болды. Дәл Джобс микрокомпьютердің схемасын ойлап тапқан Вознякты сол жобаны аяқтауға көндірді, осылайша жаңа дербес компьютерлер нарығына жол ашты деп саналады

1986 жылы Джобс Apple компаниясындағы өзінің акцияларының басым бөлігін сатып, Next Computer компаниясын ашты

Бір жыл өте келе Стив Джобс Pixar анимациялық студиясының қалаушыларының бірі атанды

2000 жылы Apple қалаушысы Гиннес рекордтары кітабына ең қарапайым жалақы алатын атқарушы директоры ретінде кірді. Ресми құжаттар бойынша Джобстың жылдық жалақысы доллар болды; кейін басқа да корпоративті басқарушылар осындай жалақы схемасын қолданды.

2001 жылы Стив Джобс алғаш iPod плеерін көрсетті. Бірнеше жылдан соң айпод сатылымы компанияның негізгі табыс көзі болды. Джобстың басқаруымен Эпл 2006 жылға орай дербес компьютерлер нарығында өзінің орнын бірталай нығайтты, бұған Macintosh машиналарының Intel жоғарғы қуатты процессорларына көшуі себеп болды

2006 жылы компания Apple TV желілік мультимедиялық плеерін жариялады. Бірнеше жылдан соң айфон ұялы телефондары сатылымға шықты. 2008 жылы Стив әлемдегі ең жіңішке ноутбук – MacBook Air ұсынды

2003 жылдың соңында Джобсқа ұйқы безінің қатерлі ісігі диагнозын қойды. Қуанышқа орай, ісік өмірге қаупін тудырмады: Стивты операция құтқара алатын еді. Бірақ та ол оған келіскен жоқ, тоғыз ай бойы арнайы диетаға жүгінді, осылай ауруын жаза аламын деп ойлады. Тек қана 2004 жылдың тамыз айында операция жасауға келісімін берді. Ал 2009 жылы оған бауыр трансплантациясын жасады.

 

2010 жылы Стив Джобс күтпеген жерден өте активті атқарушы директор ретінде көрінді. Сөзсіз ең үлкен жаңалық атанған – iPad, - iOS базасындағы планшет, Джобс оның тұсауын 2010 жылдың 27 қаңтар айында кескен болатын

2011 жылдың 2 наурызында Стив Джобс Apple планшетінің екінші буыны – iPad 2-нің тұсаукесерінде болды. Өзінің нашар жағдайына қарамастан, Стив компанияның туындысын әлемге өзі көрсетуге шешті. 2011 жыл, 24 тамызда Стив Джобс, өзінің Apple компаниясының бас директоры орнын босатқандығы жайлы жариялады

2011 жылдың 5 қазанында Стив Джобс қайтыс болды.

Илон Маск жайлы деректер >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес