Әр адам білуі тиіс этикет ережелері

Кез-келген адам білуі тиіс этикет ережелерімен танысыңыз.

Әрбір адам білуі тиіс этикеттің ережелері:

Ер адамға ұсынуға болатын гүлдер: хризантемалар, раушан гүлдері, қалампыр, дельфиниумдар, орхидеялар, бамбук, каллалар, лалагүлдер, антурийлар, гладиолустар, қызғалдақ, ирис, гербера, плюмерия, геликонийлер, түймедақ, күнбағыс.

Ерлерге гүл сыйлау кезінде түстер үйлесімі жайлы ұмытпаңыз.  Күлгін, қою қызыл, ақ, көк, жасыл түсті гүлдерді бере аласыз.

Ер адамға г.үл сыйлау

Қай кезде ер адамға гүл сыйлауға болады:

  • Фильмнің премьерасы
  • Концерттік премьера
  • Кітап шығару
  • Мақала жариялау
  • Жаңалық ашу
  • Туған күн
  • Марапатқа ие болу
  • Спорттық рекорд

Қол алысып амандасу

Әйел адаммен қол алысып амандаспайды, егер ол бірінші болып қолын созса, онда амандасуға болады, бірақ, оның қолын ерлер сияқты қатты қыспаңыз.

Жасы бойынша үлкен адам алдымен қолын береді, мұғалім немесе тәлімгер - оқушыға, басшы - қоластындағы жұмысшыға. Сіз ойын ережелерін өзгерте алмайсыз, біздің қоғамда касталар болмаса да, басқалардың сізді дұрыс түсінбеуі мүмкін.

Қол беріп амандасу

Амандаса отырып, достық пейілдің белгісі ретінде көзге қарап, сәл жымиған жөн. Қол алысып жатып басқа жаққа қарау - бұл екінші адамды сыйламайтыныңызды білдіреді. Кейбіреуі сізді сенуге болмайтын адам ретінде қабылдауы мүмкін.


Этикет ережелеріне сәйкес, сорпа құйылған ыдысты әрдайым өзіңнен ары қарай қисайту  керек! Кейбір дереккөздер ол мүлдем керек емес деп жазады.

Ханымдар үстелден тұрған кезде ер адамдар әрдайым тұрып, сыйластықтарын білдіруі қажет!

Күйеуі әйелін еркелеткенде тұрған ештеңе жоқ. Бірақ, ол сөздерді барлығы естіп қажеті жоқ. Сондықтан, қоғамның ортасында болғанда, бір-бірін өз атымен атаған жөн.


Мейрамханадағы этикеттің негізгі негізгі ережелері:

  • Үлкен кесектерді кішігірім етіп кесу керек
  • Ыстық тамаққа үрлеуге болмайды; оданда суығанын күтіңіз
  • Аузыңызды тамаққа толтырмай, аз-аздан жеген жөн
  • Майлық қолданыңыз
  • Әрдайым аузыңызды майлықпен сүртіңіз
  • Ешқашан аузыңызды қолыңызбен сүртпеңіз немесе тамақ толы аузыңызбен сөйлемеңіз
  • Айналадағылардың бәрі тамақты қолдарымен жесе де, сіз шанышқы мен пышақты қолдана аласыз
  • Телефонды ешқашан үстелге қоймаңыз

Үстел үстінде телефонмен қолданбау

Көпшілік алдында және сөйлесу кезінде сағыз шайнау - өте өрескел деп саналады! Сағыз шайнау әдеті -  әдептілік ережелерін білмейтіндігіңізді көрсетеді.


Сіздің әдепсіздігіңіздің ең үлкен көрсеткіші - біреумен сөйлесу кезінде басқа заттарға назар аударып, көршіңізді елемеу. Сіз шаршап кетсеңіз де немесе жалықсаңыз да, оны білдірмеуге тырысыңыз.

Шаршап кетсеңіз де немесе жалықсаңыз да, оны білдірмеуге тырысыңыз.

Егер баспалдақпен көтеріліп бара жатқанда ер мен әйел адам кезігіп қалса, онда ер адам әйелдің алдына өтуі керек, ал түсіп бара жатқанда, керісінше, әйел адам  алдында болуы қажет. Егер баспалдақ тым тар, тік немесе қараңғы болса, онда ер адам әйелдің алдында жүреді.

Баспалдақпен көтерілген әйел таянышы бар жағын таңдауы керек. Ол жолда ер адамды кездестірсе, оң жақта жүру ережелеріне қайшы келсе де,одан алыстамауы керек.

Алаяқтың қулығына түсіп қалмаңыз >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес