Неге КСРО есіктері былғарымен немесе дермантинмен қапталған

Не үшін КСРО тұрғындары кіре берістегі есіктерін былғарымен, не болмаса дермантинмен қаптағанды ұнатқан деген сұраққа осы мақаладан жауап таба аласыз.

Егер де сіз КСРО уақытын көрген болсаңыз, сырт жағынан, кейбір кездері тіпті ішкі жағынан дермантинмен қапталған есіктер естіңізде деп ойлаймыз. Қаптаманы декоративті қалпағы бар шегелемен есіктің периметрі бойынша немесе белгілі бір сурет шығару үшін есіктің ортасынан бекіткен.

Айтпақшы, есіктерін екі жағынан қаптаған мысық иелері тез арада өкініп қалды, себебі үй жануарлары қаптаманы аямай тістерімен, тырнақтарымен жыртады. Сыртқы есікті қаптау – кең таралған құбылысы, кейбір тұрғындар ғана есікті сәндеусіз қалдырған.

Не себептен бұл кең таралған зат болды?

Бірінші себеп – сән. Бұл сән улгісі КСРО жерінде тұрғын үйлердің кеңінен тұрғызылуы басталған сәтте пайда болды деп айтуға болады. Ол кездегі кәдімгі орнатылатын есіктер бір үлгіде ғана жасалды, бір түсте, жақсы көрінетін деп айту қиын. Ал есікті дермантинмен қаптау тұрғындардың фантазиясын оятуға, жекелігін көрсетуге, көршілерінің алдында өзінің жағдайын көрсетуге мүмкіндік берді.

Неге КСРО есіктері былғарымен немесе дермантинмен қапталған

 

Екінші себеп – сақтық. Мәселен, Кеңес одағында сапалы өнімді сатып алу қиын болатын. Адамдарға тауардың ақшасын төлеп қоймай, сол үшін тағы кезекте тұру керек болған дегенді естіген боларсыз.

Ал дермантинді артығымен сатып алып, қоймаға сақтауға қойып қоюға болатын, шегелер кез-келген көлемде жеткілікті, ал жақсы есікті табу қиынға соғатын. Сондықтан қаптама есікті қорғайтын роль де сомдайтын.

Неге КСРО есіктері былғарымен немесе дермантинмен қапталған

 

Үшінші себеп – дыбыс изоляциясы. Көп тұрғын үй тұрғызу үшін олардың бағаларын, сонымен қатар сапаларын төмендету керек болды. Кейбір үйлерді теледидар тұрмақ көршілердің жай әңгімесін естуге болушы еді. Дермантин мен оның астына салынатын материалдар кіре беріс алаңның шуының біраз бөлігін басатын.

Неге КСРО есіктері былғарымен немесе дермантинмен қапталған

 

Төртінші себеп – жылу изоляциясы. Қыс кезінда барлығы пәтер ішіндегі жылуды сақтауға тырысатын. Жылудың біраз бөлігі жұқа сыртқы есік арқылы шығып кететін. Жиі дермантин астына поролон немесе басқа жылы материалдар қабатын төсейтін.

 

Қызықты фотолардың топтамасы >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес