Сіздің өміріңіздің құнына тең жерлер.
«Өлер алдында Парижді көрсең арман жоқ» деген сөз барлығына да белгілі, бірақ Францияның астанасы қандай болмасын, қауіптілігі жағынан әлемнің басқа қызықты жерлерімен ол бәсекелесе алмайды. Өлім кез-келген жерде күтіуі мүмкін, бірақ саяхатшылардың арасындағы дәл осы әйгілі жерлерде өмірмен қоштасу қаупі әлдеқайда жоғары. Бұл қылмыскерлердің кесірінен немесе адамдардың өздерінің абайсыздығынан емес, сондықтан, егер де сіз саяхатқа аттанып, жолыңызда келесі көрсетілген жерлердің бірі кездессе – абай болыңыз.
1. Өлім Жолы
Аты айтып тұрғандай, Ла-Пас пен Коройко тауларының арасында жатқан бұл жол ең қауіпті жолдардың бірі. Боливияда ғана емес, барлық әлемде. Біз қазір жабдықталмаған тар (ені 3 метрдей) қисық жол жайлы айтып жатырмыз, ол жерде тастардың құлауы жиі кездеседі, ал жауын мен тұман кәдімгі құбылыс, өлімге алып келген жол апаттары осы жолдың ажыратылмас бөлігі. 2006 жылы 20 жыл бойы салынып келе жатқан, осы жолдан әлдеқайда қауіпсіздеу әрі ыңғайлы жол құрылысы аяқталды, соған қарамастан Өлім Жолы экстрималды саяхатшыларды өзіне тартады
2. Корольдік жолақ
Испандық Малагада боливиялық Өлім Жолының аналогы бар, ерекшелігі – ол жерде автокөліктер жүрмейді, адамның өзіне өту қиындық тудырады. Эль Чорро шатқалындағы жол - гидроэлектростанция құрылысшылары Чорро мен Гайтанехо сарқырамаларының арасын өте алу үшін жасалған, тауға қағылған рельсілерде орналасқан бетон жолақ. 1921 жылы король Альфонсо XIII КОнде дель Гуадалхорсе бөгетінің салтанатты ашылуында ені метрден аспайтын осы 3-километрлі жолды өткені үшін корольдік атағын алды. Уақыт өте келе жолдың кейбір жерлері бұзылды, бірақ 2015 жылы қалпына келтірілген, бұрынғыдан қауіпсіздеу нұсқасы ашылды
3. Шайтанның Купелі
Оңтүстік Африкадағы Замбия мен Зимбабвенің шекарасында Виктория сарқырамасы бар, осы сарқырамада Шайтанның Купелі орналасқан – Ливингстон аралының Замбия жағындағы сарқырама шет жағындағы орын, ол жерде қыркүйек пен желтоқсан айларында судың төмен деңгейі мен қуатсыз ағынның арқасында 120 метрлік сарқырама шетінен бірнеше метр жерде жүзуге болады. Бұл трюк салыстырмалы түрде қауіпсіз деуге болады, бірақ өлімге алып келген жағдайлар да сирек кездесетін жай емес
4. Кьерагболтен
Норвегиялық Люсе-фьордтың жанында Кьераг үстірті орналасқан, оның басты көрікті жері Кьерагболтен тасы болып саналады. Бұл тастың көлемінің шамасы 5 кубометр, оның ерекшелігі – екі таудың ортасында бір километр биіктігінде қыстырылып тұр. Бұл тасқа саяхатшылар жиі шығады, сәтсіз жағдай үшін қатты жел соғуы немесе бір қате қадам жасалуы жеткілікті, сосын еш нәрсені қайтару мүмкін емес болады
5. Уайна-Пикчу
Перудағы тау, Мачу-Пикчу инктарының жоғалған қалаларында орналасқан, саяхатшылар жиі баратын жерлердің біріне айналған. Бұрында құрбандыққа шалулар рәсімдері жиі жасалынған ғибадатханаға алып баратын жол қазіргі кезде де адамдардың өміріне қауіп тудыруда – қоршалмаған, тастан жасалған тар жол қателіктерді кешірмейді. Әсіресе ұзын жол 3 сағаттай уақыт алады, ал қысқа жолмен Уайна-Пикчуге "бар болған" бір сағатта көтерілуге болады
6. Хуашань
6. Қытайдағы даосизмнің бес Киелі Тауларының бірі өзінің көп ғибадатханаларымен ғана емес, шыңға алып баратын қауіпті жолдарымен де әйгілі. Екі адам симайтында тар жолдардың қоршауыз болғаны оларды өмірге қауіпті етті. Осының үстіне келеңсіз ауа райын қосыңыз, неге Хуашань әлемдегі ең өмірге қауіпте көрікті жерлердің бірі екенің түсінесіз
7. Құбыжықтың Тілі
7. Норвегиялық тағы да бір көрікті жер – Скьеггедаль тауындағы шеті шығып тұрған жартас, ол Рингедалсватн өзенінің үстінде 700 метр биіктігінде өзіңді шет жағында сезінуге мүмкіндік береді. Ешқандай қоршаулар, ешқандай қауіпсіздік шаралары – барлығы өзіңіздің тәуекеліңізбен. Кейбір кездері тиісті түрде бағаланбайтын қауіп абайсыз саяхатшылардың жартастан құлап мерт болуына себеп болады
Қысқасы, егер осылардың барлығына ойлана қарасақ, осы қауіпті көрікті жерлерге бару өте жарқын әрі ұмытылмас тәжірибе бере алады. Бастысы – бекерден бекер тәуекелге бармау