Ғабдолла Тоқайдың Ишан туралы өлеңі

Ишан болып жандары ұшқан екен, білмедім,
Сол ишандар халқына дұшпан екен, білмедім...

Ниеттері елінен алыс екен, білмедім.
Қарсы келген ишанға - намыс екен, білмедім.

Намыскерлер оларды жерлер екен, білмедім,
Елін өрге сүйреуші ерлер екен, білмедім.

Ишандарға қарсылар ноян екен, білмедім.
Ишандарға бас иген қоян екен, білмедім.

Ишандарды қолдаған - сайқал екен, білмедім.
Адастырған ел-жұртын сайтан екен, білмедім.

Айтқандары шетінен жалған екен, білмедім,
Адамдықтан түгелдей қалған екен, білмедім.

Аш бөрінің бұл халық арқауы екен, білмедім,
Ишандарың ел жеген - қорқау екен, білмедім.

Ишан болып жандары ұшқан екен, білмедім, Сол ишандар халқына дұшпан екен, білмедім...

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес