Шыңғыс хан түркі тайпасынан шықты ма, жоқ әлде халха - моңғол тайпасынан шықты ма?
Осы жерде бір ескерте кететін жәйт:
Көне түркі мәдениетінің, рухани мұрасының, тілінің, жерінің мұрагері ҚАЗАҚ халқы екенінде дау жоқ
Оны барша түркі әлемі мойындап отыр
***
Ендігі жерде мынадай логикалық сұрақ туындайды:
1. Шыңғыс хан түркі болып шықса, қазіргі қазаққа пайда бере ме?
2. Шыңғыс хан халха-моңғол болып шықса, қазіргі қазаққа пайда бере ме?
***
Түркі тайпалары әлемді билейтін Империяларды құрғаны өтірік емес
Олардың іздері
- ацтек
- майя
- шумер
- фараон өркениетінде
- Еуразиядағы Сақ рухани мұрасында көптеп жатыр.
Латын тіліне негіз болған көне түркі тілі екені ашылып келеді
***
Ал Сақ (Скиф, Ғұн, Көктүрік) аталарымыз - бүкіл Еуразияны билеген
Америкадағы Үндістер де көшпелі түркі тайпалары екені анықталып жатыр
Африкада осыдан 5000 жыл бұрын отырықшы Фараон тайпасы - Пір қауымы билік жүргізді
Оларда да көне түркінің іздері сайрап жатыр
Ол өз алдына үлкен тақырып, ал қазір, Шыңғысханды қозғайық
***
Көне түркілер дүниені биледі, Тәңірінің қамшысы - Бич божий деген атқа ие болды
Ол тарих кітаптарының барлығында жазылған, солай екендігін басқа елдер де мойындаған...
***
Көне түркі - қазіргі қазақ баласының бір қасиеті, бұлар барған жеріне тәртіп орнатып, мемлекет құрып соны билейді
Сөзіміз дәйекті болу үшін жақын тарихтан айтар болсам:
- Барлас баласы, Төре жиені Бабыр сұлтан қазіргі Үндістан мен Пәкістанды біріктірген Ұлы Моғол мемлекетін биледі
- Жалайырлар Иранды
- Қыпшақ Бейбарыс сұлтан Мысырды
- Сары үй құрған (Сары Ұйғыр) - Сарыүйсіндер Қытайды...
- Наймандар Алтайдың арғы жағын
- Керейлер бергі жағын деп қазіргі
- Мосқау батыр Московияны билесе...
- Қаңлылар барып Осман империясын құрды
- Қазіргі Өзбекістандағы халықтың жартысынан көбі қазақ елі екені белгілі
Мысалы: 31 ата Қоңыраттың 25-і Өзбекістан шекарасында тұрып жатыр
Одан бөлек Алшын, Арғын, Найман, Сіргелі, Дулат елдері қазіргі Өзбекістан территориясында
көптеп өмір сүреді
Ол жерлерді де біз билегенбіз
Кешегі жарты әлемді билеген Ақсақ Темір де Найманның Барласынан тарайды
Тіпті, Аққойлы, Қарақойлы деген Сиқымның ішіндегі екі елі Кавказды билеген...
Яғни, Қазақстанның қазіргі шекарасынан тыс жерлердің барлығында билік құрды
Бұл деректерді келтіріп жатқандағы мақсатым, біздің халық - жүрген жерінде мемлекет құрып,
оны басқарудың әдісін әбден алған
Неге біз билік құрамыз?
Себебі, текті адам елді адам етеді, тексіз келсе елді ада етеді
***
Осы жерде айта кететін жәйт, Қазақ деген ұлт емес, ол - Трансұлттық Корпорация
Қас Сақ-пыз , Сақ-Ғұн, Түркі мұрасын, көне түркі мұрасын сақтаушы қазақпыз
Яғни біз - Елдердің идеологиялық бірлігі, өзіндік Федеративті елміз
***
Қазақстан деген елдің өзі, Көне Түркі мұрасын ұстап қалған Елдердің,
қайталап айтайын, рулардың емес, Елдердің бірігуінен пайда болған Мемлекет
Былайша айтқанда федерация субъектілерінің бірігуінен құралған. Қазіргі АҚШ пен Ресей секілді...
***
Осы сөздерден мынаны түйіндесек болады: Көне түркі тайпалары әлемді билейтін кастаны құраған
Билік құру, әділдік орнату деген бұлардың қанында бар дүние
***
Осы әлемдегі доминантты күшті сақтап отырған, сол қуатты өзінің тілінде, мәдени-рухани мұрасында сақтап отырған, Қара Шаңырақтың иесі ҚАЗАҚ халқы екендігінде ешқандай дау болмаса керек
***
Енді логикалық ізімізге қайта түссек...
Мыңжылдықтар бойы әлемді билеп келген Идеологиялық Өркениет сыр береді екен дағы, моңғол-халханың баласын Көне Түркілер өзіне басшы етіп алады екен...
Шыңғыстың қол астында Жалайыр, Қаңлы, Найман, Қыпшақ, Керей, Уақ, Арғын, Үйсін, Қоңырат, Алшын, Сіргелі... бәрі-бәрі отырады екен, сол халха-моңғұлдың бетіне қарап...
***
Шыңғыстың
- нағашысы
- қайын жұрты
- ағайын тумасының барлығы жоғарыда аталған түркі елдерінен болады екен дағы, жалғыз супермен, человек паук, халха-моңғол Шыңғыс хан бәрін жонглерша ойнатып, басқарып отырады екен
Шыңғыстың қоластындағы батыры, нояны, мыңбасы, түменбасы, биі мен бегі... бәрі-бәрі көшпенді түркі тайпаларынан болады екен дағы, жалғыз халха-моңғол супермен, человек паук па, железный человек па бірдеңе, соларға үстемдік құрады екен
***
Бүкіл көшпелі түркілерді жалғыз халха-моңғұл билеп, ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайды екен...
Басында шайнам мыйы бар адам, мына жерде сұрақ қоймас па?
Ол халха-моңғолдың көшпенді түркілерден, олардың мұрагері-қазақтан қай жері артық екен?
Миы ма, ерлігі ме, болмаса супермен, человек паук болғаны үшін бе?
***
Миллиондаған түркіні жалғыз халха-моңғұл билеп отырды деген қай қазаққа, ноғай, башқұрт, қырғыз бен татарға абырой?
Жалпы, түбі түркі тілдес ағайынның, халха-моңғұлдың сойылын соққан, басыбайлы құлы болғансыңдар деген, кімге тиімді?
Әрине біздің сыртқы жауларымызға ғана...
***
Шыңғыс деген халха-моңғұлдың салып берген жолымен елдер
- Алтын Орда
- Ақ Орда
- Көк Орда
- одан қалды Қазақ хандығын құрды
***
Тіпті қазақа хандығының негізін қалап кеткен Керей мен Жәнібек те халха-моңғұлдың тұқымы екен мыс
Төре тұқым Абылайдың өзі халха-моңғұл ұрпағы, Кенесары да халха-моңғұл, қазақ ханының бәрі халха-моңғұл...
Ал Жалайыр, Үйсін, Қаңлы, Найман, Арғын, Алшын, Керей, Қоңырат, Қыпшақ... басқа да елдер, сол халха-моңғұл империясының қызметшілері...
***
Тіпті қазақ жерінің өзі халха-моңғұлдың басшылығымен алынған жерлер, сәйкес соларға тиесілі, қазақ елі моңғұлдың басшылығымен адам қатарына қосылып отырған, өз қолы өз аузына жетпеген сорлы боп кетейін деп тұр емес пе?
Кішкене логиканы қосайықшы
***
Жүзмыңдап әскер шығарып, соны басқаратын өзімізден бір Данышпан шықпады деу, біздің абыройымызды асыра ма?
Путин бір сөзінде айтқан: Қазақ ешқашан ел болмаған, бытыраңқы тайпалар ғана, деген сөзге өзіміз қол қойып береміз бе?
Біз топырлап жүрген далбаңдағандар едік, халха-моңғол басымызды құрап адам етті
Біз әлі де далбаңдаймыз, енді бір орыс патша келіп бас болмаса, өз алдымызға ел бола алмайды екенбіз, өзіміз қаражатты жеп қоя береміз, ол жемқорды тоқтататын миымыз тағы жоқ
Мына жерге ие болуға біз лайық емеспіз деген мойындау қағазына қол қойып берумен тең...
Тіпті кешегі Әлихан Бөкейханның төре тұқымдығын, оның қазақ үшін жан бергенін мойындайтын болсақ,
онда біз: Қазақтың жыртысын халха-моңғұлдан басқа, өз қазағы жыртпайтын тобыр ғанамыз деу емес пе?
***
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:
Шыңғыс хан - көне түркі, көшпелі тайпаның баласы Оны қазақтың рулық елдері ақ киізге көтеріп хан сайлады
Сол көне түркі, қазіргі қазақ елінің мүддесі үшін қызмет қылған азамат
"Көк тәңірдікі - жер қазақтыкі" деген принцип бойынша, жер жүзіне билік құрған, бабаларымыздың салты бойынша
Оның балалары да, немерелері де көне түркі, қазіргі Қазақ жолын жалғастырушылар
***
Маған Рашид ад Диннің, басқа да тарихшы, шежірешінің айтқаны, жазғаны, пікірі қызық емес
Мен мына нәрсені ғана білем
Егер Шыңғысты халха-моңғұл қып шығаратын болсақ, ол біздің абыройымыз үшін үлкен соққы
Шыңғысты моңғұл-халха деу, ол Қиуа мен Қоқанның жерін даулап жүрген сартқа, солтүстік қазақстанды даулап жүрген ресейге,
балхашқа дейінгі жерге дәметіп жүрген қытайға есікті айқара ашып беру деген сөз
***
Шыңғысты моңғұл-халха деу - қазақ өмір бойы тобыр болған, оны сырттан халха-моңғол адам еткен деген сорлы пайымға келісу болмақ
***
Әрі қазақтың рухын сындырып, тілің арап пен парсыдан, одан қалса орыстан құралады екен, басшың моңғұл түп-тұқиянымен
***
Өзгенің құдайына табынасың, моңғұлдың адамына бағынасың
***
Мынадай енапат жерде не істеп жүрсің?
***
Мынадай кезбе, сыған халық мына жерде отыруға лайық емес екенін өзің мойындап отырсың.
Мына елді ел қылғанша, Канадаға көшіп кете сал, жерді босатып деген сөз...
Бос қалған жерге де, жесір келіншекке де ие боп қалатындар жетіп артылады
***
Шыңғыстың тұқымы қайдан екеніне ешкім жауап бере алмайды, өзінің анасынан басқа
Баланың сыры анасына мәлім...
Бірақ, Шыңғыстың істеген ісінің барлығы, қазақтың намысы, қазақтың абыройы Жошы да, Құбылай да, Хулағу да көне түркі тайпаларының ұлдары, қазіргі ҚАЗАҚ
Олардың хандықтарының барлығы Қазақ хандықтары
***
Сондықтан, Шыңғыс хан - көне түркінің баласы, ал түркінің рухани мұрагері қазақ халқы!
Бұдан мен мынадай қорытынды жасап отырмын:
Біз, дүниені билегенбіз, әрі қарай да билей береміз
Дүниені билеуге біздің ғана өреміз жетеді
Жан-жағымызға көз салып, бабамыздың алтын тағына отыратын кез келді
Осыған байланысты: Шыңғыс ханның қазақ екендігінде ешбір қазақтың күмәні болмауы тиіс
Шыңғыс ханды халха-моңғұлдың баласы деу, қазақ сорлы, мемлекет құра алмайтын, басы бірікпейтін ел деп мойындау
Ал шын мәнінде, бәрі керісінше!
Бәрімізге Шыңғыстың жолын берсін, әруағы қолдасын!