Егер қандай да бір маңызды ғылыми заңды немесе қандай да бір маңызды жаңалықты сіздің есіміңізбен атаса, қандай керемет! Ал қарапайым нәрселер туралы не айту аласыз: салат немесе коктейль? Оның өзі керемет әсер сыйлайды, келісесіз бе? Бүгінгі шолуда біз сіздерді күнделікті тұрмыстағы заттарға өз есімдерін берген 10 тарихи тұлғамен таныстырғымыз келеді.

«Маргарита» пиццасы

«Маргарита» пиццасы

Бір кездері, әртүрлі дәмді тағамдармен тамақтанып үйренген Италия патшайымы Савойя Маргарита, қарапайым нәрсе жегісі келді, яғни, қарапайым халық жейтін тағамнан дәм татқысы келеді. Бұл патша аспаздарын қатты таң қалдырды. Осы кезде Неапольдегі ең жақсы пиццерияның иесі Рафаэло Эспозито көмекке келді. Ол патшайымға арнайы пицца дайындады: моцарелла, черри қызанақтары және хош иісті райхан қосты. Сыртқы жағынан бұл түстер комбинациясы Италияның жалауына ұқсады. Королеваға тағам өте ұнады. Рафаэло еш ойланбастан өзінің шедеврін «Маргарита пиццасы» деп атады.

 

"Хемингуэй аққайнары" коктейлі

"Хемингуэй аққайнары" коктейлі

Ұлы жазушы және алкогольді бағалаушы Хемингуэй дайкиридің жанкүйері болған емес. Бірақ, Париж кезеңінде ол өзі коктейльдің рецептін ойлап тапты: шампан және біраз абсент. Оған «Түстен кейінгі өлім» деген ерекше атау берді.

 

Мерседес автокөлігі

Мерседес автокөлігі

Эмиль Еллинек - Еуропадағы танымал дипломат және кәсіпкер болды. 1890 жылдары ол инженер Готлиб Даймлермен және авто дизайнер Вильгельм Майбахпен бірге Ниццада автомобиль өндірісін құрды. Бизнес өте жақсы пайда әкеліп отырды. Эмиль өзінің ең сәтті және ең көп сатылатын автокөлігінің моделін Мерседес деген лақап аты бар кіші қызы Адриананың құрметіне атады. (Сефард тілінен аударғанда - «Грация»). 1902 жылы Париждегі автомобиль көрмесінде қыздың портреті ілулі тұрған. Бір қызығы, Мерседес ешқашан әкесі сияқты көліктерге құштарлық танытпаған.

 

Бардотка жейдесі

Бардотка жейдесі

Брижит Бардо сән әлеміндегі нағыз революционер болды. Біздің ойымызша, көптеген қарапайым киімдерге жаңа леп, екінші өмір сыйлаған сол болды: жіңішке джинсы, кең шляпалар мен балетка аяқ киімдері. Жалғыз нәрсе - ашық иықтары бар қысқа блузка әйгілі сұлудың есімімен аталды.

 

Никотин

Никотин

16 ғасырда Франция елшісі Жан Вильман Нико Португалиядан Парижге темекіні әкелді. Бірнеше жылдан кейін ол осы «кереметке» тек патша ақсүйектерін ғана емес, бүкіл әлемді тәуелді қылды. Ер адамның өзі бұл өсімдік кез-келген ауруды, оның ішінде обаны емдей алатынына шын жүрекпен сенді.

 

Карпаччо

Карпаччо

1950 жылы Амалия Нани Моценигоның жеке аспазы Джузеппе Циприани дәрігерлер қайнатылған және қуырылған ет жеуге тыйым салған графиняға арнайы тағам дайындады - балғын егістік қышатүсі, черри қызанағы және пармизан ірімшігімен безендірілген, лимон шырыны мен зәйтүн майы қосылған, жіңішке кесілген шикі сиыр еті, Тағам өте түрлі түсті болды. Аспаз еш ойланбастан, ерекше бояулармен ерекшеленетін өзінің туындысын атақты суретші Витторе Карпаччоның құрметіне атайды.

 

Лабутен туфлилері

Лабутен туфлилері

1979 жылы Париждегі сән үйлерінің бірінде шебердің көмекшісі болып жұмыс істеген Кристиан Лабутен өзінің әйгілі аяқ киімдерін «ойлап тапты». Дизайнерді керемет аяқ киім үлгісін жасауға бір сән үлгісінде жанында отырған әйелдің ашық қызыл түсті тырнақтары шабыттандырған. Лабутен тафлилері аз уақыттың ішінде сәнге айналды. Міне, 40 жылға жуық уақыт өтсе де, олар өздерінің танымалдылығын жоғалтқан жоқ.

 

«Оливье» салаты

«Оливье» салаты

Люсьен Оливье 19 ғасырдың ортасында Мәскеуде атақты аспаз болған. Әйгілі салат, әрине, оған даңқ әкелді. Бұл салаттың жасалу жолын Люсьен өмір бойы құпия сақтаған. Барлық ингредиенттер белгілі болса да, ешкім түпнұсқа сияқты жасай алмады.

 

Мансарда

Мансарда

Сәулетші Франсуа Мансар өз ісінің шебері болды, бірақ біршама біртүрлі адам болған деседі. Өзі салған ғимарат оның сұлулық идеалына сәйкес келмесе, еш ойланбастан бұза салады екен. Өздеріңіз түсінгейдей, сәулетшіде көп тапсырыс берушілер болмаған. Осыған қарамастан, Франсуа Мансар тарихта француз барокко өкілдерінің бірі ретінде қалды. Сонымен қатар, Мансар тұрғындар үшін ыңғайлы өмір сүруге арналған шатырды жабдықтау идеясын ойлап тауып, жүзеге асырған. Осылайша мансарда пайда болды.

 

«Бенедикт» жұмыртқасы

«Бенедикт» жұмыртқасы

Аңыз бойынша, бекон мен голланд тұздығы қосылған тостты пашот жұмыртқасымен ұсыну идеясы Waldorf Hotel мейрамханасында пайда болды. Брокер Лемуэл Бенедикт таңертең мастықтан айыға алмай жатып, даяшыдан оған жеңіл, әрі ерекше нәрсе әкелуін өтінді. Мейрамхананың бас даяшысына бұл тағам қатты ұнап, оны мекеменің басты мәзіріне қосты.

6 таң қаларлықтай ерекше мұражай >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес