Жаңа Audi R8 V10 performance RWD

Audi жаңартылған  Audi R8 V10 performance артқы жетекті моделін ұсынды

Бұл толық жетекті Audi R8 V10 performance quattro -ға қосымша ретінде шығарылды. Артқы жетегі жарыс прототипі R8 LMS -тен алынған

Жабдықталуына жарыстық "шөміш" орындықтары, SFK стабилизаторлары, керамикалық тежегіштер, динамикалық рульді басқару енеді

Жоғары үйкелісті артқы дифференциал доңғалақ арасындағы тартуды шебер бағыттап отырады

Мотор күші доңғалақтарға 7 берілісті S tronic беріліс қорабы арқылы жеткізіледі 

Audi R8 V10 performance RWD купе версиясының салмағы - 1590 кг, Spyder версиясының салмағы - 1695 кг

Басқа да R8 модельдері секілді, шанағы алюминийден (ASF), карбонмен күшейтілген пластик бөліктерден  (CFRP) құралған

Моторы V10 FSI (отынды цилиндрге тікелей бүрку жүйесі)

  • Күші: 570 ат күші

  • Моменті: 550 Нм

  • 0-100 км/сағ: 3.8 сек

  • Жылдамдық: 329 км/сағ

 

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес