Біріккен Араб Әмірлігі АҚШ - пен жасалатын мультимиллиардты келісімшартты тоқтата тұрмақ. Өйткені АҚШ Huawei Technologies Co. коммуникациялық құрылғыларының БАӘ жерінде жұмыс жасауына қарсы болып отыр
***
Басында АҚШ, араб еліне Қытай технологияларының сатылуына шектеу қойған болатын
БАЭ ресми өкілінің мәлімдемесі:
"F-35 сатып алу жөніндегі әрекеттерді тоқтата тұрамыз. Техникалық талаптарды, жекелеген шектеулерді, шығыс пен табыс анализдері, келісімшартты қайта бағамдауға мүмкіндік берді. АҚШ біз үшін жойғыш ұшақтар паркін толықтырудағы басты әріптес боп қала береді"
***
АҚШ мемлекеттік департаменті болса, "БАӘ мен 2020 жылғы тамыз айындағы Израильмен арасындағы қарым-қатынаста американдықтардың араағайындығының басты себебі, араптардың F35 кешенді жүйесін сатып алулары" деді
***
Қарапайым тілмен айтқанда, БАӘ Израильмен қарым-қатынасын жақсартқысы келсе, F-35 ұшақтарын сатып алуы керек.
Сатып ала берейін десе, АҚШ қытайдың коммуникациялық технологиясын алғызбай отыр...
Екінші жағынан, F35 - арабтарға сатылған ең жоғары технологиялы қару болғалы тұр.
***
Даудың басы қытайлық Huawei Technologies Co. араб әмірліктеріне коммуникациялық технологиялар орнатуынан басталып отыр.
АҚШ жағы болса, қытайлық компаниялардың БАӘ жерінде коммуникациялық құрылғыларының орналасуына үзілді-кесілді қарсы.
Өйткені, қытайлық құрылғылардың америкалық әскери жүйелердің қызметіне кедергі келтіретін мүмкіндігі бар деп есептейді американдық тарап.
***
АҚШ мемлекеттік хатшысының аймақтық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісінің орынбасары, Мира Резник:
"F35 - біздің әуе күштеріміздің тәжінің жақұты. Біз өзіміздің барша әріптестеріміздің технологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіспіз"
***
БАӘ тарабы болса, өздерінің негізгі сауда әріптесі Қытай мен стратегиялық одақтасы АҚШ арасында, екеуінің бірін таңдау мәжбүрлігіне тап болғанына қынжылу білдірді.
"Бізді қынжылтатыны, өткір бәсекелестік пен жаңа салқын соғыстың арасындағы сызықтың жіңішкелігі... Біз секілді шағын елдердің бұл текетіресте дауысы шықпайды"
деді БАӘ басшылығының дипломатиялық кеңесшісі Анвар Гаргаш