Алла, Құдай жайлы қазақы мақал-мәтелдер

1. Алла кешірер, аруақ кешірмес

2. Жарымды алған құдайдың келіні мендей жыласын

3. Құдай атқан оңалар, аруақ атқан оңалмас

4. Алланың өзінен аты абыройлы

5. Құдайға қолым жетсе, пайғамбарыңды ұрғаным бар ма?

6. Ұра берсең, Құдай да өледі

7. Аллаңнан ойбайым тыныш

8. Көкте Құдайдың әлі келмейді, жерде құмайдың әлі келмейді

9. Сыйынғаныңнан сүйенгенің күшті болсын

10. Өзің құдай болмаған соң, көрген күнің құрысын

11. Құдай көгін билесін, жеріме менің тимесін

12. Мен Алланың ала танасын ұрлаппын ба?

13. Құдайға жазсаң жаз, көпке жазба

14. Әлі жетпеген Аллашыл

15. Құдайдан қолың босаса, ауылыңа қарай тайраңда

16. Жегенін білмейтін - шұнай, жұтқанын білмейтін - құмай, алғанын білмейтін - Құдай

17. Күштіде тәңірі жоқ

18. Құдай қарғысынан халық қарғысы қаһарлы

19. Осы құдай қайда? Молданың көңілі майда

20. Танысаң - адаймын, танымасаң - Құдаймын

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес