Алаяқтың қоңырауын қалай бірден анықтауға болады?

Кез келген адам алаяқтардың қулығынан сақтандырылмаған. Сол алаяқтардың қолына түспеу үшін осы мақаламен танысыңыз.

Елестетіңіз: жағымды кеш, өзіңізде босаңқы сезініп отырсыз, жақсы компанияда отырсыз – осы кезде қоңырау шалынды. Белгісіз адам өзін банк қызметкері ретінде таныстырады, және де сіздің банктегі шотыңыз бұғатталғаның хабарлайды, және оны қайтадан жұмысқа келтіру үшін сол «банк қызметкері» белгілі бір ақпарат беруіңізді сұрайды.

Кез келген адам осындай жағдайда банк қызметкерін алаяқтан ажырата білмейді. Ал біз сізге қандай критерийлер бойынша алаяқты қатесіз анықтауға болатынын айтамыз.


Банк картасынан ақша ұрлау үшін оның қызмет көрсету мерзімі мен номері жеткіліксіз – SMS хабарлама арқылы келетін код қажет болады. Алаяқтар тыңдаушыға келген кодты алу үшін әр түрлі қулықтарға баруы мүмкін. Бірақ та оны ажырату қатты қиынға соқпайды.

 

  • 1. Белгісіз номер. Банк қызметкерлері ресми сайтта тіркелген номерлерден хабарласады. Сіз олардың номерің білмеуіңіз мүмкін, бірақ та белгісіз номер – ол адаммен байланыспауға тырысуыңыз керек екенінің айқын сигналы.

  • 2. Жаңа хабарламалар диалогының құрылуы. Банктің барлық хабарламалары бір-екі номерден келеді. Яғни, егер де жаға хабарламалар диалогы ашылса, абонентпен банк емес алаяқтар байланысқа түсуге тырысуда.

  • 3. Хабарласушы адам жауаптардан алшақтауға тырысады. Оператор әрдайым клиент жайында маңызды ақпаратты біледі: ол не және қай жерден сатып алады, шотта қалған ақша және тағы да басқа ақпарратар. Осы жайлы алаяқтардан сұрасаңыз, сіз дұрыс жауап алмайсыз.

Алаяқтың қоңырауын қалай бірден анықтауға болады?

  • 4. Қорқыту. Алаяқтың тапсырмасы – онымен сөйлесіп отырған адам дұрыс ойлай алмау үшін оны қорқыту. Оператор хабарласқан соң ең алдымен шоттың бұғатталуы немесе шоттан ақшаның күдікті жолмен шешілуі туралы айтса, банктің ресми телефонына қоңырау шалып, ақпараттың шыңдығы туралы біліп алыңыз.

  • 5. Сізді асықтырады. Өтірік оператор әрдайым адамға мәселені тезірек шешу керек деген себеппен асықтырады. Ал банктың нағыз қызметкері асықпайды, керісіңше, барлығын толықтай түсіндіреді және де қойылған сұрақтарға шыдамды жауап береді.

    Хабарласқан адам сіздің картаңыздағы ақпаратты немесе SMS-кодты сұрайды. Бұл жерде барлығы айдан анық. SMS-код деген – ол кәдімгі кілт сөз секілді, ал картаның номерін банктың қызметкері өзі де біледі.

  • 6. Оңай пайда. Кейбір кездерде алаяқтар қорқытпайды, керісіңше, тез әрі оңай табысқа уәде береді: мысалы, жеңілуге мүмкіндік жоқ конкурста жеңімпаз болу үшін, бар болғаны белгілі бір сумманы белгілі бір картаға аудару керек. Осылайша, сіз тек қана ақшаңыздан айырыласыз, еш табыс таппайсыз.

Алаяқтың қоңырауын қалай бірден анықтауға болады?

  • 7. Мәтін ішінде қателер. Банктің мәтіндік хабарламаларын редакторлар алдын-ала тексереді, ал алаяқтар болса кейбір кездері сол мәтінде қателер жіберуі мүмкін. Хабарламадан қате таптыңыз ба? Жауап қайтармаңыз және SMS-ті жойып тастаңыз.

  • 8. Қатемен жазылған есім. Алаяқтардың хабарламалары нағыз адреске өте ұқсас адрестен келуі мүмкін: мысалы, Sberbank және Tiknoff. Хабарламаға жауап қайтармас бұрын әдеттегі адреске жібергелі жатқаныңызға көз жеткізіңіз.

Таң қаларлықтай 17 зат >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес