Өміріңіздің сапасын арттырғыңыз келеді ме? Келесі 10 кеңесті оқып көріңіз.

 

1. Біріншіден, таңертең өте ерте ояныңыз. Өйткені ғалымдар ерте ұйықтап, ерте оянатын адамдардың өмір жасы ұзақ болатындығын бұрын да дәлелдеп қойған.

2. Екіншіден, таңертеңгі асты тойып ішіп алу керек. Себебі таңертеңгі аспен біз бір күнге қуат жинап аламыз.

3. Таңертең кішігірім жаттығу жасауды ұмытпаңыз. Таңғы жаттығу денеңізді шынықтырып, ұйқыңызды ашады.

4. Таныстарыңызға да, жай көшеде кетіп бара жатқан адамдарға да күлімсіреп жүріңіз. Ал ер кісілерге күлімсіреп жүрген тіпті пайдалы екен. Себебі психологтар күлімсіреп жүретін жігіттер сымбатты болмаса да әйелдерге көңілсіз сымбатты жігіттерге қарағанда көбірек ұнайтындығын дәлелдеген.

5. Ақуызы мол тамақты көбірек, тәтті мен холестерині бар тамақты азырақ жеуге тырысыңыз.

6. Тамақ ішердің алдында аш қарынға бір стақан су ішу қажет. Көптеген диетологтар суды көп ішетін адамдардың емделуге жиі келмейтіндігін айтады. Осыдан-ақ суды көп ішудің пайдасы қандай екендігін аңғару қиын емес.

7. Барлық жаңалықтардан хабардар болып жүруге тырысыңыз. Ол сізге қажет болмаса да жаңалықтарды білетін адам әрдайым жақсы әңгімелесуші және кез-келген ортаның сүйікті қонағы болады.

8. Күнделікті аздаған уақытыңызды өзіңіздің хоббиіңізге арнаңыз. Егер хоббиіңіз болмаса, өзіңізге ұнайтын іс тауып алып, күнделікті соған аздаған уақытыңызды бөліп тұруға тырысыңыз.

9. Күн сайын өзіңізді кемелдендіруден талмаңыз. Ұзақ болмаса да күнделікті кітап оқыңыз.

10. Ұйықтар алдында таза ауада серуеңдеңіз.

Егер осы кеңестердің бірнешеуін күнделікті орындап тұрсаңыз, бір айдың көлемінде сіздің өміріңізде өзгерістер бола бастағанын байқайсыз, әрине, тек жақсы жағына қарай өзгерістер орын алатын болады.

Алаяқаты анықтайтын белгілер >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес