Ашура күні ет асып...

 

Бір жеңгеміз, "Ашура күні ет асып, жұртқа тамақ беріп жатырмын" дейді.

Содан ойға келдім,

- Адайдың түрікпеннің бетін қайырған күні

- Қаракерей Қабанбайдың жоңғардың бетін қайырған күні

- Шапырашты Наурызбайдың жекпе-жекке шыққан күні

- Аңырақайда жеңіске жеткен күн,

ең берісі: 

- Әлия мен Мәншүктің ерлік жасаған күні, қайтыс болған күні" деп неге ас бермейді?

- Ақтабан шұбырындының басталған күні, яки аяқталған күні деп неге ас бермейді?

 

Көрдіңіз бе, идеологиядан ұтылып, өз асылымызды ұмытып, бөтен елге құл боп кеткеніміздің көрінісі бұл.

 

***

Араптың ашура күні, сашура күні не керек?

Неге Егемендік күніне садақа бермейді?

Дым таппаса оралман бауырларымыздың елге келген күні деп ас берсін.

 

***

Діндарлар "Әке-шеше риза болмай, Құдай риза болмайды" дейді...

Кейде ойланам, осы араптың мың шалы мен еврейдің мың шалын айтқанда Құдай риза бола ма, әке-шешеміз риза болмай тұрып?..

Араптың мың шалы мен еврейдің мың шалын айта беру кімге керек?

Онан да әке-шешемізді риза қылатын жағына көшейік.

***

Не себепті әке-шешеңнің, ата-бабаңның суретін жасама, суретін шығарма дейді. Адамдар араптың шимай жазуын авасына қойып, үйіне іліп қойып жатады.

Меніңше бұл да бағындырудың бір түрі.

Әкесі мен шешесінің, атасы мен бабасының әруағына бағынбай, ана арапша жазуға бағынып кеткен. 

 

***

Қазақта сөз бар: "Арыстанның тері бағасы да, тірі бағасы да бірдей", "Әке мен шешеге кәрілік жоқ" деген.

Тірісінде әке-шешең қолдап тұрса, өткеннен кейін де саған тілеулес болып, желеп-жебеп тұрады ғой сені жеті атаң мен жеті әжеңнің әруағы.

Сонда араптың жазуынан, ата-әжеміздің суреті кем болғаны ма?

 

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес