Бұл мақаладан сізге қызықты болуы мүмкін 5 фактты көре аласыз.
1. Сау ұйқыға ену процессі 10-20 минут
Егер де сіз төсекке жатысымен бірден ұйықтамасаңыз, ол сізде ұйқысыздық деген сөз емес. Мамандардың айтуы бойынша, ұйқыға кіру процессі біраз уақыт алуы тиіс. Егер сіз 20 минут ішінде ұйықтай алсаңыз, барлығы дұрыс деген сөз.
2. «Дененің тілі» сіздің сенімділігіңізді арттыра алады
Біз өзіміздің денемізбен саналы түрде қимыл жасай аламыз, денеміз де бізге әсер ете алады екен. Мысалы, адам өзінің арқасын тік ұстаса, ол адамға сенімділіг береді, ал арқаны бос ұстасаңыз, ол керісінше сенімсіздік пен қорқынышты білдіреді. Өзіңіздің денеңіздің тілін сенімділік тудыру үшін қолданыңыз.
3. Сіздің денеңізде шамамен 5,6 литр қан бар
Осы 5,6 литр қан органищм ішінде әрдайым айналымда, және минутына 3 толық айналым жасайды. Тәулігіне қан жалпы айтқанда 19 000 километрден өтеді.
4. Салқын душ мидың жұмысын жақсартады.
Тұрақты түрде салқын душ қабылдай отырып, сіз ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін және де жалпы мидың жұмысын жақсарта аласыз.
5. Нәрестелер ата-аналары күлімдеуі үшін күлімдейді
Зерттеуші мамандардын айтуы бойынша, сәби жай күлімдемейді, күлімдеудің мақсаты – жақындарының күлімдеуі. Нәрестелерге күлімдеген адамды көрген ұнайды.