Өскемен қаласындағы «АЗИЯ АВТО» зауыты жаңа KIA Seltos кроссоверін құрастыратын болады. Ол туралы компанияның баспасөз қызметкерлері хабаплады.
Кроссовердің он жинақтамасы бар. Олар – Base, Classic, Comfort екі нұсқада, Luxe екі нұсқада, Style екі нұсқада, Prestige және Premium. Қазақстандықтарға автокөлік 2 куб. см., максималды қуаттылығы 149 а.к. моторымен және клиноцепті вариатормен сатылатын болады.
Жаңа Seltos Қазақстандық сатып алушыларға алдын ала тапсырыс бағдарламасы бойынша 2 наурыздан қол жетімде болады. Модельдің бастапқы құны – 7,69 млн теңгені құрайды.