Армысың менің арайлап атқан ақ таңым,

Керемет қандай нұрыңды төгіп-шашқаның.

Жаңадан бәрі түн құшағынан шыққандай,

Оянып әлем, тіршілік қайта басталды.

Самалмен мынау ырғалып өскен аққайың,

Сыбырлап маған жан сырыңды ақтардың.

Күн көзі қандай керемет еді шуақты,

Қуанып таңды құшағым жайып қарсы алдым.

 

Жаңадан міне басталды қайта тіршілік,

Жүрегім менің толқысып тұрды құлшынып.

Жайдарлы сәттей аңсадым мына күндерді,

Тек алға келем, адымдап басып ұмтылып.

 

Ағаштар анау еңсесін бәрі көтерген,

Құстар да сайрап айналасын көмкерген.

Тамаша күнге тамсанып дала төсінде,

Жан дүнием менің жүргендей болды гүл теріп.

 

Керемет бәрі, құлпырған менің айналам,

Өзіне тартар сұлулық тұнған бай далам.

Көңілім менің көктемгі сәттей нұрланып,

Табиғат саған ынтығып келем қайтадан.

 

Құлпырған әлем құшаққа мені алғандай,

Қуаныш толқып,кеудеме менің толғандай.

Бүгінгі күнді бақытты жандай сезіндім,

Арулар маған гүл шоғын ұсынып тұрғандай,

Табиғат сыршыл күмбірлеп күйін шерте ме,

Айтарың болса айта бер  мына еркеңе,

Рахмет саған тартымды әсем табиғат,

Басымды ием кең байтақ туған өлкеме!

 

Сәкен Қожатайұлы

Ұзынағаш ауылы

 

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес