Көлікпен жүруге тыйым салынған жерлер.
Біздің Жерімізде көліктерге тыйым салынған жерлер бар, тіпті, көлік тұрмақ, велосипедпен де жүруге болмайды. Балама көліктер әртүрліі: есектер, гольф арбалары, қайықтар мен мұздық экспресстер.
1.Гитхорн, Нидерланды.
Бұл ауыл «Голландиялық Венеция» деп те аталады, және Венециядағыдай бұл жерде көше жоқ. Жағалаудың екінші жағында орналасқан үйге жету үшін ағаштан жасалған көпірлер бар және олардың астымен Гитхорндағы ең үлкен электроботты кайықтарда өте алады. Айтпақшы, барлық су көлігі электрмоторлармен жүреді, соляркаға тыйым салынған.
Тасымалдаудың бұл әдісі географиялық ерекшеліктердің нәтижесінде қалыптасты. Ауыл орналасқан жерде шымтезек көп. Жергілікті тұрғындар бұл жайлы білгенде, өздері үшін ең ыңғайлы жерлерде қаза бастады. Нәтижесінде шұңқырлар пайда болды, олар біртіндеп көлге айналды, содан кейін арналар тізбегі пайда болды. Демек - көліктерден мәжбүрлі түрде бас тартты және су көлігіне көшті.
2.Церматт, Швейцария.
Швейцариялық Альпі тауында орналасқан бұл ауылға да көлікпен жете алмайсыз. Заң автомобильдерді пайдалануға тыйым салады, өйткені олар ауаны ластайды. Бірақ тыйым тек жеке көліктерге қатысты.
Төтенше жағдайлар қызметі, қонақүй және такси коммуналдық қызметтерінде көлік бар, бірақ, олар электромобильдер. Ішкі жану қозғалтқыштары бар көліктер мүлдем жоқ. Тіпті, полиция қызметкерлері жаяу жүреді, велосипедтер мен аттарды көлік ретінде пайдаланады.
3.Идра, Грекия.
Грекияның Идра аралында (оны Гидра деп те атайды) көліктер де, мотоциклдер де, мотороллерлер де жоқ. Ауаны ластайтын ештеқандай көлік жоқ. Мұның себебі кез-келген автокөлік құралын пайдалануға тыйым салуға жетелейтін қорық дәрежесі.
Жалғыз көлік - бұл бүкіл аралдағы жалғыз қоқыс тасушы. Велосипедтер зиянсыз болып көрінгеніне қарамастан, көліктің бұл түрін порт аймағы мен аралдың ескі бөлігінде қолдануға болмайды. Бұзушыға айыппұл салынады, оның мөлшері сіздің жол қозғалысына қаншалықты кедергі жасағаныңызға байланысты.
4.Венеция, Италия.
Бұл дөңгелек көмегімен тек чемодандар қозғалатын әлемдегі ең әйгілі қалалардың бірі. 2016 жылдан бастап тіпті велосипедтерге тыйым салынды. Бұл қақтығыстарды жою үшін, сонымен қатар, онсызда тар көшелерді босату үшін жасалады. Құқық бұзушылар 50 евродан айыппұл төлеуге міндетті. Венецияда тек су көлігін пайдалануға рұқсат етілген.
5.Ламу, Кения.
Үнді мұхитының жағалауында орналасқан бұл аралдағы қаланың тар көшелерінде көлікпен жүруге болмайды. Ондай мәртебеге ие - аралдағы жалғыз көлікті тізгіндеуші полиция комиссары. Көшелер біршама кең болған күннің өзінде, бұл жерге келген саяхатшыларға қиын болар еді: қаладағы ғимараттар нөмірленбейді, сондықтан нақты мекен-жайлар да жоқ.
6.Макино-Айленд, АҚШ.
Қала Мичиган штатының бөлігі болып табылады және Гурон көліндегі дәл осылай аталатын аралда орналасқан. Оған ұшақпен немесе катермен жетуге болады. Содан кейін - жаяу, атпен немесе велосипедпен барасыз. 1898 жылдан бастап барлық моторлы көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынды.
Шамасы, қала тұрғындары уақыт өте келе көліктер әлемді басып алатынын, ал олардан шығатын түтіндер ешқандай жақсылыққа әкелмейтінін білген болуы керек. Олар аралды алдын-ала қорғауды шешті. Төтенше жағдай автокөліктеріне және техникалық қызмет көрсету көліктеріне ғана жүруге рұқсат етілген.
7.Ла-Кумбресита, Аргентина.
Аргентинаның кішкентай ауылында қатаң экотуризм саясаты сақталған: Ла Камбресита тек жаяу жүргіншілерге арналған қала. Кіре берісте әр туристке ауылдың картасы беріледі, бірақ көшелер онда белгіленбейді, өйткені бұл ауылда көше жоқ. Сіз тек қана мейрамханалардың, қонақ үйлердің аттары мен бұрылыстарды санау арқылы жолды бағдарлай аласыз. Ең бастысы, адасып кетпеу керек, не болмаса, басына қайта оралуға тура келеді.
8.Мдина, Мальта.
Мдинаны мүлде автокөліксіз қала деп атауға болмайды, өйткені бұл жерде көліктер аз болса да бар. Көлікпен тек жергілікті тұрғындарға жүруге рұқсат етілген. Жеке көлікпен жүруге тек туристерге ғана емес, сонымен қатар, басқа қалаларда тұратын мальталықтарға да тыйым салынады. Мұның бәрі осы «үнсіздік қаласындағы» тыныштықты бұзбау үшін.
Айтпақшы, Мальта астанасы Валлеттаға да кіру оңай емес. Қаланың көптеген көшелері жаяу жүргіншілерге арналған, ал тарихи орталыққа кіру - ақылы. Алайда, көлікпен саяхаттауға ол жерде де рұқсат етілмейді: XVI ғасырда көшелер күймелер мен салт аттылардың ыңғайына қарай салынған, сондықтан ол көшелермен жүру біраз қиындық туғызады
Біздің санамыздың құпияларын ашатын жад туралы ерекше 8 факт >>>