Әлемдегі ең ерекше 10 эскалатор

Бұл топтамадан әлемдегі ең ерекше 10 эскалатор жайлы ақпарат ала аласыздар. Эскалаторлар адам сенгісіздей өзгеше бола алады екен.

Біздің заманымызда ең маңызды заттардың бірі болып табылатын эскалаторлар өткен ғасырда ойлап табылған болатын. Ең алғашқы эскалатор Америкада Нью-Йорктегі парктердің біріне орнатылды. Ол туристерге арналған аттракцион ретінде қызмет атқарған. Эскалаторлардың негізгі мақсаттары 1921 жылы Лондон метросында анықталды. Енді, шамамен 100 жылдан кейін, көліктің бұл керемет түрі қала өмірінде кең тарала бастады. Оның алуан түрлілігі адамды таң қалдырады. Бүгінгі шолуда біз әлемдегі ең ерекше 10 эскалаторды қарастырамыз.

 

1. Велосипедисттерге арналған эскалатор

Велосипедисттерге арналған эскалатор

Бірінші велосипед эскалаторы Норвегияның тік тауларының баурайында орналасқан, Тронхейм қаласында салынған. Мұндай өнертабыс велосипедті ұнататын туристер мен тұрғындардың өмірін едәуір жеңілдетті. 25 жылға жуық уақыт ішінде бұл ерекше эскалатор осы шағын қаланың басты назар аударарлық ерекше орнына айналды.


 

2. Қытайдың Хубэй провинциясындағы эскалатор

Қытайдың Хубэй провинциясындағы эскалатор

Осыдан бірнеше жыл бұрын әлемдегі ең ұзын эскалатор Қытайдың Хубэй провинциясында салынды. Ол Энши  шатқалының етегінде орналасқан. Оның ұзындығы - рекордты 668 метр, уақыт бойынша барлық жол шамамен 18 минутты алады.


 

3. Шанхайдағы спиральды эскалатор

Шанхайдағы спиральды эскалатор

Спиральды эскалаторлар дизайнының күрделілігіне байланысты өте сирек кездеседі. Бұл, әрине, қытайлықтарды қорқытпайды. Қытайдың Шанхай қаласындағы New World Daimaru әмбебап дүкенінде салынған эскалатор керемет әсер сыйлайды: 12 қисық эскалатор бір-бірімен қосыла отырып, үлкен спиральды баспалдақ құрайды.


 

4. Алғашқы суасты эскалаторы

Алғашқы суасты эскалаторы

Су астындағы эскалатор келушілерге Тайваньдағы Хаулян мұхитты паркінің тереңдігіне түсуге мүмкіндік береді. Үлкен акулалар, скаттар және басқа да теңіз құбыжықтары сіздің дәл жаныңызда  жүзіп жүргенін елестетіп көріңізші!


 

5. Әлемдегі ең қысқа эскалатор

Әлемдегі ең қысқа эскалатор

Әлемдегі ең қысқа эскалатор Жапониядағы супермаркеттердің бірінде орналасқан. Ол небары 5 сатыдан тұрады, ал биіктігі 83,4 см.Гиннестің рекордтар кітабында оны әлемдегі ең пайдасыз эскалатор деп таныған.


 

6. «Суасты әлемі» эскалаторы

«Суасты әлемі» эскалаторы

Бұл эскалатор мұзды үңгірдің тереңінде немесе мұздатылған көлдің астында орналасқан сияқты әсер тудырады. Бұл нақты өнер туындысын Неапольдегі Толедо метро станциясынан таба аласыз.


 

7. Ерекше айқасқан эскалатор

Ерекше айқасқан эскалатор

Бұл ерекше эскалатор Мәскеудегі «Европейский» сауда орталығында орналасқан. Сонымен қатар, қиылысатын дизайн - бұл әзіл емес, бос орын үнемдеудің тамаша тәсілі.


 

8. Көше эскалаторы

Көшедегі эскалаторды сирек кездестіресіз. Солардың бірі Сингапурдегі Ұлттық музейдің жанындағы саябақта орналасқан.


 

9. Лачуг аймағындағы эскалатор, Колумбия

Лачуг аймағындағы эскалатор, Колумбия

Меделиндегі 13-ші Коммуна тұрғындары үшін 2011 жылы салынған эскалатор нағыз құтқару құралы болды. Қала биік тауларда орналасқан, көптеген жылдар бойы тұрғындарына жүздеген қадамдар арқылы жоғары және төмен қарай жүруге тура келді. Жаңа «көліктің» арқасында қазір басынан аяғына дейін барлығы 6 минут.


 

10. Ең ескі жаяу жүргіншілер эскалаторы

Ең ескі жаяу жүргіншілер эскалаторы

Әлемдегі ең көне эскалатор Нью-Йорк қаласы Манхэттендегі Macy's Herald Square супермаркетінде. Туристердің көңілінен шығу үшін ол өзінің бұрынғы келбетін сақтап қалды.

1800 жылғы француз сейфі >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес