Әлемдегі ең қауіпті жағажайлар

Әлемдегі ең қауіпті жағажайлар туралы ақпарат.

 Теңіз, күн сәулесі, жылы құм. Жағажайда жеміс-жидек шырынымен шөл қандырып, салқын суға шомылғанға жететін нәрсе бар ма екен? Әрине, жағажайдағы демалыс – ең керемет демалыстардың бірі, бірақ кейбіреуіндегі демалыс сіз үшін соңғысы болуы мүмкін.

Реюньон аралы

1. Реюньон аралы ең қауіпті арал дәрежесін акулалардың шабуылынан кейін алды. 2011 жылдан бері арал суларында 20 шабуыл нәтижесінде 7 өлім тіркелді. Статистика бойынша, әлемдегі барлық акула шабулынын 13%-ы дәл осы жерде орын алды


Фрейзер аралыФрейзер аралы

2. Фрейзер аралы, Австралия. Фрейзер аралының жағажайлары шомылуға жабық. Бірақ егер де сіз жылы теңізде шомылғыныз келсе, акула мен медузалардан қорғануға дайын болыңыз. Ал терең жерлерінде сізді қауіпті өрмекшілер күтіп жүр


Гансбаай, Оңтүстік Африка

3. Гансбаай, Оңтүстік Африка. Жағадан бірнеше километр жерде «Shark Alley» атты жер бар, бұл кішігірім арнада өте көп теңіз мысықтары мекендейді. Ол мысықтардың қауіпі жоқ, бірақ олар үлкен ақ акулаларды тартады. Егер сіз үмітсіз болсаңыз, онда акулалармен бетпе-бет кездесу үшін темір тормен сүңгу қызметімен қолдана аласыз


Шэньчжень, Қытай

4. Шэньчжень, Қытай. Бұл жерде халықтың көп болғаны соншалық, кіммен келгеніңізді таба алмай қалуыңыз мүмкін. Бұл көп балалардың батып қаза табу себебіне айналды


Квинсленд пен Австралия

5. Квинсленд пен Австралияның барлық солтүстік бөлігі. Жыл сайын, қазан мен сәуір айларының арасында кубомедузалардың ауқымды түрде көбеюі солтүстік Австралиядағы жүздеген жағажайлардың жабылуының себебі болады. Кубомедуза әлемдегі ең улы жаратылыстардың бірі, 1883 жылдан бері кем дегенде 70 өлімнің себебі. Медузаның тістеуі өте қатты қиналдыратын ауырсыну тудырады, кейбір адамдар ауырсыну сезімінен жағаға жетпей көз жұмады


Волуси графствосы

6. Волуси графствосы, Флорида. Волусия жағажайларында акула шабуылы қаупі бар. Бірақ графство жағажайлары бұнымен қауіпті емес. 1997 мен 2006 жылдар аралығында Волуси жағажайларында 71 найзағай соққысынан қаза табу жағдайлары тіркелген


Чоупатти Бич, Индия

7. Чоупатти Бич, Индия. Мумбайдағы Чоупатти жағажайы көп жылдан бері ең лас жағажайлардың бірі болып саналады. Бұл жердегі теңіз шомылуға мүлдем жарамайды


Копакабана жағажайы

8. Копакабана жағажайы, Бразилия. Бұл жерде акулалардан қорықпай жүре берсеңіз болады. Қылмыс қауіпі өте жоғары. Ұрлық пен тонау осы жағажайды кәдімгі жағдай


Атолл Бикини, АҚШ Маршалловы Аралдары

9. Атолл Бикини, АҚШ Маршалловы Аралдары. ЮНЕСКО Бүкіләлемдік халық фонды осы жағажайды екі себеппен әлем бойынша ең қауіпті жағажайлар тізіміне қосты: радиация мен акулалар. Барлығы 67 ядерлі жарылыс өткізілді. 1997 жылы аралдар қауіпсіз ретінде жарияланғанымен, осы жерге саяхаттағыңыз келсе, алдымен жақсы дозиметр сатып алуды ұмытпаңыз, көзіңізге түскен нәрсенің барлығын тексеріп жүріңіз. Бұдан жақсысы, демалысқа басқа орын таңдаңыз


 width=

10. Қызыл үшбұрыш, Калифорния. Акуланың адамға шабуылының 11%-ы осы жерде тіркелінген


Playa Zipolite, Мексика

12. Playa Zipolite, Мексика. Zipolite сөзі «өлілер жағажайы» деген мағына береді деген пікірлер бар. Бірақ жағажай нудисттер көп баратын жер болып саналады. Жағажай қатты ағыстарымен де танымал болды. Бірақ 1995 жылдан бері жағажайда үнемі волонтерлар топтары кезекшілік атқарады, сондықтар жағажай бұрынғыдан көп есе қауіпсіз


Амазонка жағажайлары, Бразилия

13. Амазонка жағажайлары, Бразилия. Амазонка суларында бөрібалықтар, анакондалар, қолтырауындар мен электрлі жыланбалықтар қаптап жүреді

Перфекционизмнің жоғары деңгейі >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес