Бенджамин Франклин өмірі жайлы деректер осы мақалада.

Егер сіз Бенджамин Франклиннің, жүз долларлық купюрада тұрған адамның өмірбаянын (немесе кем дегенде негізгі жетістіктерін) білмесеңіз, онда сізді керемет білімді адамдар қатарына жатқызу қиын болады.

 Бенджамин Франклиннің, жүз долларлық купюрасы

Бұл ерекше тұлға 1706 жылы 17 қаңтарда дүниеге келіп, 84 жыл өмір сүрді. Өзінің жеткен жетістіктері бойынша, қазіргі тілмен айтқанда ұлы тұлға ғана емес, әмбебап данышпан (полимат) адам болды.

Оның қызметінің бағыттарын тізбектеп айту үшін бір мақала жеткіліксіз. Алайда, ол саясаткер, өнертапқыш, ғалым, дипломат, жазушы, баспагер және журналист ретінде тарих беттеріне енді, сол кездегі ең атақты бай адамдар құрметтейтін және президенттермен бірге патшалар құрметтейтін өте ықпалды тұлға ретінде тарихта қалды.

Данышпан тұлғаның негізгі жетістіктерімен танысайық:

  • Жайтартқыш ойлап тапты;
  • Бифокалды көзілдірік ойлап тапты;
  • Франклин пешін ойлап тапты;
  • Электр саласында көптеген көрнекті жаңалықтарды ашты;
  • Гольфстримнің алғашқы егжей-тегжейлі картасын жасады;
  • АҚШ-тағы алғашқы көпшілік кітапхананың негізін қалады;
  • Филадельфия академиясын құрды;
  • Тәуелсіздік декларациясы мен АҚШ конституциясын жасауға қатысты;
  • Баспа ісімен белсенді айналысты.

 Бенджамин Франклин

Ғылым және қоғамның мемлекеттік жүйесі саласындағы жетістіктерімен қатар Бенджамин Франклин үнемі өзін жетілдіріп отырды. Оның арнайы жоспары болды, оған сәйкес әр аптада ізгіліктің белгілі бір қасиетін дамытуды қадағалап отырды. Әр күн қойын дәптерге белгі қойып отырды, егер сол жақсы қасиетті игере алса "плюс", ал жетістікке жетпегенде - минус.

 Бенджамин Франклин

Осылайша, жылына төрт рет, әрбір ізгілік қасиетін оқуға бір апта арнап отырды. Көрнекті американдықтың қол жеткізгісі келгені:

Франклиннің адамгершілікті жетілдіру жоспары

  • Өзін-өзі тежеу - тойып тамақтанбау, мас болғанша ішімдік ішпеу.
  • Үнсіздік - маған немесе басқаларға пайдалы болатын нәрсені ғана айту; Бос әңгімеден аулақ болу.
  • Тәртіп - барлық заттарыңызды өз орындарында ұстаңыз; әр сабақтың өз уақыты болуы керек.
  • Табандылық - немен айналысатыныңызды шешіңіз, қабылданған шешімді өзгертпеңіз.
  • Үнемділік - Ақшаны өзіңізге немесе басқаларға пайдасы тиетін нәрселерге жұмсаңыз, яғни ешнәрсе ысырап етпеңіз.
  • Еңбекқорлық - уақытты босқа ысырап етпеңіз; әрдайым пайдалы нәрсемен айналысыңыз; барлық қажетсіз әрекеттерден бас тартыңыз.
  • Шынайылық - адамдарды алдаудан аулақ болыңыз, таза және әділ ойлаңыз; әңгімелесу барысында да осы ережені ұстаныңыз.
  • Әділеттілік - ешкімге зиян тигізбеңіз; Әділетсіздік жасамаңыз және сіздің міндеттеріңізге кіретін игі істерді жасаудан қашпаңыз;
  • Сабырлылық- шектен шығуға жол бермеңіз; әділетсіздікке өзіңіз шектен шығуға болмайды деген кезеңге дейін шыдаңыз, бірақ, одан асуға жол бермеңіз;
  • Ұқыптылық - дененің кірленуіне жол бермеуі; киімді және үйіңізді таза ұстаңыз.
  • Тыныштық - ұсақ-түйектер туралы және қарапайым немесе қашып құтыла алмайтын жағдайлар туралы алаңдамаңыз.
  • Тазалық - ойларыңыз таза болсын, инстинкттеріңізді басқарыңыз.
  • Қарапайымдылық - Иса Пайғамбар мен Сократқа еліктеңіз.

Қызықты дерек

Біздің кейіпкеріміздің өмірінде өте қызықты оқиғалар көп болған, олардың біреуін қазір мысал ретінде келтіреміз. Франклин қуырылған балықты өте жақсы көретін, бірақ бір уақыттан бастап ол вегетариан болуды шешті. Бірнеше жыл бойы ол жануарлар ағзаларын жемей, өзін-өзі тежеп жүрді. Алайда, ұзақ сапарға шығып, шектеулі тамақтарды ғана жеуге болатын Бенджамин палубада отырып, басқа адамдардың балықты қалай тазартып және оны қуыруға дайындап жатқанын көреді.

Кенеттен ұлкен балықтың ішінен шыққан көптеген ұсақ балықтарды көргенде: «Егер сендер бір-біріңді жесеңдер, онда мен неге сендерді жей алмаймын!» - деген ойға келеді. Осылайша, жануар етін жеуге болады ма деген философиялық сұрақты шешуге көмектесті. Содан бері Франклин вегетариандық мәселесін қозғаған жоқ.

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес