Тәуелсіздікті тойлайық па?

Соңғы 5000 жылда, әлем билеушісі, гегемоны, лидері болдың, ал соңғы 200-300 жылда барып бодандық "нокдаунға" түсіп қалдың...

Енді не бопты, одан сенің қаның өзгеріп кетті ме?

ДНК өзгерді ме?

Бойыңдағы қан, өр рух өзгерді ме?

Жоқ

Ештеңе де өзгерген жоқ

***

Кешегі КСРО ыдыраған кезде, Ресей Қазақстаннан тәуелсіздік алды

Ресей жері - қазақ жері. Московияның негізін салушы қазақтар екендігі бәріне мәлім

Олар біздің жерімізде отырып, көптен бері "квартплата" төлемей отыр

Жақында біздің жігіттер оларды тәртіпке шақырып, өз билігін жүргізеді 

Соңғы 5000 жылда технология, социология, экология, экономикада алдымызға жан салмадық

Жерұйықты іс жүзінде орнаттық

Коммунизмді де, утопияны да іс жүзінде жасадық

***

Біздің әлсіреген кезіміз, соңғы 200-300 арасында ғана. Мұны өзіндік "нокдаун" деп қабылдау керек

Біз нокаут алған жоқпыз. Ештеңе де біткен жоқ

Соңғы қазақ тірі кезінде, ешқандай ақырзаман болмайды

Табиғат дегенің - Қазақ, Қазақ дегенің - Табиғат

Табиғатпен үйлесімде, қоғаммен үйлесімде өмір сүрем десең, қазақ бол

Қазақтың дүниетанымын ал, қазақтың рухына жабыс

***

Сол кезде ҚасСақтың сара жолына түсесің. Алдыңнан шыққан қамалдың алынбайтыны болмайды

Пирамида дегенің қазақтың бір атасы, инк, майя, ацтек дегеніңіз де қазақпен туыс 

Есік қорғанындағы алтын адамның киімі мен Фараонның саркофагы туыс болып отыр

Мұның бәрін мойындамаған күнде, фараондарды қазаққа телімегеннің өзінде, Жерұйықты орнатқан жалғыз халық - қазақ екендігін дәлелдеудің қажеті жоқ

***

Біз тәуелсіздік алмаймыз, біз қалаған елімізге кеңшілік жасап, егемен береміз, басшысы етіп өзіміздің адамдарды қоямыз

Біз тәуелсіздік алмаймыз, керек болса, қалаған елімізге тәуелсіздік береміз

Біз Жердің иесіміз, Тәңір Көк иесі

 

Біз, "Құдай көгін билесін, жеріме менің тимесін" деген елміз

Құдайдың өзі еншісіне көкті алғанда, біз еншімізге жерді алғанбыз

Біз үшін жердің шекарасы жоқ

Біз үшін жердің аласы жоқ

Барлығы қазақ жері, барлығының иесі Қазақ

***

Біздің ерекшелігіміз - Даналық шыңынан басқару арқылы, геноцид, зорлық-зомбылық, ассимиляция жасау секілді амалдарға мұқтаж емеспіз

Біздің ерекше даналығымыз Табиғат анадан бастау алады 

Өзіміз Құдаймыз, өзімізге табынамыз

Құдай көгін еншілегеніне разы болғанбыз, жерге ие болғанымызды қабыл алғанбыз

Ендеше қайдағы тәуелсіздік?

Қазақтың тілі әлем тілдеріне бастау болды

Түркі тілдес дегеніміз - түпкі тілдес болды

Әруағымыз бар, батырамыз, қалың қолымыз бар, қорқытамыз

Досымызды құрметтеп төрге шығарамыз, жауымыздың сағын сындырамыз

***

Біз әруақтанып жорыққа шыққанда, құдайлардың өзі алаңдап тұрады

Жалғыз құдай бізге әу бастан билікті, қуатты, даналықты берді

Оның есебін біз бермейміз. Ешқандай құдай бізден есеп сұрай алмайды

Біздің Ожданымыз ғана бізден есеп сұрай алады

***

Ешбір құдай бізді қорғай алмайды, тек  Намысымыз ғана қорғайды

Ешбір құдай бізді сақтай алмайды, бізді АРымыз ғана сақтайды 

***

Біздің жұмағымыз - жер

Біздің құдайымыз - ел

***

Ұрпақ үшін өмір сүреміз, айналған өмірдің диірменіне су құя жүреміз

***

Қазақ рухы әлемді кезіп жүр, бойыңа қондыруға дайынсың ба? 

Мағжан Жұмабай. От өлеңі

 

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес