Билл Гейтс 1955 жылы, 28 қазан Сиэтлда дүниеге келді.
Оның әкесі танымал адвокат, ал анасы мектепте мұғалім болды, қайырымдылықпен айналсыты және жергілікті университеттің басқару мүшесі болды.
Биллдың балалық шағында барлығы да бірдей жақсы болған жоқ, ол өзінің анасымен «соғысты», мектепте клоун ролінде болды, кейбір пәндерден үлгерімі төмен болды. Сол кезде ата-анасы психологқа алып барды, психолог оларға «Биллды күштеп тәрбиелемесін» деп кеңес берді. Нәтижесінде 12 жастағы Биллды Лэйксайдтағы қолайлырақ мектепке тапсырды. Дәл осы жерде Биллдың компьютермен танысуы басталды. Билл мен оның мектеп кезіндегі досы Пол Аллен, болашақ Майкрософт фирмасының құрылтайшысы, «темір құбыжықтың» жанында барлық демалыстар сайын жоғалатын болды, кейбір кездері тіпті таңғы сағат 4-ке дейін. Өзінің алғаш «кресттер мен нольдер» ойынына арналған бағдарламасын Гейтс 13 жазында ойлап тапқан
Ал 15 жасында Алленмен бірге көше қозғалысын реттеу бағдарламасын жазып, 20 000 доллар табыс тапты.
17 жасында Билл Бонневиль плотины энергиясын таратуын ретке келтіру бағдарламасын құрастырып, 30 000 доллар тапты.
1973 жылы Билл Гарвардқа түсті, бірақ ол жер оған аса қызықты болған жоқ. Барлығы 1975 жылдың бір күні өзгерді. Пол Аллен өзінің досына «Танымал механика» журналын әкеліп берді, оның қаптамасында кең қолданысқа ие алғаш компьютер – «Альтаир-8080» бейнеленген болатын. Бұл ол екеуінің бағдарламалық жабдықтамасы жоқ қарапайым машинаға бағдарламалау тілін құрастыру мүмкіндігі болды. Бәсекелестік үлкен, бірінші болып осы тапсырманы орындау керек болды
«Бейсик» тілінде жазылған бағдарламаның тұсаукесері сәтті өтті, бұл олардың жаңа өмірінің бастамасы болды.
Осыдан кейін Гейтс пен Аллен Майкрософт компаниясын қалады. Билл Гарвардтан оқудан шықты. Соған қарамастан оған 2007 жылы ғылыми дәреже берді, 77 жыл студенттерінің арасында ең сәтті студент атанды
Майкрософттың істері басында соншалықты сәтті болған жоқ, бірақ Гейтс берілген жоқ, табандылықпен жұмыс жасады. Қазір оның компаниясы өте үлкен, 90 000 қызметкері бар, әлемнің 100-ден астам елінде жұмыс жасайтын компания. 31 жасында Гейтс миллардер атанды, ал Forbes журналы оны 1996-2007 және 2009 жылдардағы ең бай адам деп жариялады.