Ересек адамның асқазанының орташа көлемі 0,5 л, ал ол тамақтанғаннан кейін бір жарым литрге дейін өсуі мүмкін. Бірақ, бұл шегі емес, табиғат тамақтануды жақсы көретіндерді ойлап, асқазан қабырғаларын серпімді етіп жаратқан.
Сондықтан, адам асқазанына 5 литр көлеміне дейін тағам сыяды. Егер сол шектен асып кетсе, не болады? Асқазан ақыры көп тағамнан жарылып кетуі мүмкін бе?
Әрине, бұл мүмкін – асқазан қабырғалары түскен қысымға шыдамай, жыртылып кетеді. Бірақ, бұған жету өте қиын: адамның жақсы қорғаныс механизмі бар - құсу рефлексі. Асқазанға сыймай, оны жарылуына дейін алып келетін мөлшердегі тағамды көпшілік адамдар физикалық тұрғыдан қабылдай алмайды – асқазанға түскен тамақ сол жолмен кері шығады.
Сондықтан, қандай да бір физикалық ауытқулардың әсерінен құсу рефлексі дұрыс жұмыс жасамайтын немесе психикалық ауытқулары бар адамдар ғана өздерін сол қатерге жеткізеді. Сирек болса да, бұндай жаағдайлар кездесіп жатады. Тамақты жылдамдыққа жейтін жарыстарға қатысатын адамдар өздерін осы қауіпке итермелейді. Жиі жаттығулар арқылы өздерінің құсу рефлекстерін минимумға дейін түсірулері мүмкін.