Тақырыптық парк - өзінің негізгі құрылымдары мен аттракциондарын бір тақырыпқа негіздеп жасайтын ойын-сауық паркі. Тақырыптық парктер ХХ ғасырдың ортасынан бастап пайда болды және парктердің пайда болуынан бері өткен жылдар ішінде олардың көпшілігі таңқаларлық, кейде өте ерекше концепцияға негізделіп жасалған.

Төменде көрсетілген кез-келген паркке барсаңыз, уақытыңызды тамаша өткізесіз деп кепілдік береміз.

1.Хершипарк-арена, Пенсильвания.

Хершипарк-арена, Пенсильвания

70-тен астам аттракциондары бар және олардың барлығы тәттілермен байланысты. Парктің ішіндегі шоколад иісі мұрныңызды жарып, тәбетіңізді аша түседі.

2.Зеро Грейвити Трилл Амуземент Паркі.

Зеро Грейвити Трилл Амуземент Паркі

Паркте небәрі 5 аттракцион орналасқан, бірақ олардың әрқайсысы сізге ұмытылмас әсер сыйлайды.

3.Ла-Плата қаласы, Аргентина.

Ла-Плата қаласы, Аргентина

Демократиялық мемлекеттегі өздерінің құқықтарын қолдану мен міндеттерін қорғауды қызықты ортада үйрену үшін балаларға арнап салынған парк.

4.Ferrari World, Абу-Даби

Ferrari World, Абу-Даби

Ойын-сауық паркінде Ferrari «әлемінің» ең үлкен сауда орны, сонымен қатар Ferrari өнімдерінің кең коллекциясы бар.

5.Wunderland Kalkar, Солтүстік Рейн

Wunderland Kalkar, Солтүстік Рейн

Алғашында Wunderland Kallar құрылысында ақаулары бар және көптеген наразылықтардың әсерінен жұмыс істемей тұрған атом электростанциясының бір бөлігі болған.Ақыр аяғында, голландиялық кәсіпкер осы жылжымайтын мүлікті сатып алып, оны қонай үй мен көңіл көтеру кешеніне айналдырды.

6. Хо Пар Вилла, Сингапур

Хо Пар Вилла, Сингапур

Haw Par Villa Қытай фольклоры мен мифологиясын туристерге Конфуций сияқты әйгілі қытай қайраткерлерін бейнелейтін 1000 мүсін мен 150 диорама арқылы таныстыру үшін жасалған.

7.World Joyland, Қытай

World Joyland, Қытай

Парктің жартысы - әйгілі MMORPG World of Warcraft-дан, ал екінші жартысы - Starcraft стратегиялық ойынынан үзінді. Ойын кейіпкерлерінің ассортименті үлкен мүсіндер түрінде жасалған,ал аттракциондар тақырыптық сипатқа ие. Алайда, парк операторлары World of Warcraft немесе Starcraft-тегі кейіпкерлер аттарды пайдалану құқығын алмағандықтан, олардағы атаулар әртүрлі болуы мүмкін.

8. Jaime Duque Park, Колумбия

Jaime Duque Park, Колумбия

Егер сіз бүкіл әлемді бір жерде көргіңіз келсе, Jaime Duque Park - бұл үшін ең жақсы орын. Туристерге белгісіз дерлік тақырыптық саябақ - бұл Вавилонның аспалы бақтарын, Египет пирамидалар, «Әлемнің жеті кереметі», Мәскеудегі Қызыл алаң және тағы басқа да әлем кереметтерінің көшірмелері орналасқан әлемдік тарих мен мәдениеттің одағы. Бонус ретінде Бостандық мүсінінің ер нұсқасы да бар.

9. Холи Ленд Экспериенс, Орландо

Холи Ленд Экспериенс, Орландо

Христиан тақырыптық паркі. Саябақтың көрікті жерлеріне Колизей көшірмесі, Иса өмірінің кестесі, амфитеатр, до Хамас көше базары және басқалар кіреді. Бұл жерден сіз ешқандай аттракцион таба алмайсыз, бірақ тақырыптық парктің веб-сайтындағы тақырыпқа сәйкес сіз Исаның пайғамбар өмірі туралы шоуды тамашалай аласыз.

10.Холи Ленд Экспериенс, Орландо

Холи Ленд Экспериенс, Орландо

Гномдар империясы Кішкентай адамдар патшалығы сияқты өте танымал тақырыптық парк. Ол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің бойлары өте қысқа. 100-ден астам парк қызметкерлері күніне 2 шоу дайындайды. Оның ішіне балет қойылымдары, хип-хоп және ергежейлілер патшасының сөзі кіреді.

Әлемдегі 10 ерекше эскалатор >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес