2.5 моторлы Hyundai Sonata және Toyota Camry седандарын салыстыру.
Автор: Михаил Петровский, ДРАЙВ
Соната 2.5 бағалары 1,74 млн рубльдан басталады. Online базалық нұсқасы тек қана қара түсте болады және аяқ тұрақ тежегішімен қамтамасыздандырылған. Camry 2.5 Стандарт плюс жай маталы салонымен және кәдімгі кілтпен минималды түрде 1 846 000 рубль тұрады. Ешқайсысында рульдік жылытқыш, автотежету системасы жоқ.
Буынның ауысуынан кейін екі литрлі, 150-күшті Соната ең көп сұранысқа ие болды. Бірақ осы жерде көрсетілген жоғарғы Sonata 2.5 Prestige (180 а.к., 232 Н.м, 2 049 000 руб. басталады) көктемнін басталғанынан барлық гамманың ішінен танымалдылығы жағынан екінші болып шықты. Hyundai пресс-паркі тек қана осындай көліктерді ұсынады, бұл ұсыныс Тойота көлігін таңдау кезінде бізге таңдау қалдырмайды – тағы да бізге таныс Camry 2.5 (181 а.к., 231 Н.м) модельімен жұмыс жасаймыз. Салыстыру дұрыс өткізілуі үшін екі бірдей Тойота аламыз, біреуінен тікенексіз Yokohama Ice Guard IG60 235/45 R18 доңғалақтарын аламыз да, Сонатаға орнатамыз.
Қай бампермен бордюрге қоймасақ та, Сонатаның жол үсті биіктігі көбірек. Оның пластиктен жасалған шаң ұстағышының астынан мен 17 см өлшедім, ал Camry-ден 15 см. Капот асты кеңістігі жақсырақ шаң-тозаннан қорғалған. Тойотаның бүйір жағындағы әйнектелген ауданы көбірек екені көрінеді...
...және де алдыңғы бағаналардан бұрышы бостау. Сонатаның алдыңғы әйнегі жылытылмайтындығы аздай, оның әйнек тазалағыштары тазаландырылмаған жолақ қалдырады. Тойотанікі шетіне дейін жетеді. Сонатаның прибор панельіндегі бүйір камерасы картинасы – таза мезгіл ойыншығы
Шынымен, актуальді тест үшін жабдықтандырудағы компромисстарға келісеміз. Тесттік 2 306 000 руб. тұратын Toyota-ның жабдықтандыруы Сонатадан кем емес, - бұл озық артқы диванымен Люкс Safety. Дұрысы, Престиж Safety алу керек, ол біздің Сонатадан бар болғаны 14 мың рубльға қымбат. Осындай Camry қарсыласынан «кедейлеу»: алдыңғы креслолар вентиляциясы жоқ, жүргізуші креслосын баптау жады, көрінбейтін аймақтар мониторингі жоқ. Рульдік колонкасы да корейлік қарсыласынікі секілді механикалық түрде бапталады.
18-дюйм диаметрлі доңғалақтар екі қымбат нұсқаларына орнатылған, бағалары – 1 924 000 рубльден, ал Сонатаға қарапайым 17-дюймдік орнатылады
Айтпақшы, бұл тесттің әрбір қатысушыларының қарсыластары жауап қайтара алмайтындай мықты жақтары бар. Жоғарғы Сонатаға стандартты түрде берілетін жан-жақты қарау системасы, көрсеткіштерді алдыңғы әйнекке проекциялау және де опционалды панорамалық төбе 2.5 моторлы Camry-ге қол жетімде емес. Дегенмен Toyota артқы жолаушыларға орындық электро баптауын, бүйір қауіпсіздік жастықтарын және универсалды басқару пульті бар жеке климаттық зонасын ұсына алады. Бірақ, осының бәрі диван трансформациясы құнымен жасалынған.
Бұл интерьер заманауи және субъективті жағынан алғанда артық формалармен жүктеліп кеткен Camry-дің салонынан кеңірек. Кресло былғарылары қаттылау және біраз жолдан кейін кейбір жерлерінде сынықтар пайда болады. «Автоматтың» түймелік пульты кейбір нарық алаңдарында дистанциялық түрде машинаны брелоктан тұраққа қоюға болады
Менің ойымша, бүгінгі бұл кейіпкерлердің басты айырмашылығы – идеологиялық. Sonata көбінесе көлік иесіне арналған машина. Оның сырт келбеті – жоқ, әдемілігі – батылдығы жолаушыға арналмаған, яғни артқы оң жақ есеге жағынан келетін адамға емес. Градиентті габарит жарықтары және өте көп лакталған табалдырығы көлікті өзі үшін алатын адамның көңілін аударуы керек.
Сонатаның жылдам системасы барлық күткен протоколдарды қабылдайды. Жан-жақты қарау системасына ие болу үшін, Business орындалуына кем дегенде 1 924 000 рубль төлеу керек. Бірақ Camry-дің периметрлі камерасы тек қана V6 қозғалтқышымен бірге пайда болады
Дәл сол адамды таңқаларлық формалы алдыңғы панель, мультимедиалық системаның әдемі интерфейсі, трансмиссия мен микроклиматты басқаруға арналған дизайнерлік блоктар қуантуы керек. Осының бәрі де жалдамалы жүргізуші үшін жасалмаған. Сол уақытта Соната жалдау үшін біраз көбірек төлейтін такси жүргізушісін оңай түсінуге болады – оның ішіндегі атмосфера Camry-мен салыстырғанда азырақ формальды. Егер рульде күні бойы отырса, ұқыптырақ, әдемі салонда отыру керек.
Сонатаның орындықтарының профилі қаттылау. Camry-дегі секілді босаңсытпайды, керісінше, жұмылдырады. Тойота орындықтары жұмсағырақ әрі денені жақсы қалыпта ұстайды. Рульдік колнканы алшақтық бойынша баптау диапазоны кеңірек, ал рульдік шеңбер ұстауға жағымдырақ
Дегенмен, маған бұл бизнестің басқа жағынын экономикасы түсініксіздеу. Мүмкін пікір қалдырушылар «не үшін Сонатаны жалға беруге алу керек», - деп айтатын шығар. Кәсіпқой жүргізушіге 100 000 км жол өту кепілі көп емес. Сонатаның кейбір жерлерінің лимиті одан да аз – 20 мың. Hyundai-дың таксидағы жұмысы «экспулатацияның қиын шарттары» түсінігіне түседі және әрбір 7 500 км сайын көлік майын ауыстырып отыруға міндеттейді. Ал Camry көлік майын 10 000 км сайын ауыстыруға болады.
Бойы ұзын жүргізуші артындағы тізеге қалатын орын екі көлікте ұқсас, ал табанға арналған орын Camry-дің ішінде кеңірек. Төбесі де биігірек, диваны да жұмсағырақ. Бірақ Sonata ғана әйнек төбе ұсына алады. Корейлік седанның шынтақ қолдаушысы жоғарылақ әрі эргономикасы жақсырақ
Сонатаның алдыңғы оң жақ креслосының бүйіріндегі түймелер онымен манипуляцияны жеңілдетеді. Бірақты оны биіктетіп, табанды ыңғайлырақ орналастыруға болмайды. Camry-дан қарағанда диван жылытқышын баптауға болады. Оның артқы жағындағы пульты орындық арқаларын, климатты, музыканы және терезе перделерін басқарады. Бірақ Toyota 167 мың рубльге қымбат
Бірақ егер де Hyundai аз уақытқа болса да, өзіне тежегіш дисктерді айырбастау міндетін жүктесе, Toyota үнсіз келісіммен оны жұмсайтын материалдар ретінде санайды. Және де көлік гарантиясы «агрессивті көлік жүргізу стильі» жағдайларына жауап бермейтінін декларациялайды. Оларға «рұқсат берілген жылдамдықан асыру, өте жылдам старт және тежеу, себепсіз жылдамдық алу мен тежеу және т.б.» жатады. Стикерлер жабыстырылған Сонаталар көшеде пайда болғанына қарасақ, бұл таңдаудың тиімді жағы бар деген сөз. Дилермен немесе лизинг компаниясымен келісімшарт бойынша болуы да мүмкін. Дегенмен, нақты факт: ғаламторда Camry жалға алу ұсыныстарын табу оңайырақ.
Тойотаға тартымды басқаруды реттеу керек: «демифирование» жасалған акселераторы күштік агрегатпен Сонатадағы секілді тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік бермейді. 18 дюймдік шиналы Camry алмаңыз. Олар басқаруды тек сәл ғана жақсартады, бірақта комфорттың басым бөлігінен айырыласыз
Тойота интерьері жайында жүз рет айтылған, бірақ мен ашық түсті салонды мүлдем кездестірмеппін. Жапондықтар белгісіз себептермен ашық түстін екі нұсқасын таңдапты, оның жабығырағы кір секілді болып көрінеді. Онда өте көп әр түрлі фактура бар, салонның әр бөлігіндегі түймелер әр түрлі күшпен басылады, бұл әр түрлі бөлшектерден жасалған машина әсерін қалдырады. Сонатада болса материалдар жақсы таңдалған, және барлық түймелер бірдей жұмсақ басылады.
Ашық түстің екі түрлі нұсқасы – сәтсіз таңдау. Қолғапқа арналған жарықтандырылмаған қораптары және шынтақ қолдаушылары Camry-де сыйымдырақ. USB разъемдары Сонатада көбірек
Система жақсы орындалған, бірақ та... барлығын түймелермен басқарасыз. Bluetooth істейді – оның өзіне рақмет
Сапасы жайлы айтқан кезде, корейлік интерьер мамандарына руль былғарысының сәтсіз таңдауына нұсқамай өте алмаймын. Ол өте қатты резина материалына ұқсайды. Әринде, кейбір адамдарға осындай тегіс орындалу кеуектіден көбірек ұнайды. Және де, мысалға аласақ, Audi немесе Мазданың осындай таңдауы сенімдірек көрінеді, себебі оның текстурасы материалдың қаттылығына сәйкес келеді. Ал Сонатаның руліне ыңғайлылық жетіспейді, оның материалы өте қатты тартылып жасалған.
Сонатада биігірек отырасыз, капоттың алдындағы жол жақсырақ көрінеді. Салонның ішіндегі артқы көрініс айнасына артқы жақтағы бас қолдаушылары аз кедергі жасайды. Руль спицалары Camry-ден қарағанда жіңішке, дұрысырақ ұстауға мүмкіндік береді. Hyundai эффективті тежейді, ұзақ басылатын педальға қарамастан, жылдамдықты азайтуды басқарған ыңғайлырақ
Соната электрлі руль күшейткішімен жасалатын күшейту шынайы емес. Ол көп әсер бермейді, рульді бұрағанда сәл ғана ауысады, реактивті әрекеттің жай ғана имитациясы деуге болады. Руль екі шеткі позициясынынң арасында шамасымен 2,7 рет айналады – бұл көрсеткіш Camry-ден сәл ғана көбірек. Бірақта субъективті айтсам, Сонатаның рулі «ұзынырақ» болып көрінеді, онымен басқару барысындағы жауаптары сабырлырақ болып көрінеді. Бұрылыстарда Hyundai тік тұрады, күш берудің өзгергеніне мән бермейді деуге де болады.
Айта кету қажет. Тікенектендірілген шинамен мұз үстінде көлікті тез жүргізгенде, және тез түрде көлікті басқарғанда Sonata – сенімділіктің өзі. Hyundai езу тартқызбайды, бірақ та сәтсіздікке ұшырмайды. Контрольді бұрылуда шектік жылдамдықтары екі машинада бір-біріне өте жақын
12,3 дюймдік цифрі панель Соната 2.5 Online базалық нұсқасына орнатылмайды, тек қана екінші Elegance 1 824 000 рубльден басталатын жинақтамадан бастап ұсынылады. Базалық жинақтама Тойотадағы секілді. Спорт баптауы динамаикаға қатты әсер етпейді
Ал Camry-ға, біздің сериалдан білетіндеріңіздей, артқы осьтің кинематикалық басқарылуы және сәл массаны қайта тарату тән. Шектеулі баптауда Toyota траекторияны рульмен де газбен де басқаруға мүмкіндік береді. Ол рульмен жақсы басқарылады, және доға бұрылыстарда «тірі», драйверлік автокөліктер әсерін береді. Sonata жол үстінде азырақ қисаяды, тоқтаған кезде алдыңғы жағымен көп төмендемейді, жылдамдық жинаған кезде артқы жағына төселмейді. Осылайша, ол сырғанамайды деуге болады, өте тез жылдамдық жинайды, және 100 км/с жылдамдығын Camry-ден тез жинайды.
Camry сыртынан қарағанда ауыр болып көрінеді, бірақ жол үстінде олай емес. Стабилизация жүйесі Тойотада өшірілмейді, бірақ уақытынан бұрын «алаңдамайды». Сырғанақ тегістікте «жетпістіктің» сырғанауға табиғи бейімділігін жүзеге асыруға болады, бірақ кішкентай бұрыштарда ғана
Кең дисплей қатты көп информация береді деп айта алмаймын, себебі символдар көп орын алады, және де басты приборларды қысып тастайды, соның әсерінен олар рульмен жартылай жабылып тұрады. Жіңішке экранды жинақы панель – қарапайым жинақтамаға пайдасына тағы бір аргумент
Бай жинақтама снарядтталған массасын теңестірді деп айтуға болады, және Hyundai динамикалық жағынан күштірек болып көрінеді, біріншіден, сезімтал акселератордан, екіншіден – қозғалтқыштың дауысы қатты болғандықтан. Оның дауысы салонның ішінде осындай класстағы машина үшін өте көп. Газды қатты басқандағы қозғалтқыштың дауысы тіпті артқы жолаушыларға да қатты болып естіледі. Сонатаның ішінде доңғалақтың дауысы да, сыртқы дауыстар да барлық жылдамдық диапазондарында Camry-мен салыстырғанда қатты естіледі, Camry-де жол тек қана 80 км/с жылдамдығынан кейін алаңдата бастайды.
Sonata-ның артқы жолаушыларына жүргізушіге қарағанда шулырақ, бірақ жұмсағырақ болып көрінеді. Кем дегенде аздаған жол кедергілері пайда бола бастағанға дейін. Hyundai компаниясының айтуы бойынша олардың шиналары нарықта ең шусыз болып табылады. Бірақ көп адамдар көлікі ала салысымен алдымен «шуға қарсы қабат жабыстыруға» барады
«Автомат» режимдерін түймемен басқарған ыңғайсыз, тез басқару сәтінде болған кезде одан да ыңғайсыз. Ауысу Camry-ге қарағанда ұзақтау уақыт алады. Оталдырған соң жолақта ұстап тұру системасын өшіруге тура келеді. Электромеханикалық «ручник» тек қана Camry-дің базалық жинақтамасында
Sonata кез-келген қисық жолдарда қаттырақ жүреді. Көлік бұл жолдың қисық жерлерін барынша білдіртпей өтуге тырысады, бірақ табан астында, қатты орындықтарда бәрібір сезіледі. Қысқа толқынды жолдарда дірілдейді. 20 км/с жылдамдығының өзінде, сәл кедергіден өткенде қатты селкілдейді. Жылдамдықтың артуымен жұмсағырақ жүре бастамайды, ал Тойота болса бұл кедергілермен сирек кездеседі. Camry-дің біртүрлі минусы – теңіз ауруы бар кейбір адамдар осы машинада отырғанда жүректері айнитының айтады.
Жылдамдық артқан сайын Toyota эстакаданың деформацияланған тыртықтарына аз мән бере бастайды. Ал Сонатаға кез келген жолдағы кедергі – оңай емес өмірге шағымдануға себеп болады. Кішкентай жол кедергілерін Hyundai тек асықпай, баппен өтеді
Бестселлер орнына айдан анық түрде үміткер болмайтын Sonata-ның Camry-ден ұсақ-түйектері жағынан да (қызықты болса төменгі жақтағы видеодан көре аласыздар), концептік жағынан да айрмашылықтары көп. Соның қатарында жеке тұтынушымен қарым қатынас модельімен де. Toyota-ға қараңыздар: өте әдемі көлік болмағанымен, ол өзінің жолдағы мүмкіндіктерімен, ыңғайлылығымен баурап алады. Біз редакциямен осыдан өттік. Ал Hyundai болса, өзі ұсына алмайтын заттармен уәде береді.
Сонатадағы климатты басқару орталық консольде жинақтандырылып орналасқан, ал Тойотада барлық салон бойынша орналасқан. Осыған қарамастан Тойотада кресло температурасын баптаған ыңғайлырақ. Ал алдыңғы әйнекті жылытқышты басқару тетігі рульдің сол жағында – жүргізушіге көрінбейтін жерде орналасқан
Сонатаның багажі сыйымдырақ, жүк тиейітін жері кеңірек. Тойотаның бапталатын диваны жинақталмайды. Camry багаж есігінің ішкі жағындағы ыңғайлырақ жабуға мүмкіндік беретін ұстағышпен мақтана алады. Толық размерлі қосалқы доңғалақ Сонатада штапталған, ал Camry-де құйылған
Сонатаның орындалуында ерекшелік байқалмайды, бірақ оның батыл дизайны мен ұқыпты интерьері кері жағын хабарлайды. 2.5 моторлы қымбат нұсқаны жеке қолданысқа сатып алғу – оңай емес шешім. Клиентке жақсы қамтамасыздандыруды «белгілі бір көңіл-күйден айырылған», шулы кузов және шассиға айырбастауға тура келеді. Ол ыңғай немесе көлікті қызықты жүргізуге мүмкіндік бермейді. Белгілі нақты сипаты жоқтығы Сонатаны түсініксіз позицияға қояды.
Camry бүйіріндегі айна айналасындағы шу өзіне 100 км/с жылдамдығынан кейін көңіл аударғызады. Ал Сонатада шамасы осындай жылдамдықта ол бұлдырлаған кейіпте ерекшеленеді
Менің ойымша нақты әрі берік идеяның болмауы – белгілі бір автокөліктің емес, толықтай марканың проблемасы. Hyundai өзінің «туыс» брендтарының арасында әлі күнге өз орынын таба алмай жүр. Тіпті Genesis аяққа тұрда, KIA туралы үндемей-ақ қоюға болады, ал қазір болса олар қазір – қақпа штангасы секілді, ол жерге Hyundai әрдайым соғуы керек, бірақ әрбір екінші мүмкіндік сайын салады. Camry-ді шынайы дуэльге тек қана белгілі бір идеялық машина шақыра алады, ал Сонатаның авторларына осы спецификалық сегмент жайлы түсінік әлі жетіспейтіндей.
Құжаттама деректер
Модель |
Hyundai Sonata 2.5 |
Toyota Camry 2.5 |
---|---|---|
Кузов |
||
Кузов түрі |
седан |
седан |
Есіктер/орындақтар саны |
4/5 |
4/5 |
Ұзындығы, мм |
4900 |
4885 |
Ені, мм |
1860 |
1840 |
Биіктігі, мм |
1465 |
1465 |
Доңғалақ базасы, мм |
2840 |
2825 |
Алдыңғы/артқы колея, мм |
1624/1635 |
1575/1565 |
Жүргізушісіз масса (DIN), мм |
1484-1618 |
1555-1625 |
Толық массасы, кг |
1980 |
2030 |
Багаж көлемі, л |
510 |
493 |
Қозғалтқыш |
||
Түрі |
бензинді |
бензинді |
Орналасуы |
алдында, көлденең |
алдында, көлденең |
Цилиндр саны мен орналасуы |
4, қатарда |
4, қатарда |
Клапан саны |
16 |
16 |
Жұмыс көлемі, см2 |
2497 |
2494 |
Макс. қуат, л.с./об/мин |
180/6000 |
181/6000 |
Макс. айналдыру момент, Н.м/об/мин |
232/4000 |
231/4100 |
Трансмиссия |
||
Түрі |
автоматты, алтысатылы |
автоматты, алтысатылы |
Привод |
алдыңғы |
алдыңғы |
Жүрістік бөлігі |
||
Алдыңғы аспасы |
тәуелсіз, пружиналы, McPherson |
тәуелсіз, пружиналы, McPherson |
Артқы аспасы |
тәуелсіз, пружиналы, көптұтқалы |
тәуелсіз, пружиналы |
Алдыңғы тежегіш |
дискілі вентиляциялы |
дискілі вентиляциялы |
Артқы тежегіш |
дискілі |
дискілі |
Рульдік басқару |
төрткілдеш, электро күшейткіш рульдік валда |
төрткілдеш, электро күшейткіш рульдік механизмде |
Шиналар |
235/45 R18 |
235/45 R18 |
Жол саңылауы, мм |
155 |
155 |
Эксплуатация көрсеткіштері |
||
Максималды жылдамдық |
210 |
210 |
0-ден 100 км/с дейін жылдамдық жинау уақыты, с |
9,2 |
9,9 |
Жанармай шығыны |
||
- қалалық цикл |
11,4 |
11,5 |
- қала сырты циклі |
5,5 |
6,4 |
- аралас цикл |
7,7 |
8,3 |
Экологиялық класс |
бесінші |
Бесінші |
Жанармайлық бак сиымдылығы, л |
60 |
60 |
Жанармай |
АИ-92--98 |
АИ-92 |
Жинақтамалар
Базалылық қамтамасыздандыру |
Hyundai Sonata 2.5 |
Toyota Camry 2.5 |
Фронтальді қауіпсіздік көпшігі |
+ |
+ |
Бүйір қауіпсіздік көпшігі |
+ |
+ |
Үрленетін «перделер» |
+ |
+ |
Динамикалық стабилизация жүйесі |
+ |
+ |
Руль асты «жапырақтары» |
+ |
- |
Шина қысымын бақылау |
+ |
+ |
Электромеханикалық тұрақ тежегіші |
- |
+ |
Жауын-шашын датчигі |
+ |
+ |
Жарық датчигі |
+ |
+ |
Жарық диодты фаралар |
+ |
+ |
Әйнек тазалау аймағын жылытқыш |
- |
+ |
Тұрақ датчиктері алдыңғы және артқы |
+ |
+ |
Артқы көрініс камерасы |
+ |
+ |
Борт компьютері |
+ |
+ |
Круиз-контрольі |
+ |
+ |
Екі зоналы климат-контроль |
+ |
+ |
Дистанциялық басқарумен орталық бекіту |
+ |
+ |
Салонға кілтсіз қатынас жүйесі |
- |
+ |
Мультифункциялы рульдік шеңбер |
+ |
+ |
Биіктігі және жақындығы бойынша бапталатын рульдік колонка |
+ |
+ |
Жылытқышы бар баптау және жиналу электроприводты сыртқы артқы көрініс айналары |
+ |
+ |
Салон ішіндегі электрохромды айна |
+ |
+ |
Жүргізуші орындығының электро бапталуы |
+ |
- |
Жүргізушінің бел қолдаушысының электро бапталуы |
+ |
- |
Алдыңғы орындықтар жылытқышы |
+ |
+ |
Артқы орындықтар жылытқышы |
+ |
- |
Сенсорлы экранды медиасистема |
+ |
+ |
MP3 қолдайтын CD-магнитола |
+ |
+ |
Bluetooth |
+ |
+ |
Android Auto |
+ |
- |
Apple CarPlay |
+ |
- |
Алдыңғы жолаушыларға зарядтау розеткалары |
1 USB-A |
1 USB-A |
Артқы жолаушыларға зарядтау розеткалары |
1 USB-A |
- |
Смартфонды сымсыз зарядтау |
- |
+ |
12V розеткасы |
- |
+ |
Рульді былғарымен қаптау |
+ |
+ |
Салонды былғарымен және жай матамен қаптау |
+ |
- |
Ұрлауға қарсы сигнализация |
+ |
+ |
Құйма доңғалақ дисктері |
+ |
+ |
Толық өлшемді қосалқы доңғалақ |
+ |
+ |
Hyundai Sonata 2.5 қосалқы жабдықтамасы |
||
Prestige орындамасы |
309 000 |
|
Автотежегіш жүйесі |
||
Активті круиз-контрольі |
||
Жолақтан шығуды ескерткіш жүйе |
||
Жолақта ұстап тұру жүйеісі |
||
Жолақ бойынша жүргізу жүйесі |
||
Көрінбейтін аймақтарды мониторлау жүйесі |
||
Тұрақтан артқы жүріспен шығу көмегі жүйесі |
||
Жүргізушінің шаршауын бақылау жүйесі |
||
Қозғалыс режимін ауыстыру жүйесі |
||
Айналаға қарау камералары |
||
Проекциялық дисплей |
||
Фара жарықтарын автоматты түрде ауыстыру жүйесі |
||
Прибордың электро санақтамасы |
||
Смартфонды сымсыз зарядтау |
||
Интерьеді атмосфералы жарықтандыру |
||
Алдыңғы орындықтар электро бапталуы |
||
Жүргізуші креслосы және айналардың бапталу жады |
||
Алдыңғы орындықтар вентиляциясы |
||
Алдыңғы жолаушы орындығының қосалқы басқару блогы |
||
Руль шеңберін жылытқыш |
||
Электромеханикалық тұрақ тежегіші |
||
Салонды былғарымен қаптау |
||
Артқы әйнектегі күннен қорғайтын перде |
||
Артқы бүйір әйнектердегі күннен қорғайтын перде |
||
Жол жағдайын көрсететін навигациялық жүйі |
||
12 динамикалық Bose аудиосистемасы |
||
Құйылған доңғалақ дисктері 18 дюйм |
||
Панорамды төбе |
50 000 |
|
«Перламутр» түсі |
15 000 |
|
Toyota Camry қосалқы жабдықтамасы |
||
Люкс Safety орындамасы |
|
439 000 |
Автотежегіш жүйесі |
||
Активті круиз-контрольі |
||
Жолақтан шығуды ескерткіш жүйе |
||
Жолақта ұстап тұру жүйеісі |
||
Жолақ бойынша жүргізу жүйесі |
||
Көрінбейтін аймақтарды мониторлау жүйесі |
||
Тұрақтан артқы жүріспен шығу көмегі жүйесі |
||
Жүргізушінің шаршауын бақылау жүйесі |
||
Фара жарықтарын автоматты түрде ауыстыру жүйесі |
||
Смартфонды сымсыз зарядтау |
||
Салонға кілтсіз қатынас жүйесі |
||
Артқы жолаушыларға екі заряд розеткалары (USB-A) |
||
Үш зоналы климат-контроль |
||
Алдыңғы әйнек жылытқышы |
||
Руль шеңбері жылытқышы |
||
Артқы орындықтар жылытқышы |
||
Биіктігі және жақындығы бойынша бапталатын рульдік колонка |
||
Алдыңғы орындықтар электро баптауы |
||
Жүргізуші орындығы, айна және рульдік колонка бапталуының жады |
||
Алдыңғы орындықтар вентиляциясы |
||
Артқы орындықтардын ұзындығы бойынша және арқаларының бұрыштары бойынша баптау |
||
Салонды былғарымен қаптау |
||
Артқы әйнектегі күннен қорғайтын перде |
||
Артқы бүйір әйнектердегі күннен қорғайтын перде |
||
Навигациялық жүйе |
||
9 динамикті JBL аудиосистемасы |
||
Құйма доңғалақ дисктері 18 дюйм |
||
«Металлик» түсі |
21 000 |
|
Базалық жинақтама бағасы, рубль |
1 740 000 |
1 846 000 |
Тесттен өткен автокөлік бағасы, рубль |
2 139 000 |
2 306 000 |
Sonata техникасы
Никита Гудков
«Сегізінші» Сонатаның заводтағы коды – DN8. Үшінші буындағы модульдік платформаның ең басты артықшылығы – гибридизация және электрификацияның озық мүмкіндіктері, соның қатарында сутекті жанармай элементтерін қолдану
Екі рама асты қолдаушылары күшейтілген. Барлық автомобиль аспаларының кинематикасы қайтадан өңделіп жасалынған. Алдыңғы Макферсонда ұзындық бойынша бұрылыс бұрышы үлкейтілген. Рульдік рейка сәл жоғары орналасқан. Күшейткіш электромоторы валда орналасқан. Артқы көпрычагтыда астыңғы рычагтарданг қарағанда бір-бірінен алшақ орналасқан
Кузовтың күштік орнатылымы краш-тест талаптарын сақтай отырып қайтадан жасалынған. Бұл жерде сөз тек қана соққы күшінің таратылу жайында емес (сол жақ иллюстрацияда). Соғылғанда аударылатын сәт азайтылған, осының салдарынан қауіпсіздік көпшігі тезірек ашылады. Осындай апатта алдыңғы доңғалақтар оңай түрде бөлінеді: диск кузовқа деформация бермейді, ал автокөлік соққыдан кейін домаламайды. Ыстық штампталған элементтер саны 16-дан 21-ге дейін өскен. Кузовтың массасы 24 кг немес жеті пайызға азайды
Жаңа платформа дірілдеу мен шуларға қарсы шаралар комплексін уәде береді. Олардың ішінде – элементтер қатарының қаттырақ қосылуы, тегіс элементтер ауданы көбейтілген тегіс еден қабаты, қосалқа изоляция материалдары. Жанармайлық бак он литрге азайған, 60-қа дейін
Жаңа атмосфералық мотор 2.5 MPI Smartstream (180 а.к.) Theta отбасының үшінші буынына жатады. Бұл көп жұмыстан өткен бұрынғы қозғалтқыш, роликті клапан итергіштерімен (гидрокомпенсатормен), екі клапанды май насосы және электронды басқарылатын термостат. Бұрынғы Сонатаның 2.4 GDI қозғалтқышымен салыстырғанда, бұл жердегі бүрку таратылған, тікелей емес. Қысу дәрежесі – 10.5:1, АИ-92 жанармайын қолдануға болады, бірақ та Hyundai қызметкерлері 95-іншіні құюға кеңес береді
Camry техникасы
Никита Гудков
Toyota New Global Architecture (TNGA) – бұл модульдер мен компоненттер жинағы, оның көмегімен бір-біріне өте жақын, бірақ та айырмашылықтары бар, әр түрлі приводтармен жеңіл көлік (кроссоверлер де соның ішінде) «арбаларын» жасауға мүмкіндік береді. TNGA еден элементтерін, табалдырықтарды, қозғалтқыш бөлімін біріктірді, олар стандартты аспа «кубиктармен» және ұзындықтары бойынша әртүрлі еденнің артқы бөліктерімен қосалқыланады
Көлік аспасы GA-K платформасына жаңада жасап шығарылған: алдында – McPherson бағандары, артында – көп рычагтылар. Алдыңғы буындағы Camry-ге қарағанда, жаңа машинадағы JTEKT электрокүшейткіші рульдік валда емес, рейкада орналастырылған
Өте берік темірдің кеңінен қолданылуы тек қана кузов массасы төрттен бір бөлігіне жеңілдете қоймай, оның беріктігін 30%-ке арттырды. Лазерлік дәнекерлеу де осыған көмек болды
Уақытпен тексерілген атмосфералы 2AR-FE «төрттіктерінің» екі тарату валы да газ тарату фазасын баптау механимзмімен қамтылған. Қуат беру жүйесі – таратпа бүркумен. Эффективті қабылдау түтігі ұзындығы екі коллектор бөлігінің арасында орналасқан клапан орнымен анықталады. Қозғалтқышта алюминийден жасалған гильзалы цилиндр блогы қолданылады – гильзалар блок материалына құйылған. Поршеньдар – құйылған, байланыстырушы өзекпен жалғасады. Мотордың массасы 147 кг, қысым дәрежесі – 10.4
Кадр артында
Тестке арналған экспериментальді видео – біздің салыстыру бағасын бейнеге түсіріп алу мүмкіндігіміз. Негізінде бұл жұмыс кадрдан тыс қалады, ал дәстүрлі видеороликтарды біз тек қана барлық ақпараттарды зерттеген соң ғана түсіреміз. Бұл жерде тақырыптын өзі қызықсыздау, осыны себеп ретінде ала отырып, жаңадан бір нәрсе жасап көргіміз келді. Өте көп күш кетіре отырып, тоғыз сағаттай жалғасқан түсірілімді 35 минутқа дейін сыйғыздық – соның өзінде бұл форматтың болашағы бар екеніні сенімді емеспін. Ал сіз қалай ойлайсыз?