Ол үшін, Ақорданың ресми мәлімдемесіне жүгінсек. Цитата:
Күлтегін мен Білге қаған туралы тастағы жазулар тарихымыздың тереңдігін танытады. Батыр бабаларымыз бүкіл Еуразияда ат ойнатқан қуатты мемлекеттер құрды
Мынадан мен, қазақ ұлтшылы ретінде(өз ұлтын сүйетін, өзге ұлтқа құрметпен қарайтын) мынаны түсіндім:
Кезінде ат ойнатып, бүкіл КОНТИНЕНТТЕ мемлекеттер құрғанбыз, керек болса тағы да құрамыз...
Ішім жылып қалды
Келесі цитата:
Алтын Орда орта ғасырдағы алып мемлекет ретінде белгілі. Қазақ халқы осы ұлық ұлыстың тікелей мұрагері болып саналады
Жігіттер, Ұлтшылдың атасы мұнда жатыр емес пе? Қазақстандықтар деген жоқ
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ!!!
Алтын Орданың мұрагері - Қазақ халқы. Сонда, Алтын орданың жері, қазақ халқының жері боп отыр
Алтын Орда Еуразияның жартысынан астамын қамтығанын ескерсек, "Көк тәңірдікі, жер қазақтыкі" дегенді президенттің өзі айтып отыр
Мінеки, Путиннің солтүстіктегі 5 облысқа көз тіккен пропагандасына нақты жауап Керек болса сенің жеріңді тартып алам деп тұр ғой біздің президент
Бір қызығы, сөзінің орысша мәтінінде осы сөздің бірі де айтылмаған
P.S. Мынадай сөзден кейін тоқтамай шабу керек