Сіздің денеңіз және санаңыз туралы белгі беретін түс көрудің 14 ерекшелігі

Адамдар монохромды, түрлі-түсті және ақ түстер көре алады.

 

 

• ХХ ғасырдың 40-шы жылдары сауалнамадан өткен американдықтардың үштен бір бөлігі тек қана ақ-қара түстер көретінін алға тартқан. ХХІ ғасырдың бас кезінде жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, 25 жас шамасындағы адамдар түрлі-түсті түстер көретінін, ал 50-ден асқан азаматтар монохромды түстер көретіні дәлелдеген. Бұны ғалымдар техникалық прогресспен байланыстырды. Түстердің ақ-қара болуына сол кездегі ақ-қара түсті теледидарлар әсер еткен деп болжамдайды. Түрлі-түсті теледидарлар, сонымен қатар, компьютерлер мен смартфондардың пайда болуымен адам миы басқаша жұмыс істей бастаған. Дегенмен, бүкіл әлем бойынша 12% адам монохромды түстер көреді.

• Бірақ, сарапшылар түстің ақ түрін атап көрсетуді жалғастыруда. Егер адам түсінде не көргенін есінде толық сақтамай, нақты айта алмаса, ол түстін ақ түрін көрген деп болжайды. Ғалым Питер Фазекас өзінің «Әр түрлі түстерден жасалынған ақ түстер» кітабында бұл құбылыс туралы егжей-тегжейлі айтады.

• Темекі шегуді тастаған адамдар темекі шегетіндерге немесе өмірінде ешқашан темекі шекпегендерге қарағанда әлдеқайда айқын түстер көреді. Себебі, адам темекі шегуді тоқтатқан кезде, ми жоғалған серотониннің орнын толтыра бастайды және оны қажет болғаннан көп мөлшерде өндіреді. Бұл айқын, әрі қорқынышты түстер көруге әкеледі.

• Сонымен қатар, құлағы нашар еститін адамдар өте айқын түстер көреді. Есту қабілетінде әртүрлі ауытқулары бар адамдардың түстерін зерттегенде, олардың сенсорлық көрсеткіштері (ауырсыну, дәм) және эмоциялары жақсы еститін адамдарға қарағанда күшті екендігі анықталды.

Түсінде адамдардың пайда болуының өзіндік ережелері бар

 

• Түсінде басқа әйелдерді көрді деп, көбінесе әйелдер ер адамдарды айыптап жатады. Шын мәнінде, ерлер түсінде әйелдерге қарағанда, ерлерді көп көреді. Үш түстің екеуінде ерлер біреумен соғысып жүреді немесе пікіталас өткізеді. Ал әйелдердің түсінде ерлер мен нәзік жандылардың саны бірдей.  

 • Ал, түсімде мүлде бейтаныс адамды көрдім дей айту – жалған. Түсімізге кірген адамдардың барлығын біз шын өмірде бір рет болсын көргенбіз. Миымыз ол адамды есте сақтауға мүмкіндік бермеді де, ол адамның бейнесі санамызда қалып қалды. Ол кездейсоқ жолаушылар, теледидардан көрген адамдар және т.б. болуы мүмкін. Біз өмірімізде миллиондаған бейтаныс адамдарды көреміз, сондықтан, миымыз «адам түсінің актерларына» мұқтаж болмайды.

 

Адам түсі шынайы өмірге бой ұсынуға көмектеседі және адам психикасы жайлы ақпарат береді.

 

• Көп жағдайда, түсімізде аз да болсын мазасыздық сезінеміз. Түсімізде позитивті эмоциларға қарағанда, теріс эмоцияларды жиі көрінеді.

• Шынайы өмірде ауыртпалық әкелетін жайттарды түсінде көру арқылы, адамдар соған мойын ұсынуды үйренеді. Түсінде не көргенін есте сақтамаса да, түсінде эмоциясын сыртқа шығару арқылы, оянғаннан кейін өздерін жақсы, жеңіл сезінеді.

• Психологиялық тұрғыда дені сау адам үнемі түс көреді, бірақ, оянған соң ұмытып қалып жатады. Мүлде түс көрмеу психикалық ауытқулардың барын көрсетеді. Тым қатыгез түстер миы қызметінің бұзылуын білдіреді.

• Кеш ұйықтауды, әсіресе түнде жұмыс істеуді ұнататындар мазасыз, әрі қорқынышты түстер көреді. Ал, ерте ұйықтауды таңдайтын адамдардың түсінде жағымды, позитивті оқиғалар мен эмоциялар орын алады.

Ұйқы және физикалық денсаулық өте тығыз байланысты.

 

• Адам қорылдаған кезде түсінде ештеңе көрмейді. Ұйқы мен қорылдау процесстері бір-бірімен қатар жүрмейді.

• Жаңа туған сәбилер өте көп ұйықтайды, шамамен, бір тәуліктің 70% ұйқымен өткізеді. Сонымен қатар, ересектерге қарағанда ұйқының белсенді фазасында әлдеқайда көп уақыт болады. Бұл баланың дамуында үлкен рөл атқарады. Сондықтан, өмірінің алғашқы жылдарында сәби миының жақсы жұмыс істеуі үшін ұйқының маңызы зор.

• Спортпен шұғылдану, әсіресе, кардио жаттығулар жасау – түн ұйқысының жақсы, әрі тыныш болуына ықпал етеді.

• Адамдардың шағын тобы – жер шарының жалпы халқының шамамен 1% -ы үшін бірнеше сағаттық ұйқы жеткілікті болып табылады. Белгілі бір гендегі мутация осыған жауап береді деген теория бар. Бірақ еріктілер арасында жүргізіліп жатқан зерттеулер бұл теорияны әлі растамады.

Сіздің соңғы көрген түсіңіз қандай?

Көрген түстеріңізді есте сақтайсыз ба?

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес