Қысқа толқынды пеш жайлы аңыздар.

Сенесіз бе, қысқа толқынды пеш кездейсоқ ойлап табылған. Инженер-өнертапқыш Перси Спенсердің оны қалай ойлап тапқаны жайлы небір аңыздар бар.

Бір дереккөздер, Спенсер жұмыс істеп тұрған магнетронның қасынан өтіп бара жатып, қалтасындағы кәмпиттің еруін байқаған деседі.

Қысқа толқынды пеш

Тағы бірі, Спенсер магнетронда бутербродты ысытқан дейді. Қалай болғанмен де, оған дейін қысқа толқынды сәулеленуді тамақ ысытуға қолдану ешкімің ойына да кірмеген.

940-жылдары Raytheon компаниясында жұмыс істеп жүрген кезде, Спансер бұрынғы еліне сіңірген еңбектерінен өзге, атын бүкіл әлемге паш екен өнертабысын жасап шықты. Қысқа толқынды пешке патент 1946-жылы берілді, ал пештің өзі «Radarange» деген атпен 1947-жылы жасалды.

Қысқа толқынды пеш

Ол биіктігі адам бойымен шамалас, салмағы 300 келі тартатын, қазіргі біз қолданып жүрген қысқа толқынды пештерге ұқсамайтын үлкен пеш болатын. Бағасы да өте қымбат еді - шамамен 3 мың доллар.

Тек 1960-жылдан бастап қана бағасы қолжетімді (500 доллар шамасында) және салыстырмалы түрде өлшемі де кіші тұрмыстық қысқа толқынды пештерді шығару жолға қойылды.

Қазақстанда коронавирус сайты жұмыс істейді >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес